Мазмұнға өту

Жаңа

ҮЕҰ-на 2021 жылдың 31 наурызына дейін ҮЕҰ Дерекқорына кезекті есеп енгізуі қажет екенін еске салады

2018 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынуға тиісті ұйымдардың тізбесі нақтыланған.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген ҮЕҰ өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну Қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 7-1-тармағына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін және есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында с…

0
0
265

Ауыл шаруашылығының өкілдерімен карантин режимін сақтап кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Бердімұрат партияға сеніп, қолдау білдірген барша азаматтарға алғысын жеткізді.«Партиямыздың Сайлауалды бағдарламасы жұртшылықтың көңілінен шыққандығын сайлау нәтижесінен байқап отырмыз. Жеңіске жету үшін аянбай еңбек еттік. Бүгін, міне, жемісін көріп отырмыз. Енді партиямыз өз жұмысына білек сыбана кіріседі. Сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей ауқымды жұмыстар атқарылатын болады», — деді Ә.Бердімұрат.

0
0
165

"Ардагерлерді ардақтайық!" партиялық жобасы аясында бүгін Ынталы ауылының тұрғыны

Бүгінгі қария кешегі майдан даласында қолына қару алып, елін жаудан қорғаған батыр, егін алқабында еңбек еткен, мыңғырған малды баптаған шопан. Олардың талай жылғы пейнеті мен ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге."Ардагерлерді ардақтайық!" партиялық жобасы аясында бүгін Ынталы ауылының тұрғыны, тыл ардагері Қуатбеков Камалдың үйіне "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мәслихат депутаты Бердімұрат Әлиасқар және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіқайымұлы Тұран барып, жағдайын сұрап қайтты."Қария, сіз ауданымызға белгілі азаматсыз. Кейінгі жастарға айтар ақылыңыз бен көрсетер өнегеңіз мол. Осылай бейнетіңіздің зейнетін көріп жүре беріңіз. Ұзақ жасаңыз!" - десті олар.

0
0
158

Жасотандық жастармен «БҚО мүгедектері және Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамымен» кездесу өтті

Бүгін, жасотандық жастармен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «БҚО мүгедектері және Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамы» ҚБ төрағасы ~ Габделов Беркінғали Сериковичпен керемет кездесу өтті. Беркінғали ағамыз, жастарға өмірбаяны бойынша қызықты оқиғаларын айтып, болашақ өскелен ұрпаққа өсиетін айтқан болатын. Шара барысында жастар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойған болатын.

#NurOtanBQO #JasOtanBQO #Ақжайықжастары #ардагерлердіардақтайық

Reposted from @jasotan_bqo

@nur_otan @baibekbk @jas_otan

0
0
162

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жаяубаев Жанбол Карымсақұлы онлайн-кездесу өткізді.

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жаяубаев Жанбол Карымсақұлы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен сайлаудың заңдылығын талқылау бойынша онлайн-кездесу өткізді. "Сайлау ашық әрі әділ өтті. Сайлау учаскелерінде не болып жатқанын бақылаушылар мұқият қадағалады. Бұзушылықтар анықталған жоқ. Сайлауға дейін біз партиялардың платформаларын, олардың бағдарламаларының әлеуметтік маңызын, олардың алдына қойған міндеттерін мұқият талдадық. Енді сайлау қорытындылары белгілі болды. Белгіленген идеяларды іске асыруға уақыт келді. Сондай - ақ, Саран қаласында сайлаушылар, әсіресе коронавирус пандемиясын ескере отырып, белсенді дауыс бергенін атап өткім келеді", - деп Жанбол Қарымсақұлы атап өтті.

0
0
207