ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Ауған соғысы ардагерлері Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 32 жылдығына орай кездесу

Бүгін, Аягөз аудандық «Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалында Ауған соғысы ардагерлері Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 32 жылдығына және еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кездесу өткізді.

Кездесуге мәслихат хатшысы Қ.Досиханов қатысып, аудандық мәслихат депутаттығына сайланған М.Кузетаевты арнайы құттықтады және ауданымызда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үйге қол жеткізген ардагерлерді құттықтады. Сонымен қатар, ардагерлеріміз Ауған жерінде қаза болған Қалиасқаров Аманбек Сансызбайұлы мен Оспанов Қайрат Рысбекұлына Мамырсу және Мыңбұлақ ауылдарынан көше атауын беру туралы ұсыныстарын білдірді.