Бүгін Шардара аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясының фракциясының отырысы өтті
Бүгін Шардара аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясының фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Жолдыбай және аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Қарымсақов қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Шардара ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының іске асыруы бойынша іс-шаралар жоспары - Жол картасын талқылау бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаев сөз сөйледі. Жиын соңында фракция мүшелері жол карта туралы пікірлерін білдіріп, жол картасы бойынша аталған іс-шаралар жоспарының орындалуына атсалысатындықтарын жеткізді. Жол картасы талқыланып, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлармен мерзімдер қойылып, фракция мүшелерінен жауапты орындаушылар белгіленіп, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына бекітуге жолданды.
