Түркістан облысы тұрғындарын 2025 жылға дейін 100 пайыз тұрақты, сапалы ауыз судың қолжеткізу
Біріккен Ұлттар Ұйымының "Тұрақты даму мақсаттары" деп аталатын халықаралық бағдарламасы бар. Мен 2020 жылдан бастап еліміздегі Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының көшбасшысы қоғамдық қызметін қатар алып жүрмін. Сол құжаттағы басты мақсаттардың бірі - адамзатты 2030 жылға дейін тұрақты, сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етуге жағдай жасау.Түркістан қаласында жастармен ауыз суды үнемді пайдалану мақсатында "Судың да сұрауы бар" волонтерлық қозғалысын тұрақты түрде ұйымдастырып отырамыз. Түркістан қаласындағы барлық қызмет көрсету ғимараттарында біздің суды үнемдеуге бағытталған ақпараттық насихаттарымыз ілінулі, сондай-ақ тұрақты түрде жаңартылып отырады.Ал мен тікелей халықпен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырған Ордабасы ауданының Сарытоғай, Кемер, Нұра елді мекендерінде - 2021 жылы, Қарабастау, Аққойлы, Қызылсеңгір, Ақсары, Қараспан елді мекендерінде - 2022 жылы, Бейсен, Сарыарық, Ынтымақ, Мәдениет, Мақташы, Жұлдыз елді мекендеріне - 2024 жылы сапалы ауыз су жүйелері іске қосылатын болатын. Бұл жоспардың орындалуы әрдайым бақылауымда болады.#жеңімпазбол #сайлау2021 #маслихат #МыЛидерыЦУР
