Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ардагерлерді ардақтайық!" партиялық жобасы аясында бүгін Ынталы ауылының тұрғыны

Бүгінгі қария кешегі майдан даласында қолына қару алып, елін жаудан қорғаған батыр, егін алқабында еңбек еткен, мыңғырған малды баптаған шопан. Олардың талай жылғы пейнеті мен ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге."Ардагерлерді ардақтайық!" партиялық жобасы аясында бүгін Ынталы ауылының тұрғыны, тыл ардагері Қуатбеков Камалдың үйіне "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мәслихат депутаты Бердімұрат Әлиасқар және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіқайымұлы Тұран барып, жағдайын сұрап қайтты."Қария, сіз ауданымызға белгілі азаматсыз. Кейінгі жастарға айтар ақылыңыз бен көрсетер өнегеңіз мол. Осылай бейнетіңіздің зейнетін көріп жүре беріңіз. Ұзақ жасаңыз!" - десті олар.

0
0
130

Осы тақырып бойынша

"Ардагерлерді ардақтайық!" партиялық жобасы аясында бүгін Ынталы ауылының тұрғыны - Yvision.kz