Балаңыз жайында ақпаратты интернетке жүктемес бұрын өзінен рұқсат сұрайсыз ба?
Бүгін Алматыда баланың онлайн қауіпсіздігіне қатысты баспасөз конференциясы өтті. Қазақстандағы ата-аналардың 21%-ы 4 жастан бастап балаларға өз гаджеттерін сатып алады. Бұл ретте респонденттердің 32% ы алғаш рет баласының қолына электронды құрылғыны 4-6 жас аралығында, ал 24%-ы 2-3 жас аралығында берген болатын. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың интернетке деген қызығушылығын арттыруға және олардың виртуалды әлемге белсенді енуіне ықпал етуі мүмкін.Күн сайын балалардың жартысынан көбі (56%) интернетте 1-ден 4 сағатқа дейін уақыт өткізеді, 23% - ы барлық бос уақыттарында онлайн режимінде болады. Бұл ретте ата-аналардың 80% - ы баласының интернеттегі әрекеттерін бақылайтынын, ал 65%-ы оның желіде болуын уақыт бойынша шектейтінін айтты. Өз кезегінде, ата-аналардың бір бөлігі балаларды ин…
