«Nur Otan» партиясының Жол картасы әрбір облысты, әрбір ауылды қамтиды – Нұрлан Нығматулин.
«Nur Otan» партиясының Жол картасы әрбір облысты, әрбір ауылды қамтиды – Нұрлан НығматулинМәжіліс төрағасы, «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысы өтті.Онда Үкіметтің және «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың жол картасын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысы туралы айтылды.Елбасының 14 қаңтарда партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауды тапсырған тапсырмасы туралы айтқан Мәжіліс төрағасы:«Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, бұл бағдарлама осы жылдарда жасалға реформалардың заңды жалғасы. Сонымен бірге, бұл құжат – бүкіл елімізді жаңғырту және…