Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша оқыту семинарлары өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында Жетісу облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту мәселелері бойынша фокус-топтары мүшелерімен оқу семинары жүргізілді. Семинар барысында филиалдың директоры Бақыт Злобин тыңдаушыларға «Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг және талдау жүргізу әдістемесінің» негізгі талаптарын және бизнеске бағытталған әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту сұрақтарын жеткізді. Сонымен қатар, семинар аясанда филиал доценті Рысжамал Қадырқызының жетекшілігімен мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкілдерімен «Бизнес субъектілерінің есептіліктерді тапсыруына байланысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту» және «Бизнес субъектілері тарапына қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізуге байланысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту» бағыттары бойынша бюрократиялық проблемалар туралы кейстерді және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды талқылау ұйымдастырылды.

0
0
424

Осы тақырып бойынша