Мазмұнға өту
Общество
Общество

Общество

7 727 жазбалар988 тіркелуші

Будь в курсе того, что происходит в Казахстане!

Жетісу облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді

А. ж. 13 қазан күні Департаменттің бастамасымен бірегей облыстың аудан, қалаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарымен азаматтарды қабылдау өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – азаматтарды олардың құқықтарымен және мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру.

Қабылдау барысында қызмет алушыларға 43 консультациялық көмек көрсетілді, сонымен қатар азаматтар өздерінің 37 сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Осындай іс-шаралар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

0
0
423

«MIRAS» кеңесінің отырысында қазақ тілін дамыту мәселесін талқыланды

Қызылжар ауданында 40 ауыл бар болса, соның 26-ысында қазақ мектебі түгіл, сыныбы да жоқ. Басқа аудандардағы жағдай да аса мәз емес. Әсіресе, басқа өңірлерден көшіп келген отбасылардың балаларына орысша оқу қиын.

Көптеген ауылдарда Совхозная, Октябрь, Ленин сияқты әбден ескірген көше атаулары жетіп артылады. Тіпті Қарақамыс сияқты таза қазақ ауылдарындағы көшелердің атаулары орысша.

Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылындағы Октябрь көшесіне ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың атын беруге тұрғындардың бірде-біреуі қарсы болмаса да, неге екені белгісіз, мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді.

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «MIRAS» кеңесінің кезекті отырысында аудан әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиева бұл мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді. Оның айтуынша, соңғы 3 жылда 38 елді мекендегі 139 көше қайта аталған. Виноградов, Якорь, Петерфельд, Рассвет ауылдық округтерінің көшелеріне Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев және Сәбит Мұқанов есімдері берілген. Бірақ алдағы уақытта атауын ауыстыруды қажет ететін ауылдар бар екенін мойындады. Соның бірі – тас жолдың бойынша тұрған Чапаев ауылы. Бұл мәселе бұған дейін де «MIRAS» кеңесінің отырысында көтерілген болатын.

Басқа аудандардағы жағдай да осыған ұқсас.

Сондықтан кеңес мүшелері аудандар әкімдерінің орынбасарларына барлық елді-мекендерде қазақ сыныптарына қажеттілікті анықтап, мүмкіндігінше ашуды, идеологиялық жағынан ескірген атауларды ауыстыруға ат салысуды ұсынды. Әсіресе, тас жолдың бойындағы Келлеровка, Чкалово, Ильичевка сияқты ауылдардың атауын ауыстарын кез келгенін қадап айтты.

0
0
370

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

«Алматы қаласы ТЖД Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы» ММ 2023 ж. «30» қыркүйек 2023 № 112 нұсқамасына сәйкес 2023 жылғы 1 қазаннан бастап Республика Сарайының концерттік қызметі сахна механикасының апатты жағдайына байланысты шұғыл тоқтатылады.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мамандарының бағалауы бойынша бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындау үшін екі апталық мерзім қажет.

Сол себепті осы мерзімге жоспарланған барлық концерттер тоқтатылады.

«Алматы әуендері» КМҚК әкімшілігі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын тезірек аяқтау үшін барлық тиісті шараларды қолданады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Құрметпен,

«Алматы әуендері» КМҚК әкімшілігі.

________________________________________________________________________________________

Уважаемые жители и гости города Алматы!

Согласно предписанию ГУ «Управление по чрезвычайным ситуациям Медеуского района ДЧС г. Алматы» от «30» сентября 2023 г. №112с 1 октября 2023 года концертная деятельность Дворца Республики экстренно приостановлена, в связи с аварийным состоянием механики сцены.

По оценкам специалистов ремонтно-восстановительных работ для устранения нарушений требуется двухнедельный срок.

По этой причине все запланированные концерты на этот срок отменяются.

Администрация КГКП «Алматы әуендері» примет все необходимые меры для скорейшего завершения ремонтно-восстановительных работ.

Приносим свои искренние извинения за доставленные неудобства!

С уважением,

Администрация КГКП «Алматы әуендері».

0
0
442

"Сенім жәшігі"

«Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының» тапсырысы бойынша «Auezov Jastary» қоғамдық қоры «Сенім жәшігі» жобасын ұйымдастыруда.

