Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Қызыл үй елді мекенінің тұрғыны Уахитов Серіктің отбасына барып, өзінің демеушілік көмегін көрсетті. Сондай-ақ, Исатай аудандық мәслихатының депутаттары, "Nur Otan" депутаттық фракциясының мүшелері де өздерінің қайырымдылық көмектерін ұсынды. Естеріңізде болса, тілсіз жау-өрттің салдарынан Қызыл үй елді мекенінің тұрғыны Уахитов Серік баспанасыз қалған болатын. Қазіргі таңда ел болып бірқатар көмектер ұйымдастырылуда. Ауданның, ауылдың белсенді, қайырымды азаматтарының арқасында қор құрылып, демеушілік қаржы жинақталып, осы қаржыға құрылыс материалдары алынып жатыр.