Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін Үржар аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті.

Бүгін Үржар аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе - "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының Жол картасын талдау және аудандық Саяси Кеңес бюросына бекітуге ұсыну. Отырысқа "Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Токсеитов Нұржан Тілеужанұлы қатысты..

14
0
171

Жақсылық жасауға асығайық

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалар аясында, 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Рахымжанов Ержанның үйіне, белсенді жастармен барып, қысқы отынын жарып, ауласын жинап берді. Сонымен қатар, бір жолғы азық-отүлікпен қамтамасыз етті.

1
0
183

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай Өлкетану мұжарайында іс-шара өтті

Аягөз аудандық мәслихат депутаты Айдар Нәдірбай және ауданның белсенді жастарының қатысуымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай Өлкетану мұжарайында мәдени іс-шара өтті. Отты жылдардағы опат болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып,арнайы дайындалған бейне ролик пен слайд көрсетілді.

1
0
214

Қоғамдық қабылдау

12.02.2021 жылы "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қаратал аудандық кірістер басқармасының басшысы Т.Н.Керімбеков азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

1
0
149

Салтанатты қабылдау

Бүгін "Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық қоғамдық штабтың төрағасы Ш.Исабеков 1 желтоқсан - Тұңғыш Президенті күніне орай жаңадан партияға кірген азаматтарға партиялық билеттерін тапсырды.

0
0
144

"Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім" атты акция өтті

Мақсаты: Кіші топ оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттыра отырып, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлықтарын арттыру,сөздік қорларын молайту.

"Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі" КММ оқушыларының кіші топтарымен бірге кітапханаға саяхат жасалып, өздерінің сүйіп оқитын кітаптары таңдап алынып, оқуға тапсырма берілді.

1
0
146

“Портрет недели” ақпараттық бағдарлама

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы "Востокмашзавод" АҚ қызметкерлеріне жалақы төлемеу мәселесі бойынша “Портрет недели” ақпараттық бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 10 ақпанында "Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының М.А. Төлеген төрағалығымен, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.в. Чугунковтың, партияның облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары А. А. Светаштың, ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б. К. Қизатовтың, "Nur Otan" партиясы "Востокмашзавод" АҚ қаржысы бойынша Әліпбаева ж. ж., комиссия мүшелері Тусупова Н. К. және Бахыт Маржан ZOOM платформасы бойынша.Зауыт бас директорының орынбасары Ж.Ж. Әліпбаевтың айтуынша, қызметкерлерге жалақы…

0
0
222

Спорт нысандарын аралап, санитарлық талаптардың орындалуын назарға алды

2021 жылдың 19 қаңтарынан бастап спорт нысандары жұмысын бастады. Яғни, спорт секциялары бекітілген санитарлық ережелерді сақтай отырып, шектік жаттығушыларды ғана қабылдай алады. Бүгін аудандық мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейірхан Оспанбаев, аудан орталығындағы спорт нысандарын аралап, санитарлық талаптардың орындалуын назарға алды. Барлық талаптардың сақталғанымен танысқан комиссия төрағасы, жаттығу залдарын аралап, жаттықтырушылармен тілдесті. Алдағы уақытта аталмыш жұмыс тобы мектеп қабырғаларындағы спорт залдарды да бақылауға алатын болады.

0
0
162

Құт дарыған Оңтүстігім

Міне, еліміз аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, гүлденіп, дамып келеді. Азаттықты армандаған қазақ даласы қайта жаңғыру үстінде келе жатыр. «Қазақ» десе көз алдымызға бірден күмбірлеген домбыра үні, қазақы оюы, дархан даласы, қонақжай халқы, сонымен қатар қырмызыдай жайылған қызғалдақтары әп-сәтте көзімізге елестейтіні рас. Оңтүстігімнің шырайын келтіріп тұрған бұл өлке өзінің ғажап табиғатымен, терең тарихымен, солардың ішінде қырмызыдай қызғалдағымен ерекшеленіп тұрады. Кең байтақ далаға көз салып қарасаң, қазақтың аңқыған жұпар иісін, бейбіт елдің көрінісін тамашалағандай боласың. Тарих қойнауына үңіліп қарасақ, кезінде мұнда теңдесі жоқ Шұбайқызыл шоқысы болған деседі. Қарашекпенділер қаптап, соның арқасында дала қызғалдақтарының да атауы өзгеріп кеткен. Иә, айтылар әңгімемнің арқау…

0
0
443