ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Аудандық маслихат депутаты О.Кубесова

Жоспарға сəйкес Жаңақала аудандық "Nur Otan" партиясы фракциясының отырысы өтті. Отырыстың күн тəртібінде сайлау алдында халықтың ұсыныстарымен өтініш - тілектері қамтылған. Жаңақала аудандық мəслихатындағы партия фракциясының 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының жұмыс жоспарлары таныстырылды. Денсаулық сақтау саласына тиісті шараларды, яғни ауданымыздағы ауылдық округтердегі МП-ді күрделі жөндеуден өткізу, халықтың өмір сүру деңгейінің орташа ұзақтығын арттыру, интернет жүйесін дамыту, аурухананың материальдық техникалық жағдайын жақсарту міндеттері бекітілген. Мен аудандық депутат ретінде əр жылдары атқарылатын жұмыстардың орындалуына қолымнан келгенше жұмыстанып, ауданымыздың дамуына өз үлесімді қосамын.
Оразгүл Көбесова, аудандық мәслихат депутаты