Жаңа
Әдеби бағдарлама: Заря Жұманова "Ақбота"
Құрметті тындармандар, сіздерді балалар кітапханасынын көркем әдебиеттер бөлімінде орналасқан «Отбасымызбен бірге оқимыз» атты кітап көрмесімен таныстырғым келіп отыр. Көрмеге жасөспірімдерге және отбасымен бірге оқуға арналған кітаптар жиналған. Шығармалардың авторлары Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшелері және танымал еуропалық жазушылардың туындылары топтастырылған. Кітап көрмесінен сіздердің назарыңызға белгілі қаламгер Заря Жұманованың «Ақбота» кітабымен таныстырғым келіп отыр. Бұл кітап балалар мен жасөспірімдерге арналған ертегілер, мысалдар, әңгімелер және хикаялар жиналған. Кітап 2019 жылы, Алматы қаласы, «Дәуір» баспасымен басылып шыққан. Бұл кітапқа енген шығармалар өскелең ұрпақ тақырыбына байланысты. Жасөспірімдердің өмірі, арман – тілегі кітаптың өңбойында тұ…
Қабылдау өтеді.
"Nur Otan": Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!"
Тікелей эфир #KurchumNurotan
Тікелей эфир #NurOtanKurchum
Әжемнің ертегілері: Еңбектің рақаты
Ертегі жалқау, еріншек жігіттің түк істемей «Қалай бай боламын?» деген қиялдауынан басталады. Бірақ оның жолында бұл сұраққа жауап болар көптеген іс әрекеттер мен оқиғалар болады. «Береке» тауынан тапқан байлығы мен бақыты не екенін білгің келсе ертегімізді соңына дейін тыңдауға шақырамыз.
Жарма аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттары
Ұйымдастыру сессиясы өтті
Жарма аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттарының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті. Халық қалаулыларының алғашқы отырысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес мандатқа ие болған депутаттар таныстырылды. Осы жиында аудандық мәслихат құрамындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы жетекшісі, Жарма аудандық мәслихаты хатшысы, әлеуметтік, экономикалық және әдеп жөніндегі тұрақты комиссия төрағалары ашық дауыс беру арқылы анықталып, жауапты тұлғалар бекіді.
«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерімен жиын өткізілді.
Таяуда өткен сайлау нәтижесіне сәйкес Жарма аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты мандатына ие болған аудандық мәслихат құрамындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерімен жиын өткізілді. Жиында депутаттық фракция жетекшісі, аудандық мәслихат хатшысы және әлеуметтік, экономикалық және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды. Фракция отырысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде фракция жұмысын жүйелендіру және алдағы 5 жылғы мақсатты істерді айшықтауға негізделген жұмыс жоспарларын қалыптастыру жөнінде ұсыныс жасалды. Яғни, халықпен байланысты жаңа деңгейге жеткізе отырып, ауданымыздағы барлық ауыл, қала, кенттердің даму бағдарламасына депутаттарда атсалысатын болады.