#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар
Найман-Бұхарбай ауылын біріңіз білсеңіздер, біріңіз білмейсіздер. Бұл Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты, алайда Шардара ауданының маңында орналасқан малшы, шопандардың ауылы.
"Nur Otan" партиясы еліміздің әрбір тұрғыны үшін қызмет көрсетіп келеді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде аудан орталығы Мырзакент кентінен 200 км ұзақтықта орналасқан Найман-Бұхарбай ауылына жұмыс сапарымен бардым.
Ең алдымен осындағы Кеңес Сапаровтың және Бектөриева Улболсынның шаңырақтарында болып, отбасылардың жағдайымен таныстым. Алдағы өтетін сайлауда партиямызға дауыс беру үшін үгіт-насихат жұмыстарын жасадым. Сайлауалды бағдарламамыздың басым бағыттарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығына, мал шаруашылығына көрсетілетін қолдаулар жайлы айтып өттім.
