Әрбір үйге барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді
Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылында «Есіктен есікке» атты акция өтті. «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Насиба Атабаева, Жанат Тоғайбекова, Мұрат Садуов, Данияр Юнусалиев Оранғай ауыл көшелерін аралап, тұрғындармен кездесті.
Әрбір үйге барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда 12 ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде. 6 этномәдени орталық қызмет етеді. 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретін болады.