Сенім жәшігін орнатудағы басты мақсат - Жастар арасындағы қылмыс, буллинг және психотропты есірткі заттарының алдын алу.

Сонымен бірге студенттер мен оқытушы құрам арасындағы орын алатын заң бұзушылықтарды құзыретті органдарға жеткізу және университетте ашықтықты, әділеттілікті, адалдық құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Жалпы алғанда «Сенім жәшігі» жобасы аясында Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, жатақханаларында 100 сенім жәшігі қойылуда.

«Сенім жәшіктері» тек қойылып ғана қоймай, оқу жылы басталған уақытта бастап барлық студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сенім жәшігі бойынша оқу жылы басталған уақыттан бастап әр ай сайын ашылып, түскен хаттар бойынша «Auezov Jastary» қоғамдық қоры жұмыстар жүргізеді.

Ал жыл соңында жалпы сенім жәшігіне түскен ақпараттар бойынша мониторинг жасалады.

0
0
324

“Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан”

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың тапсырмасымен “Auezov Jastary” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” тақырыбында орта арнаулы оқу орындарында кездесулер өтті.

Негізгі мақсат-отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ақпараттық насихаттық жұмыстары ұйымдастыру және қоғамдағы отбасының рөлін күшейту. 

Спикер: N3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психолог маманы Наргиза Мухтарқызы.

Сондай-ақ  арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, студенттер арасында сауалнама алынды.

0
0
280

Стартовал челлендж «Менің таңдауым – қазақ тілі!»

Ко Дню языков народа Казахстана стартовал общереспубликанский челлендж «Менің таңдауым – қазақ тілі!», организованный Министерством культуры и информации. 

Цель челленджа – укрепление казахстанской идентичности посредством распространения казахского языка, консолидации казахстанцев вокруг идеи государственного языка как языка межэтнического общения. 

В своих видеороликах участники конкурса делятся своим личным опытом того, как они освоили казахский язык, почему они любят казахский язык.

В челлендже принимают участие известные личности, молодежь, депутаты Парламента, общественные и государственные деятели.

Челлендж продлится до 7 сентября.

1
0
495

От школ до миллионных инъекций детям: как работает фонд "Қазақстан халқына"


Промежуточные итоги работы фонда озвучили в правительстве накануне послания президента народу Казахстана.

Лечение и препараты

Благодаря средствам фонда "Қазақстан халқына" (Народу Казахстана - Sputnik) сегодня 324 казахстанца с тяжелыми жизненно угрожающими и орфанными (редкими) заболеваниями получают лекарства на сумму более 24,9 миллиарда тенге, 20 пациентов прошли лечение за рубежом на сумму 585,1 миллиона тенге.

Кроме того, в четырех регионах за счет фонда открыли 4 центра раннего вмешательства, добавили в правительстве.

Образование

В этом году студенты из социально уязвимых слоев получили 850 грантов. В 17 регионах страны ввели в эксплуатацию 17 сельских опорных школ, в каждой из которых обеспечили полное обновление материально-технической базы. Работу еще по 63 школам в 17 областях продолжают.

Спорт

За минувший год благодаря фонду в селах страны открыли 24 спортивных зала, еще 76 залов с охватом более 15 тысяч детей планируют открыть в ближайшие годы. В регионах будут устанавливать быстровозводимые модульные спортивные залы за счет фонда.

Инновационные протезы передали 96 детям и молодым людям на сумму 931,9 миллиона тенге, для десяти параспортсменов за счет фонда изготовили спортивно-беговые протезы.

"Запущена первая в стране школа бега для параатлетов, открыто 4 центра для детей с аутизмом и другими ментальными нарушениями", - добавили в правительстве.

Размер только благотворительных взносов составил 156 миллиардов тенге, без учета средств, перечисляемых из Фонда национального благосостояния "Самрук-Казына". Который, к слову, по итогам прошлого года направил в фонд "Қазақстан халқына" 66,6 миллиарда тенге.

Напомним, президент Токаев поручил "Самрук-Казына" ежегодно перечислять не менее 7% от чистого дохода в общественный фонд "Қазақстан халқына".

