ҮЕҰ-на 2021 жылдың 31 наурызына дейін ҮЕҰ Дерекқорына кезекті есеп енгізуі қажет екенін еске салады
2018 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынуға тиісті ұйымдардың тізбесі нақтыланған.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген ҮЕҰ өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну Қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 7-1-тармағына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін және есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды».
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 489-1 бабына сәйкес, мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.
Жалпы, ҮЕҰ дерекқоры бойынша барлық ақпарат infonpo.gov.kz интернет-порталында орналастырылған.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ҮЕҰ Дерекқорына ұсынылған мәліметтер уақытылығына, толықтығына және анықтығына тексеріледі. Ескертулер болған жағдайда мәліметтер ҮЕҰ-ға пысықтауға қайтарылады.
