Мазмұнға өту

Жаңа

Депутаттық фракция отырысы өтті

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында жасақталған Жол картасы талқыланды, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлармен мерзімдер қойылып, фракция мүшелерінен жауапты орындаушылар белгіленді және филиалдың Саяси Кеңес Бюросына бекіту үшін жолданды.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша депутаттық фракцияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына келісім алуға ұсынылды.Елбасы, партия Лидеры Н.Назарбаев: "Nur Otan" партиясының депутаттары әрбір өңірде, қала мен аудандарда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс", – деген. Сондықтан да, халықтың сенімінен шығу үшін депутаттар…

0
0
184

Қала көшелері қардан тазартылды

«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалынның төрағасы С.Ысқақовтың қабылдауына тұрғындар көшелерді қардан тазалау үшін көмек сұрап жүгінді. Қазіргі уақытқа дейін тұрғындардың өтініші бойынша келесі көшелер қардан тазартылды: Ақтамберді, М.Әуезов, Нугманов және орталық көшелер.

2
0
171

«Nur Otan» заңгерлермен, адвокаттармен,нотариустармен тегін консультативтік кездесулер ұйымдастыруда

«Nur Otan» заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен тегін консультативтік кездесулер ұйымдастыруда⠀Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің алаңында заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен тегін консультативтік кездесулер ұйымдастырылды.⠀Пандемия жағдайын ескере отырып, азаматтарды қабылдау онлайн түрде жүзеге асырылады.⠀Заңгерлер – дүйсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінАдвокаттар – сейсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінМедиаторлар – сәрсенбі және жұма сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінНотариустар – жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.⠀Консультацияға жазылу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласу қажет:1. Call-…

0
0
153

Азық-түлік себеті табысталды

Өскемен қаласының тұрғыны бірінші топ мүгедегі, зейнеткер Волкова Наталья Максимовна «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалынның қоғамдық қабылдауына қоңырау шалып азық-түлік түріндегі көмек қажет екендігін айтты.

Тұрғынның өтініші негізінде «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы азық – түлік жиынтығы салынған себеттін табыс етті.

0
0
234

«Жамбыл әндері»

«Портрет Джамбула» Александр Риттих. Государственный музей искусств РК им. А. КастееваҚұрметті оқырман! 2021 жылдың ақпан айында қазақ кеңес ақыны, Сталин сыйлығының лауреаты Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толады. Ол Шу өзенінің жоғарғы ағысында кедей көшпенді отбасында дүниеге келген. Бала кезінде домбырада ойнауды үйренген, 14 жасында үйден кетіп, ақын болуды шешкен. Ол толгау стилінде ән айтып, ән шырқады. Суырып салма өнерін Сүйінбай ақыннан үйренген. Жамбыл шығармашылығының шыңдарының бірі - оның айтыстары.Бүгінде Ресей мен Қазақстандағы облыс, аудан, қалалар, ауылдар, көшелер мен тұйық көшелер ақынның есімімен аталады, Алматы, Есік, Киев, Тараз, Санкт-Петербург қалаларында ескерткіштер мен бюсттер орнатылды. Өскеменде драма театры және Таразда қонақ үй осы кісінің есімімен аталад…

0
0
368

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайтымсыз анатомиялық кемістіктері бар ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайтымсыз анатомиялық кемістіктері бар мүгедектігі бар адамдарға қандай жағдайларда қайта куәландырудан өту және осы фактіні растау қажет болатыны туралы хабардар етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес анатомиялық кемістіктер кезінде мүгедектік мерзімсіз белгіленеді (Орны толмайтын анатомиялық кемістіктердің тізбесі – Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 5-қосымша). Кейбір жағдайларда медициналық оңалтудан өту мақсатында мүгедектік неғұрлым ауыр топ (I және II топтар) бойынша, бірақ белгілі бір мерзімге белгіленеді. Мысалы, аяқтың жіліншік деңгейіндегі ампутациясы кезінде мүгедектіктің III тобы мерзімсіз болады. Алайда, адам денсаулығының жай-күйін ауырлататын асқынулар (табынудағы жаралар, остеофиттер және т.б.) анықталға…

0
0
285

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 20 мекеменің қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында қызмет алушылардың құқықтарының көптеген бұзушылықтары және орталықтардың қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктер анықталды. МӘМ-де анықталған бұзушылықтар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мекемелердің жұмысын жетілдіру тетіктері Әлеуметтік жұмыстың басым бағыттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің отырысы барысында талқыланды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің төрағалығымен өткен іс-шараға бейінді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Бала құқықтары жөніндегі омб…

0
0
237