Мазмұнға өту

Жаңа

"Есіктен есікке" акциясы Жаңа Иқан ауылында жалғасты

"Есіктен есікке" акциясы Жаңа Иқан ауылында жалғасты. Онда «Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Талғат Садуов, Үсенбек Рахмет, Нұрлан Байкенжеев, Қайрат Зайнишев, Сәуле Дәлдекеева, Ирода Мұхаммеджанова әрбір үйді аралап сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
152

Ауылдық медицина материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіледі

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Сержан Байсбаев пен Мақсұт Гайруллаев Шаға ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдық клубта өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.

Тұрғындарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту жұмыстарына ықпал етеді.

0
0
176

Түркістан облысы тұрғындарын 2025 жылға дейін 100 пайыз тұрақты, сапалы ауыз судың қолжеткізу

Біріккен Ұлттар Ұйымының "Тұрақты даму мақсаттары" деп аталатын халықаралық бағдарламасы бар. Мен 2020 жылдан бастап еліміздегі Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының көшбасшысы қоғамдық қызметін қатар алып жүрмін. Сол құжаттағы басты мақсаттардың бірі - адамзатты 2030 жылға дейін тұрақты, сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етуге жағдай жасау.Түркістан қаласында жастармен ауыз суды үнемді пайдалану мақсатында "Судың да сұрауы бар" волонтерлық қозғалысын тұрақты түрде ұйымдастырып отырамыз. Түркістан қаласындағы барлық қызмет көрсету ғимараттарында біздің суды үнемдеуге бағытталған ақпараттық насихаттарымыз ілінулі, сондай-ақ тұрақты түрде жаңартылып отырады.Ал мен тікелей халықпен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырған Ордабасы ауданының Сарытоғай, Кемер, Нұра елді мекендерінде - 2021 ж…

0
0
278

Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Талғат Балабиев, Мамирхан Юлдашев, Қайрат Зайнишев, Дина Бекмурзаева, Мақпал Әбішева ZOOM платформасы арқылы тұрғындармен кездесті. Онлайн өткен кездесуде сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

0
0
141