«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерімен жиын өткізілді.
Таяуда өткен сайлау нәтижесіне сәйкес Жарма аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты мандатына ие болған аудандық мәслихат құрамындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерімен жиын өткізілді. Жиында депутаттық фракция жетекшісі, аудандық мәслихат хатшысы және әлеуметтік, экономикалық және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды. Фракция отырысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде фракция жұмысын жүйелендіру және алдағы 5 жылғы мақсатты істерді айшықтауға негізделген жұмыс жоспарларын қалыптастыру жөнінде ұсыныс жасалды. Яғни, халықпен байланысты жаңа деңгейге жеткізе отырып, ауданымыздағы барлық ауыл, қала, кенттердің даму бағдарламасына депутаттарда атсалысатын болады.