0
0
267

Ақтөбе облысы Қазақстанның ауыл әйелдерінің өңірлік форумдарын өткізу эстафетасын қабылдады

14 шілдеде Ақтөбеде Ақтөбе, Атырау, БҚО және Маңғыстау облыстарының өкілдеріне арналған «Қазақстанның ауыл әйелдері форумы» атты кездесу өтті. Қазақстанның батыс өңірінің 350-ден астам ауыл тұрғыны іс-шараға тікелей және онлайн режимде қатысты. Әйелдер аудиториясымен байланыста облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ҚР Ұлттық экономика министрліктерінің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.

- 2018 жылдан бастап «Қазақстанның ауыл әйелдері форумы» өзін әйелдер кәсіпкерлігін және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бастамаларын талқылау мен тиімді жолдарын іздеудің ұлттық алаңы ретінде танытты. Бұдан бұрын Жетісу облысында форум өтті, алда солтүстік, шығыс және орталық өңірлердің әйелдерінің қатысуымен кездесу өтеді. Астанада өтетін VІ республикалық форум әр облыс делегациясының басын қосатын қорытынды оқиға болмақ,- деді іс - шараның модераторы және «Қазақстанның ауыл әйелдері форумы» ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Coca-Cola Белестері» әлеуметтік жобасын ұйымдастырушылардың бизнес негіздері мен фермерлік дағдыларды тегін оқытуды ұсынатын әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесін атап өтті және «Ауыл аманаты» шеңберінде Ақтөбе облысының ауылдарында шағын бизнесті дамытуға 2,5% - бен тауарлық несие алуға бастама көтерген осы жобаның түлектеріне қолдау көрсетуге уәде берді.

- Ақтөбедегі форумға қатысушылар «Coca-Cola Белестері» жобасын ұйымдастырушылардан және FarmerSchool онлайн мектебінің фермерлік бизнес негіздерін үйренді. Бұл бағдарламалар кәсіпкерлікті жаңадан бастаған әйелдерге нақты көмек көрсетеді, - деді Нарқыз Тәжіғалиева, ccb.kz үздік бизнес идея байқауының жеңімпазы және 2020 жылғы грант иегері. -Сондай-ақ USAID мамандарының ауыл шаруашылығындағы кооперацияға арналған шеберлік сабағы ауыл тұрғындары үшін қажетті білімге айналды.

Іс-шараны «Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Ақтөбе облысы әкімінің және батыс өңір облыстары әкімдіктерінің, Coca-Cola халықаралық қорының, «Атамекен» ҰКП қолдауымен «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры ұйымдастырады.

0
0
426

Ошақ - как орган местного самоуправления

Автор: Молдабаев Саркытбек Сарсембаевич, доктор юридических наук, профессор, руководитель Общественного объединения «Центр устойчивого развития Ochaq».

Опыт зарубежных стран демонстрирует, что государство не может самостоятельно строить структуру самоуправления. Эта структура должна быть построена снизу и по инициативе местных сообществ и самих жителей. Именно поэтому, нами в качестве пилотного проекта было создано Общественное объединение «Центр устойчивого развития Ochaq». Под указанное объединение специально было построено здание в ауле Муканшы, Жарлыозекского сельского округа Коксуского района Жетысуской области.
По результатам формирования и деятельности Общественного объединения «Центр устойчивого развития Ochaq» в Жарлыозекском сельском округе Коксуского района Алматинской области, мы пришли к выводу, что акимы и акиматы без указания сверху никогда не будут содействовать формированию самоуправления среди населения. Они под разными предлогами, к сожалению, больше всего препятствуют к организации самоуправления населения.

