«Nur Otan» жастардың өз бизнесін ашуына ықпал етеді
Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында «Есіктен есікке» атты акция өтті. «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Жанат Тоғайбекова, Насиба Атабаева, Мұрат Садуов, Данияр Юнусалиев Шаға ауылының көшелерін аралап, тұрғындармен кездесті.
Әрбір үйге барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 50 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін жағдай жасайды, қаладағы шаруа қожалықтары және ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы тіркеудегі жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі, «Жас кәсіпкер» жастар бизнес бастамаларының бағдарламаларын іске асыруға және жыл сайын кемінде 10 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына ықпал етеді.
