Ұйымдастыру сессиясы өтті
Жарма аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттарының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті. Халық қалаулыларының алғашқы отырысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес мандатқа ие болған депутаттар таныстырылды. Осы жиында аудандық мәслихат құрамындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы жетекшісі, Жарма аудандық мәслихаты хатшысы, әлеуметтік, экономикалық және әдеп жөніндегі тұрақты комиссия төрағалары ашық дауыс беру арқылы анықталып, жауапты тұлғалар бекіді.
