Мазмұнға өту

Жаңа

Халықпен кездесу

Құрметті Созақ ауданының тұрғындары!

Созақ аудандық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Нұрланов Базарбай Нұрланұлы 3 ақпан күні сағат 12:00 де аудан тұрғындарын арыз-шағымдар мен өтініштер бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді.

Егер, Сіздің көкейіңізде жүрген сұрақтарыңыз болса, ақпан айының 3 күні сағат 12:00-де партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде күтеміз!

Мекен-жайымыз: Шолаққорған ауыл округі, Жібек жолы көшесі №1919 үй, «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы.

Қабылдауға келуге ниет білдірген азаматтар телефон шалу арқылы да жазыла алады.

Тел: + 7 702-167-07-03; 8 (72546) 4-28-22

0
0
157

қоғамдық қабылдау

Тасқала аудандық маслихат депутаты Люция Жұбанышқалиева бекітілген кесте негізінде Атамекен ауылында тұрғындарды жеке қабылдады. Тұрғындар сұрақтарын қойып, тиісінше заң аясында жауап алды.

0
0
116

Құрметті Созақ ауданының тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні сағат 10:00-де Созақ аудандық мәслихатының депутаты, "Таукент гүлдері" бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Жамиева Қарлығаш Нышанбайқызы аудан тұрғындарын арыз-шағымдар бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді.

Осыған орай, Сіздің көкейіңізде жүрген сұрақтарыңыз болса, ақпан айының 3 күні сағат 10:00-де партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде күтеміз! Қоғамдық қабылдауға алдын-ала ☎️ 8-7021670703 нөмері арқылы жазылсаңыздар да болады.

Мекен-жайымыз: Шолаққорған ауыл округі, Жібек жолы көшесі №1919 үй, «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы

0
0
161

қоғамдық қабылдау

Тасқала аудандық маслихат депутаты, ЖШС "Луч" басшысы Нариман Мусенов қабылдауында Тасқала ауылы тұрғыны, II топ мүгедегі Берик Елесов мәселесі тыңдалды. Мал азығына жеммен көмек сұрайды.Қабылдауда көтерілген мәселе бойынша аудандық маслихат депутаты Нариман Мусенов 2 қап жеммен көмек көрсетті.

0
0
124

Өзін-өзі қамтушыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарға жәрменке

Өзін-өзі қамтушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Ағымдағы жылдың 20-қаңтарында аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратында, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өзін-өзі қамтушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге «Атамекен» ҰКП аудандық филиалы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты.

Әр түрлі сұрақпен 8 адам жолықты. 3 жұмыс берушіден 5 бос жұмыс орны ұсынылды. Шағын несие алу жолдары мен мемлекеттік қайтарымсыз гранттар жөнінде түсіндіріліп, 2 адам жұмысқа жолданды.

0
0
176

Партиялық бақылау жүргізілді.

2021 жылдың 2 ақпаны күні «Nur Otan» партиясының Күршім аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Тойбаев Ш.М., аудандық мәслихат депутаты Потанина Н.А., партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Қазретова Қ.О., аудандық партия филиалының кеңесшісі Еркінбек Ш.Е., аудан орталығындағы спорт нысандарына мониторинг жүргізді.

0
0
123