Мазмұнға өту

Жаңа

Халық қалаулысы көмек қолын созды

Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Қызыл үй елді мекенінің тұрғыны Уахитов Серіктің отбасына барып, өзінің демеушілік көмегін көрсетті. Сондай-ақ, Исатай аудандық мәслихатының депутаттары, "Nur Otan" депутаттық фракциясының мүшелері де өздерінің қайырымдылық көмектерін ұсынды. Естеріңізде болса, тілсіз жау-өрттің салдарынан Қызыл үй елді мекенінің тұрғыны Уахитов Серік баспанасыз қалған болатын. Қазіргі таңда ел болып бірқатар көмектер ұйымдастырылуда. Ауданның, ауылдың белсенді, қайырымды азаматтарының арқасында қор құрылып, демеушілік қаржы жинақталып, осы қаржыға құрылыс материалдары алынып жатыр.

0
0
295

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің төрағалығына кеңес мүшелерінің бірауыздан мақұлдауымен Мутьянова Лиза Төлегенқызы сайланды. Күн тәртібіне ұсынылған «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналаған жұмыс жоспары толық талқыланып, бекітілді.

0
0
204

Исатай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясыныңалғашқы отырысы болып өтті

Күн тәртібіне «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының 2021 жылға арналаған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселе ұсынылды. Жоспар толық талқыланып, бекітілді.

0
0
213

Абежан Нұрғайша санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарына қабылдау өткізді

Сондай-ақ, шалғай орналасқан Томан елді мекенінің тұрғынын watsapp желісіндегі бейнебайланыс арқылы онлайн қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындарға қолданыстағы заңнамалар аясында түсінік берілді.

0
0
264

Исатай аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті

Алғашқы сессияны Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Мендібаев ашып, жаңадан сайланған депутаттардың куәліктерін табыстады. Сессия жұмысы барысында аудандық мәслихаттың хатшысы сайланды. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттағы "Nur Otan" партиясының депутаттық фракциясы тіркелді. Тұрақты комиссиялар құрылып, олардың төрағалары тағайындалды, құрамдары бекітілді. Сондай-ақ, "Nur Otan" партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Б.Мурзиев аудандық мәслихаттың депутаттығына сайланған депутаттарды құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға шақырды, абыройлы қызмет тіледі

0
0
245

«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалында фракция отырысы өткізілді

Фракция отырысында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер қаралып, Исатай аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының құрамы нақтыланып, оның алдағы жұмысын тиімді қамтамасыз ету үшін нақты мақсат-міндеттері айқындалып, талқыланды.

0
0
218