В этой связи, мы полагаем, что основной задачей по проблемам самоуправления у государства является создание правовой базы и организационных условий, благоприятной социально-политической атмосферы, установление в обществе первой ступени самоуправления для развития широкого и повседневного местного самоуправления.
И вот 18 августа 2021 года Президент Республики Казахстан Токаев К-Ж.К. издал Указ за № 639 «Об утверждении Концепции развития местного самоуправления в Республике Казахстан до 2025 года» (далее – Концепция).
Вместе с тем, вся Концепция ориентирована на западные страны, но где западные страны, а где - Казахстан. Ведь в вопросах местного самоуправления все зависит от менталитета народа, и здесь по сравнению с западными странами у Казахстана совершенно другая культура, быт, обычаи, традиции и т.д. Ни в одном из них мы не схожи, наша разница – как небо и земля. Тогда как самоуправление населения любого государства полностью зависит и основывается от ее национальной культуры, быта, обычаев и традиций.
Но, несмотря на это, в Концепции широко представлен опыт только западных стран: Польши, Франции, Германии, Финляндии, Канады и Австралий и исходя из этого, предлагается применить ряд инструментов западных стран для развития местного самоуправления Казахстана. Но насколько они приемлемы в нашей стране? Такие заимствования, как правило, являются имитацией, в мире она давно известна и называют ее «культ карго».
Политолог Екатерина Шульман вводит понятие «обратный карго-культ» – оно употребляется в отношении общественных институтов, структура которых скопирована у других стран, но которые устроены как поверхностная имитация и работают значительно хуже оригинала. При этом ответственными за их работу чиновниками часто совершается логическая подмена понятий – принципы работы передовых общественных институтов объявляются ложными, потому что плохо работает их имитация[1]..
Действительно, Казахстан, все эти постсоветские годы догоняя Запад, тем и занимается, что копирует какие-то структуры общественных институтов зарубежных стран, а на этот раз пытается внедрить формирование и деятельность местного самоуправления Запада. Хотя модель «догоняющей» модернизации уже давно обнаружила свою ограниченность. И сегодня попытка имитировать, тем более имитировать предшествующие фазы развития Запада, не способна вывести страну на путь адекватного развития.
Кроме того, крайне непродуктивно и опасно проводить реформу местного самоуправления путем простой пересадки чужих нововведений в свою культуру. От этого мы потеряем свою традиционную культуру без обретения новой, а потерять свою историю местного самоуправления, которой насчитывается много столетий, мы никак не можем.
Как до колонизации Россией, так и после казахские органы местного самоуправления были настолько влиятельными, что с их руководителями – аға-султанами – были вынуждены считаться даже царские чиновники. Выборы в самоуправление были чрезвычайно важными, победа в них считалась настолько принципиальным делом, что предвыборные баталии переходили порой в конфликты и порождали нездоровые страсти, столь красочно описанные, к примеру, в романе М. Ауэзова «Путь Абая».
Однако, несмотря на вполне понятный недостаток цивилизованных методов политической борьбы среди кочевников-скотоводов, степное самоуправление сформировало именно демократический тип политической культуры, нашедший позднее свое яркое отражение в программных документах «Алаш-Орды»[2].
Его основы зародились в эпоху возникновения родовых и племенных общин, когда складывался кочевой уклад жизни. Родовые старшины и племенные вожди выбирались на курултаях и сходах кочевников. Они наделялись полномочиями разбирать споры, формировать и командовать подразделениями воинов. При этом родовые общины обладали широкой автономией и значительным весом[3]. Поэтому нельзя говорить, что казахский менталитет исторически не готов к местному самоуправлению – исторические предпосылки к нему как раз есть.
У других народов Средней Азий, исторически сложились совсем иные общины, основанные по религиозному, ремесленному и территориальному принципу, но все они имеют одно название и называется – махалля. История формирования махалли как уникального социального организма, и как части городского конгломерата уходит в древность и глубину веков.
