Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 562 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Бесіген де, кәсібін де ұмытпаған нәзік жан

Ал бүгінгі шындық басқаша: қазіргі іскер әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен кәсібін жүргізіп, несібесін тауып отыр. Ерімен бірге елге пайдасын тигізіп жүрген нәзік жандылар көп. Солардың бірі біздің бүгінгі кейіпкеріміз - Джумадилдаева Жансая. «Еңбектiң көзiн тапқан, байлықтың өзiн табады» деген көне тәмсiл тұғырынан еш тайған емес. Бейбіт қоғамда бейнетшіл барлық мүмкіндік бар. Қайшы алып шаш қисаңыз да, қамшы алып төрт түліктің соңына түссеңіз де, кәсіп ашып нәпақа табамын десеңіз де ешкім бетіңізден қақпайды. Тек бойыңыздағы жалқаулықты жеңіп, жоспарлы жұмыс істесеңіз болғаны. Қайта адал еңбек адамды нұрландыра түседi. Іспен айналысу кез келгеннің қолынан келетін дүние. Бастысы – ниет керек" – дейді Жансая ханым.Бүгінде хит болған «Шоколадты құлпынайдың» дәмін татып көрген…

0
0
530

"Кассандра таңбасы" спектаклінің айтары бар

Спектакльде адамзаттың рухсыздану проблемасы – отбасылық құндылықтардың қадір-қасиетімен шендестіріле отырылып көрсетіледі. Бүгінгі күннің ғылыми-техникалық, технологиялық жетістіктері мақсатты түрде ізгілік, адамгершілік жолына бағышталмаса, үлкен қасіреттер мен орны толмас катаклизмдерге алып келу мүмкіндігі туралы айтылады. Тексіздіктің қандай апаттар тудыратыны жайлы Айтматовтың адамзатқа айтып кеткен ескерту-өсиеті көркемдік тұрғыдан шебер беріледі.Әрбір спектаклге үлкен махаббатпен, асқан дайындықпен келетін А. Оспанбаева мен М.Омарованың кезекті қойылымы сәтті шықты деуге толықтай негіз бар. Спектакльдың алғашқы күні адам қарасы көп болды. Әрбір премьера аншлагпен өтетін театрға бұл таңсық емес. Дегенмен, бұл жолғы атмосфера ерекше болды.Көзіқарақты көрермен сахнадағы ойынды толыққ…

0
0
976

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша оқыту семинарлары өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында Жетісу облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту мәселелері бойынша фокус-топтары мүшелерімен оқу семинары жүргізілді. Семинар барысында филиалдың директоры Бақыт Злобин тыңдаушыларға «Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг және талдау жүргізу әдістемесінің» негізгі талаптарын және бизнеске бағытталған әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту сұрақтарын жеткізді. Сонымен қатар, семинар аясанда филиал доценті Рысжамал Қадырқызының жетекшілігімен мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкілдерімен «Бизнес субъектілерінің есептіліктерді тапсыруына байланысты әкімшілік…

0
0
448

Облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Бірінші ұйымдастыру сессиясында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов сайлау қорытындысын жария етіп, куәліктерді табыс етті. Шараға қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев сөз сөйлеп, депутаттарды құттықтап, оларға игі тілегін білдірді. Сессия барысында депутаттық корпустың шешімімен облыстық мәслихаттың төрағасы болып Мұқаев Мұрат Рахметұлы бірауыздан сайланды. Сонымен қатар, кездесуде тұрақты комиссияларының мүшелері мен оның төрағалары да сайланды.

0
0
383

Елнұр Бейсенбаев: «Үкіметтің жұмысы Фракцияның жіті бақылауында болады»

📷📷ҚР Премьер-Министрі лауазымына «AMANAT» Фракциясы Премьер-Министрі лауазымына «AMANAT» Фракциясы Әлихан Смаиловтың кандидатурасын ұсынды. Осы орайда, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздегі саяси жүйені қайта жаңғырту процесі конституциялық реформадан нақты бастау алды. Ендігі маңызды қадам – Үкіметтің жаңа құрамын жасақтау.📷📷«AMANAT» сайлауда көпшіліктің дауысына ие болып жеңіске жеткен партия ретінде бүгін Премьер-Министр лауазымына кандидатура ұсынды. Мұндай тәжірибе Парламенттің рөлін күшейтіп қана қоймай, саяси партиялардың жауапкершілігін арттырады. Ендігі кезекте Үкіметтің жұмысы Фракция тарапынан жіті бақылауда болып, оның әрбір шешімі партия ішінде сұралатын бола…

0
0
323

Мағжан Жумабаевтың Пайғамбар өлеңінің діни мәні

Мағжанның күнделікті тұрмыстағы қолданылып жүрген өлеңдерін барлығымыз білеміз. Мағжан атамыздың өлеңдерінде қандай да бір жалын бар және сол жылынды екінің бірі түсіне бермейді. Мұқағали поэзияның атасы болса, Мағжан лириканың қаһарманы. Мағжанның көптеген өлеңдері әйелдерге арналғанын барлығымыз білеміз. Сонысына карамастан Мағжан өзіндегі рухты және діни сауатын пайғамбар өлең жолдарын түсіріп кетті.Мысалы:Күн батыста қараңғылық қаптаған,Күні батып жаңа таңы атпаған.Түнеріп жүр түннен туған перілер,Табынатын басқа Тәңір таппаған.Бұл өлең жолдарынан не байқаймыз қазақ халқына белгілі бір қараңғылық келді. Қараңғылық ол надандық. Күні тәуелді болған халықтың жайын қандайда бір атақ алу үшін нашарлатқан қанпезерлерді де сүреттеді. Барлығымыз білетініміздей көптеген медреселерді сол кезде…

0
0
457

Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының жетекшісі болып сайланды

📷📷Мәжілістегі «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды. Жиын барысында оның кандидатурасын партия Төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады.📷📷Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, партия жанындағы жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды. Биылғы 4 қаңтардан бастап «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді. Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Парламенттің төменгі палатасындағы «AMANAT» партиясы Фракциясының жаңа қ…

0
0
359

Мәжілісте жаңадан сайланған депутаттар ант берді

Мәжілісте жаңадан сайланған депутаттар ант берді

📷📷

VIII сайланған Мәжілістің жаңа депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді. «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін» - деді жаңа депутаттар. 📷Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Сондай-ақ, бірмандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижесіне сәйкес, «AMANAT» партиясының 22 өкілі жеңіске жетті.

0
0
256

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Е. Қошановты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды. t.me/aqorda_resmi

0
0
239

«AMANAT» партиясы Мәжіліске депутаттық мандаттарды бөлді

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

📷📷

Еске сала кетейік, партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.   t.me/AMANATPartiyasy

0
0
239