#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар
Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу жағдайында еліміз серпінді экономикасы, тұрақты саяси институттары және дамыған азаматтық қоғамы бар мемлекет ретінде біртіндеп орнықты даму жолына түсуде. Коронавирус пандемиясының әсеріне байланысты туындаған құбылмалы, тұрақсыз ахуал күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешуде инновациялық тәсілдерді қажет етеді. Сондықтан да, қоғам "Nur Otan" партиясына жаңа идеялар мен білікті кадрлардың генераторы ретінде үмітпен қарайды.
Бүгін "Nur Otan" партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдықт округі, Қ.Пернебаев ауылында "Тұран" шаруа қожалығында болдым.
Құс өсірумен айналысып жатқан қожалықтың иесі Нұрлан Нахиповқа партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бизнесті қолдауға арналған басымдықтарын атап өттім. Сонымен қатар, алдағы болатын сайлауда партиямызды қолдауға шақырдым.