Еще Аль Фараби (870-950 гг.) в своем произведении «Раздумья о населении идеального города»[4], писал: «...каждый человек от природы устроен так, что на пути к стремлению жить и совершенствоваться он нуждается во многих вещах, однако он один не в силах ими овладеть, чтобы этого достичь появляется потребность в людской общине <...> Единая совместная деятельность членов данной общины предоставляет им возможность достижения и овладения теми вещами, которые им необходимы для их жизни и совершенства».
«В связи с этим человек, прежде всего, сближается с соседом. А еще он с этим же соседом живет на одной улице, в одной махалле, в одном городе и, наконец, в одной стране, которая создала этот город»[5].
Махаллями в период СССР было принято называть части города, застроенные частными или так называемыми плановыми домами. Множество многоэтажек, появившихся в период индустриализации, в махалли не входили. Махаллинские комитеты стояли на страже советского строя.
Новая история махалли и возрождение махалли началось после обретения независимости Республикой Узбекистан. Возрождение национальных традиций и обычаев, истории, рост национального самосознания затронул и процесс возрождения махалли. Махалля получила официальный юридический статус, закрепленный в Конституции. Махалля стала органом местного самоуправления граждан и была наделена властными полномочиями, получила возможность решать социальные проблемы на местах. Был принят «Закон о местном самоуправлении» и «О выборах председателя (аксакала) схода граждан и его советников». Указ Президента Узбекистана «О мерах по дальнейшему совершенствованию института махалли» от 3 февраля 2017 года ознаменовал начало нового этапа в развитии деятельности данной системы, институт махалли успешно совершенствуется в соответствии с требованиями времени.
Таким образом, результаты нашего исследования показывают, что опыт махалли в качестве уникального института для построения демократического государства и формирования сильного гражданского общества намного ближе нам и может быть эффективно использован Казахстаном, чем опыт самоуправления западных стран. Поскольку историко-культурное взаимодействие казахского и узбекского народов уходит своими корнями вглубь веков, и оно подкреплено общим прошлым и богатым духовным наследием. Нас объединяет общность языков, религии, культуры и традиций. Это живая нить, соединяющая прошлое, настоящее и будущее, залог вечной дружбы.
Подводя итог, следует сказать, что, как и вся политическая система Казахстана, институт местного самоуправления на протяжении всего времени существования вбирает положительный опыт функционирования самостоятельного института публичной политики, и в то же время требует дальнейшего развития и совершенствования.
В этой связи нами предлагается во исполнение Указа от 18 августа 2021 года № 639 «Об утверждении Концепции развития местного самоуправления в Республике Казахстан до 2025 года», (далее-Концепция) запустить пилотный проект «Ошақ», как органа местного самоуправления.
Данный пилотный проект разработан ОО «Центр устойчивого развития Ochaq» (далее – Ошақ) совместно с ОО «Международная академия информатизации» (далее – МАИН), а также неоднократно был обсужден (совещания, конференции и круглые столы) на площадке «Ошақ» с точки зрения внедрения пилотного проекта на отдельно взятой территории Казахстана.
В мае 2021 года на территории Жарлыозекского сельского округа Коксуского района Алматинской области запустили пилотный проект «Ошақ». За год своей деятельности «Ошақ» провел различные мероприятия: консультации, обучение, встречи с населением сельского округа и совместные мероприятия (субботник, празднование «Наурыза», «День учителя» и т.д.). И на сегодня жизнеспособность и перспективность данного проекта подтверждены результатами наших исследований (анкетирование, опросы и интервьюирование).
Основная задача реализации Концепции – это, прежде всего, объединение сельских жителей и для этого необходимо запустить пилотный проект «Ошақ» и в других регионах страны, как будущего органа местного самоуправления Казахстана. По оценкам зарубежных и отечественных экспертов, внедрение пилотного проекта окажет совокупный мультипликативный эффект не только на развитие государственных органов, но и местного самоуправления Казахстана.

