Мазмұнға өту
amanatsko
amanatsko

AMANAT СКО

@amanatsko

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан

«AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы / Северо-Казахстанский областной филиал партии «AMANAT»

рейтинг

250

жазбалар

79

пікірлер

0

тіркелуші

10

жазылу

1

«MIRAS» кеңесінің отырысында қазақ тілін дамыту мәселесін талқыланды

Қызылжар ауданында 40 ауыл бар болса, соның 26-ысында қазақ мектебі түгіл, сыныбы да жоқ. Басқа аудандардағы жағдай да аса мәз емес. Әсіресе, басқа өңірлерден көшіп келген отбасылардың балаларына орысша оқу қиын.

Көптеген ауылдарда Совхозная, Октябрь, Ленин сияқты әбден ескірген көше атаулары жетіп артылады. Тіпті Қарақамыс сияқты таза қазақ ауылдарындағы көшелердің атаулары орысша.

Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылындағы Октябрь көшесіне ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың атын беруге тұрғындардың бірде-біреуі қарсы болмаса да, неге екені белгісіз, мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді.

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «MIRAS» кеңесінің кезекті отырысында аудан әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиева бұл мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді. Оның айтуынша, соңғы 3 жылда 38 елді мекендегі 139 көше қайта аталған. Виноградов, Якорь, Петерфельд, Рассвет ауылдық округтерінің көшелеріне Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев және Сәбит Мұқанов есімдері берілген. Бірақ алдағы уақытта атауын ауыстыруды қажет ететін ауылдар бар екенін мойындады. Соның бірі – тас жолдың бойынша тұрған Чапаев ауылы. Бұл мәселе бұған дейін де «MIRAS» кеңесінің отырысында көтерілген болатын.

Басқа аудандардағы жағдай да осыған ұқсас.

Сондықтан кеңес мүшелері аудандар әкімдерінің орынбасарларына барлық елді-мекендерде қазақ сыныптарына қажеттілікті анықтап, мүмкіндігінше ашуды, идеологиялық жағынан ескірген атауларды ауыстыруға ат салысуды ұсынды. Әсіресе, тас жолдың бойындағы Келлеровка, Чкалово, Ильичевка сияқты ауылдардың атауын ауыстарын кез келгенін қадап айтты.

0
0
370

Встреча под названием «Бәсекеге қабілетті жастар» прошла в Петропавловске

В своем выступлении первый заместитель председателя филиала «Болашак» Александр Зель отметил, что на современном этапе наблюдается тенденция к более активному участию граждан страны в жизни казахстанского общества. Публичный внутрипартийный отбор партии «Nur Otan» вызвал широкий интерес со стороны населения.

Он добавил, что 25 мая 2020 года Глава государства К.К. Токаев подписал Конституционный Закон, предусматривающий внесение изменений в Закон «О выборах в Республике Казахстан». Данный закон предусматривает введение обязательной 30% квоты для женщин и молодых лиц до 29 лет в избирательных партийных списках. Как итог – в праймериз в этом году участвовал едва ли не каждый пятый молодой человек. В областном партийном списке их 21%.

Своими впечатлениями как непосредственного участника праймериз поделилась студентка Kozybayev University Замзагуль Жуматова.

«В ходе сбора наказов от избирателей Рабочего поселка поступило много предложений, касающихся инфраструктуры. Больше всего меня задела проблема жилья и безопасности. В Рабочем поселке имеются аварийные дома, где по-прежнему проживают люди. На тот момент моя главной задачей было стать связующим звеном между жителями, партией и местным исполнительным органом. Участие в первых праймериз – это бесценный опыт. Именно в студенческие годы мы полны сил, у нас есть желание и время. Я познакомилась с интересными людьми и поняла, что именно сейчас надо начать усиленно работать, чтоб в дальнейшем быть полезной обществу» - отметила Замзагуль Жуматова.

0
0
160

СҚО-да Мәжіліс сайлауына партиялық тізімге үміткерлер сайланды

Конференция жұмысына партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Ең көп дауысты «Зенченко және К» КС бас директоры Геннадий Зенченко, «Солтүстік» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Есжан Оразалин және «Заң қызметтері орталығы» ЖШС директоры Дмитрий Колода жинаған. Олар басқа 13 үміткердің қатарында пікірталасқа қатысып, бірқатар өткір тақырыптарды көтерді. Олардың ішінде– білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпті дамыту және тағы басқалар.

Конференцияда делегаттар соңдай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының мәслихатына партиялық тізімді бекітті. Оған партиялық квотаны ескере отырып, ең жоғары рейтингісі бар 48 праймериз қатысушысы кірді, оған сәйкес қазір тізімде әйелдердің 33 %-ы және жастардың 21 %-ы бар. Үміткерлердің орташа жасы 46 жасты құрады. Облыстық мәслихаттың жұмыс істеп тұрған депутаттарының ішінен тізімге 10 адам кірді.

