ШҚО-да 12,6 млн. теңге жалақы қарызы прокурорлардың араласуымен қайтарылды
Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ерекше назарында.Заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі - банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы берешектерін төлеу жөнінде үйлестіру шаралары болып табылады.Атап айтқанда, «Шығысстройгруп» ЖШС банкроттық басқарушысы 2 жылдан астам уақыт бойы 42 қызметкердің алдында 12,6 млн.теңге жалақы берешегін өтеу үшін өз мүлкін сату шараларын қабылдамаған.Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорынның бұрынғы басшысы банкроттық басқарушы және салық органдарымен жұмыс кездесуін өткізіп, құқықтық және әдістемелік көмек көрсетті.Дәйекті әрекеттердің нәтижесінде банкрот кәсіпорынның мүлкі сатылды. Қызметкерлер алдындағы жалақы қарызы толығымен өтелді. Облыс прокуратурасы азама…