Вся предыдущая история местного самоуправления, ранее строилась по модели развития этих отношений сверху. Сейчас наступил период, когда нужно развивать новое качество отношений – это отношения снизу, как инициативы населения, так и поддержка неправительственных организации Казахстана.

[1] Екатерина Шульман: Практический Нострадамус, или 12 умственных привычек, которые мешают нам предвидеть будущее // Ведомости, 24.12.2014
2 Жизнь и смерть лидера Алаш Орды / [Электронный ресурс]: http://www.elimai.kz/zhizn-i-smert-lidera-alash-ordy.html
3 Жумадилова А. «Сущность и природа местного самоуправления в Республике Казахстан» // Правовая реформа в Казахстане. № 3, 2003.
4 Маънавият юлдузлари (Звезды духовности). Тошкент, 1999. Б. 67-68.
5 Абу Наср Форобий. Фозил одамлар шахри (Раздумья о населении идеального города). Тошкент: Узбекистон миллий энциклопедия-си, 2004. Б. 56.

Хорошего вам дня! И не забудьте подписаться на наш канал!

Читайте также на нашем канале:

Kazakhstan Law Review развивает правовую культуру в стране

Местное самоуправление должно развиваться снизу

Как преобразовать Казахстан: независимый взгляд юриста

Другие статьи нашей редакции читайте здесь: http://kazlawreview.kz/

0
0
495

Жаңа медиа әлеміне саяхат

Жаңа медиа – дәстүрлі журналистикамен қатар дамып келе жатқан интернет журналистика. Интернет журналистика сан алуан тақырыптағы сайттарды, ақпараттық порталдарды, әлеуметтік желілерді қамтиды. Жаңа медиа кез - келген жерде қол жетімді, яғни,  интернет желісіне қосылған құрылғының барлығы жаңа медианың контенттерін оқи алады.

Жаңа медиа конвергентті журналистика қызметін іске қосты. Бүгінгі таңда журналистер жаңа технология мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпаратты әртүрлі форматта ұсына алады. Отандық медиа кеңістігінде ақпаратты таратудың заманауи тәсілдері қалыптасқанын байқап келеміз. Атап айтқанда, мобильді қосымшаларда қаралым саны өте жоғары. Қазіргі таңда медиапорталдардың өздерінің мобильді қосымшалары, сонымен қатар, қоғам көп қолданатын әлеуметтік желілердің барлығында парақшалары бар.

Осындай отандық порталдардың бірі – «Stan.kz». Осы орайда, «Stan.kz» журналисі Айнұр Мұхадимен сұхбаттасып,  өз жұмысының  жүзеге асу процесіндегі ерекшеліктері туралы ой бөліскен едік.

Айнұр Мұхади -  ХАТУ-нің түлегі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің магистранты, алғашқы еңбек жолы «HolaNews» порталынан басталған, қазір «Stan.kz» порталында шұғыл ақпараттар бөлімінің тілшісі.

- Бір жарияланымды, яғни контентті дайындауға қанша уақыт кетеді?

- Ақпараттық контент болатын болса кемінде 20-30 минут, тіпті, 40 минуттай уақыт кетеді. Ал егер авторлық материал болатын болса, кемінде 1-2 күн аясындағы уақытты  қамтиды. Себебі, біз сұхбат аламыз, спикерлермен сөйлесеміз. Соған байланысты 2 күндей уақыт керек.

- Тақырыпты редакцияға сіз ұсынасыз ба, әлде сізге редакция ұсынады ма?

- Тақырыпты редакцияға мен ұсынатын кездер де, редакция маған ұсынатын сәттер де болады. Бізде әр апта сайын жиналыс болып тұрады. Сол жиналыс барысында кім нені жазатынын, қандай тақырыпты ұсынатынымызды талқылаймыз. Сол бойынша бір апта бойы жұмыс істеп шығамыз.

- Сайтта бір күнде қанша мақалаңыз жарияланады?

- Егер кезекшілікті атқарып, бір күнде тек қана жаңалық жазатын болсам 20-дан көп мақала жарияланады. Ал авторлық материал күніне 1 рет жарияланады.

- Сізге ұсынылған фактілерді қалай зерттейсіз?

- Жаңалықты іздеу немесе жазу барысында әртүрлі ақпарат көздеріне жүгінеміз. Әлеуметтік желілердегі фактілерді алатын болсақ, мысалы блогерлер немесе қоғам белсенділерінің парақшалары болса, ондағы фактілерді бірден жаза салмаймыз. Бірінші растығын тексереміз, содан кейін ресми органдарға жүгінеміз. Олар бізге ақпаратты растап, пікір білдірген жағдайда ғана оны жариялай аламыз. Одан бөлек, бізден көмек сұрайтын тұрғындар да болады, яғни, полициядан немесе ресми органдардан жауап ала алмаған жағдайда адамдар журналистерге жүгінеді. Біз тұрғындарды тыңдап, ресми органдардың пікірін біліп, содан кейін барып қана ақпаратты жарыққа шығарамыз.

- Кәсіби қызмет аясында қандай қиындықтарды бастан кешірдіңіз?

- Кәсібі қызметімнің асында аса бір үлкен қиыншылықтарға тап болдым деп айта алмаймын. Бастыпқы да жұмыс барысында қиындықтар болатын. Мен ол кезде «HolaNews» порталында жұмыс істегенмін. Сол уақытта ақпаратты дұрыс жеткізу, мақаланы дұрыс жазу қиынға түсетін. Өйткені, мен студент кезімнен бастап жұмыс істедім, тәжірибем болмады. «HolaNews» порталында жүргенде әртүрлі шараларға, жиындарға қатысатынмын. Митингтерде қиындықтар жиі болатын. Мысалы, полиция өткізбей қояды, теріс ақпарат береді, көп уақытымызды алады. Қыстың суығында 10 сағатым митингте өткен күндер де болған.