Партиялық тізімдегі ең көп ауыл шаруашылығы (27%), кәсіпкерлік (17%) және денсаулық сақтау (10,4%)өкілдері. Сондай-ақ, партиялық тізімді білім беру, БАҚ, ҮЕҰ, өнеркәсіп, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор, мәдениет және спорт қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен партия қызметкерлері ұсынады.

Конференцияда партияның XX Съезіне делегаттар сайланып, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

0
0
244

СҚО-да «Nur Otan» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын бекітілді

Партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова атап өткендей, сайлауалды бағдарламада өңір экономикасының өсуі, өмір сүруге қолайлы және қауіпсіз өңір және өмір сүрудің жаңа сапасын қамтамасыз ету сияқты бағыттар айқындалған. Облыс бойынша сайлауалды бағдарламалардың 15 жобасы әзірленді: 1 – облыстық, 1-қалалық және 13 аудандық.

«Облыс бойынша партия мүшелерінен 1150 ұсыныс түсті, оның ішінде сайлауалды бағдарлама жобаларына – 1088. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламалардың жобаларында 978 ұсыныс қарастырылған, тағы 81-і пысықталып, жобаларға қосымша енгізілді. Қазіргі уақытта 19 ұсыныс бойынша шаралар қабылдануда, 10 ұсыныс республикалық деңгейге жатады. Тақырып бойынша көлік және инфрақұрылым (34%), тұрғын үй және ТКШ (25%), білім беру (8%), экономика және бизнес (5,6%), ауыл шаруашылығы (3,5%) мәселелері басым», - деді Әсем Рахметова.

Партиялық конференциялар – праймериздің екінші кезеңі. Олар партияның барлық 14 аумақтық филиалдарында өтті, онда жергілікті мәслихаттарға партиялық тізімдер анықталып, Петропавл қаласы мен әр аудан бойынша сайлауалды бағдарламалары бекітілді.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында праймеризге 632 нұротандық қатысты, олар бір ай бойы үгіт науқаны барысында өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсарғаны туралы өз ойларын айтқан болатын. Облыс бойынша кандидаттар сайлаушылармен 6 500-ге жуық кездесу өткізіп, барлығы 123 500 адамды қамтыды.

0
0
234

Петропавл қаласынан 9 адам СҚО мәслихатына «Nur Otan» партиясының тізіміне енгізілді

Пікірталас барысында олар тұрғын үйдің қолжетімділігі, жолдарды жөндеу, халықты әлеуметтік қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және ТКШ деңгейін арттыру мәселелерін көтерді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Петропавл қаласынан 9 адам Солтүстік Қазақстан облысының мәслихатына «Nur Otan» партиясының тізіміне енгізілді. Сонымен қатар, аймақтық конференцияға делегаттар сайланды.

Праймериз кезекті кезеңі – партия конференциялары осы аптада басталды. 10-12 қараша аралығында Солтүстік Қазақстан облысында партияның 14 аумақтық филиалында конференциялар өтті, онда жергілікті мәслихаттарға партиялық тізімдер анықталды. Бұған дейін 7 және 8 қарашада облыс бойынша 246 бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өтті.

Аймақ бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардың және Мажілістің «Nur Otan» партиялық тізімдеріне қосылуға үміткер 79 праймериздің қатысушысы пікірсайысқа қатысты. Оларға 600-ден астам делегат дауыс берді.

Қалалық және аудандық пікірсайыстардың жеңімпаздары 17 қарашаға жоспарланған облыстық конференциядағы пікірсайыстарға қатысады. Өңірлік конференцияның қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан Мәжіліс сайлауына «Nur Otan» партиясының тізіміне енетін праймериз кандидаттары анықталады.

0
0
246

Петропавлдың мәслихатына «Nur Otan» партиясының тізіміне әйелдердің 30%-ы және жастардың 30%-ы кірді

Қалалық мәслихаттың партиялық тізіміне 27 нұротандық енгізілді, олардың 30% - әйелдер және 30% - жастар. Өкілдердің орташа жасы 44 жасты құрады. Тізім қалалық өкілді органда 1 орынға 2 адам қағидаты бойынша қалыптастырылды.

Партиялық тізімге шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, спорт, өнеркәсіп, квазимемлекеттік сектор салаларының өкілдері енгізілді.

Облыс орталығы бойынша праймеризге барлығы 106 адам қатысты. Олар сайлаушылармен 700-ден астам кездесу өткізіп, 60-тан астам ұсыныс жиналды, олардың 30-ы Петропавл қаласы бойынша «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасына енгізілді.

Партия Петропавл қалалық филиалының төрағасы Болат Жұмабеков атап өткендей, бағдарлама жобасы қаланың нақты артықшылықтары мен проблемалық мәселелерін ескере отырып дайындалған.

«Облыс орталығын дамытудың 7 басым бағыты болады. Сайлауалды бағдарламада алдағы 5 жылға арналған негізгі мақсаттар мен міндеттер, сондай-ақ Петропавлдың негізгі проблемалық мәселелерін шешу жолдары қамтылған. Бағдарламаны табысты іске асыру орнықты экономикалық дамуға қол жеткізуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп ата өтті Болат Жұмабеков.

0
0
248