Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауылдық медицина материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіледі

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Сержан Байсбаев пен Мақсұт Гайруллаев Шаға ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдық клубта өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.

Тұрғындарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту жұмыстарына ықпал етеді.

0
0
145

Осы тақырып бойынша

Ауылдық медицина материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіледі - Yvision.kz