- «Өмір айнасы» айдарына мақала жазу қаншалықты қиын немесе оңай?

- «Өмір айнасы» айдарына жаңалықтар да, авторлық материалдар да жазылады. Айтып өткенімдей, жаңалықтар жазу оңай, оған көп уақытымызды жұмсамаймыз. Авторлық материалға ұзақ уақытымызды бөлеміз. Спикерлермен келісу, сұхбат алу барысында қиындықтар туындауы мүмкін. Себебі, кейде келісіп қойған спикер бас тартады немесе жазғың келген нәрсені айтпайды. Нәтижесінде, ойыңды дұрыс жеткізе алмай қаласың. Бірақ, менде жазу жағынан қиыншылықтар болмайды.

- Сіздің сүйікті тақырыбыңыз қандай?

- Маған саяси және әлеуметтік тақырыптарды жазған ұнайды. Бірақ сайтта тек бұл тақырыптарға жазбаймын, қаржы, экономика, әлемдік тақырыптарға да жаза беремін.

- Мультимедиа журналисі болудың ерекшелігі неде?

- Әрине, біз ақпараттық порталда жұмыс істегеннен кейін мультимедиа журналисі бола білгеніміз жөн. Себебі, сайттың басқа БАҚ-нан артықшылығы ақпаратты тез арада таратуы. Сол үшін де журналист белгілі бір оқиға орындарына, жиындарға барғанда ақпаратты бірінші тарату үшін мәтін жазудан бөлек, фото түсіруі, аудио, видео материалдарды өңдеп сол жерде таратуы керек. Әлеуметтік желілер мен сайттарға бірінші жазуы тиіс. Мультимедиа журналисінің ерекшелігі осы деп ойлаймын. Сондай-ақ, журналист бір оқиғаны жазу үшін аудионы, видеоны, инфографиканы пайдаланады. Осылай түрлі медианы қолдану арқылы ақпаратымызды қызықты, интерактивті, түсінікті ете аламыз. Мультимедиа журналисінің медианың барлық түрін әзірлеуге дағдылануы маңызды рөл атқарады.

- Ашық дереккөздерін пайдаланасыз ба, яғни дата журналистикадан сауаттылық деңгейіңіз қандай?

- Материалды дайындау кезінде әрқашан ашық дереккөздеріне жүгінеміз. Ашық дереккөздері дегеніміз – мемлекеттік органдар, арнайы ұйымдар, компаниялар таратқан барлық ақпараттар, яғни интернеттегі ашық  деректермен жұмыс істейтін журналистердің ақпарттары. Өзімізге керек ақпараттарды іздеп тауып аламыз, сонымен қатар материал жазу кезінде бізге статистика қажет болады. Мысалы, көші-қон статистикасы, каронавирус кезіндегі өлім-жітім саны керек болғанда да ашық дереккөздеріне сүйенеміз.

- Ақпараттық технологияларды қолдануды қалай үйрендіңіз?

- Ақпараттың технологияларды қолдануды университетте үйрендім. Мен ХАТУ-де оқығанмын, оқып жүргенде бізге барлық технологияларды пайдалануды үйретті. Атап айтсам, фото және видео түсіру, мәтін жазу, монтаж жасауды меңгердім.

- Шұғыл ақпараттарды жазу үшін қанша уақыт жұмсайсыз?

- Шұғыл ақпаратты жазуға мен шамамен 15 минут уақытымды жұмсаймын. Негізі өзімді жылдамдықтың журналисімін деп айтсам болады, редакцияда осы міндетті көбінесе мен атқарамын. Мысалы, брифингтерде немесе жолдауларда ақпаратты тез жазу керек болады. Сондай сәттерде осы міндеттерді өз мойныма аламын.

Алматы қаласы

№58 жалпы білім беретін мектептің

11 «Ә» сынып оқушысы

Дүйсен Қарақат

Ғылыми-шығармашылық жетекшісі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті,

филология ғылымдарының кандидаты

Жидегүл Әбдіжәділқызы

0
0
512