Мазмұнға өту

Жаңа

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар

Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу жағдайында еліміз серпінді экономикасы, тұрақты саяси институттары және дамыған азаматтық қоғамы бар мемлекет ретінде біртіндеп орнықты даму жолына түсуде. Коронавирус пандемиясының әсеріне байланысты туындаған құбылмалы, тұрақсыз ахуал күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешуде инновациялық тәсілдерді қажет етеді. Сондықтан да, қоғам "Nur Otan" партиясына жаңа идеялар мен білікті кадрлардың генераторы ретінде үмітпен қарайды.Бүгін "Nur Otan" партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдықт округі, Қ.Пернебаев ауылында "Тұран" шаруа қожалығында болдым.Құс өсірумен айналысып жатқан қожалықтың иесі Нұрлан Нахиповқа партиямыздың сайлауалды…

0
0
165

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар

Найман-Бұхарбайдағы жұмыс сапарым жалғасуда. Мұндағы ауа-райы, атмосфера өзіме ұнап жатыр. Ескі үйлер, мыңғырған малдар, айналаңдағы табиғат көрінісі бәрі-бәрі өзгеше сезімге бөледі.

"Nur Otan" партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде бұл ауылда үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жасап жатырмын. Бүгін заставада жұмыс жасайтын ауыл тұрғыны Мұхтар Темірбаевтың шаңырағында болып, партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Сондай-ақ, 10 қаңтарда өтетін сайлауда партиямызға дауыс беруге шақырдым.

0
0
164

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар

Найман-Бұхарбай ауылын біріңіз білсеңіздер, біріңіз білмейсіздер. Бұл Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты, алайда Шардара ауданының маңында орналасқан малшы, шопандардың ауылы.

"Nur Otan" партиясы еліміздің әрбір тұрғыны үшін қызмет көрсетіп келеді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде аудан орталығы Мырзакент кентінен 200 км ұзақтықта орналасқан Найман-Бұхарбай ауылына жұмыс сапарымен бардым.

Ең алдымен осындағы Кеңес Сапаровтың және Бектөриева Улболсынның шаңырақтарында болып, отбасылардың жағдайымен таныстым. Алдағы өтетін сайлауда партиямызға дауыс беру үшін үгіт-насихат жұмыстарын жасадым. Сайлауалды бағдарламамыздың басым бағыттарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығына, мал шаруашылығына көрсетілетін қолдаулар жайлы айтып өттім.

0
0
146