Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 536 жазбалар52 тіркелуші

Всяко-разно

Сымбат сән үйі

Қазақстан сән индустриясының негізін қалаушы «Сымбат» сән академиясы 1947 жылы тігін зертханасы негізінде құрылған. Осы кезеңнен бастап компания өндіре бастаған prêt-â-porter өніміне бүкіл ел жұртшылығы қызығушылық танытты.

Бастапқыда «Республикалық киім, аяқ-киім және трикотаж үйі» аталған ол бүгінде бүкіл әлемге танымал холдингке айналған. «Сымбаттың» құрылуы республикадағы тұңғыш сән журналының және сән театрының ашылуына жол ашты. «Сымбат» сән журналы 1958 жылдан бастап жарық көре бастады. Ал 1987 жылы Қазақстанда тұңғыш сән театрының негізі қаланды.

1972 жылы Қазақстан мамандарының қолымен жасалған сән алғаш рет шетел асты. Бұл жылы академия тарихында оның киім топтамалары өзге мемлекеттердің сән майталмандарының сарабына салынып, сынға түсті.

Топтамалар көрсетілімі 1972 жылы Болгарияда, 1974 жылы Лейпцигте, 1975 жылы Италияда өткен халықаралық сән фестивальдерінде өтті. Ал 1988 жылы «Сымбат» сән үйі Чехословакияда өткен ұлттық нақыштағы киім топтамалары фестивалінің бірінші көрсетілімінде «Золотая Лента» бас жүлдесіне ие болды.

35 жылдың ішінде сән академиясы әлемдік деңгейде өткен 40-тан астам халықаралық сән фестивальдерінде өз көрсетілімдерін ұсынып, 30-дан астам мемлекеттің сән байқауларына қатысқан. 2000 жылы «Сымбат» «Бірінші халықаралық «Ұлттық костюмнің жоғарғы деңгейдегі сән үлгісі» байқауын» (первый Международный конкурс «Высокой моды современного национального костюма») ұйымдастырды.

Ол Сібірде, Мәскеуде, Дубайда, Вашингтонда өтіп тұратын сән апталықтарының тұрақты қатысушысы. «Сымбат» ұлттық киім үлгілерін заманауи сән талаптарына сәйкестендіре отырып, соны, ерекше, айрықша киім дизайндарын жасаумен айналысады. Сондай-ақ академияның сән мамандары Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының эталоны мен ҚР Президенті Н.Назарбаевтің штандартын жасап шығарған. 2007 жылы «Сымбат» сән үйі өзінің 60-жылдық мерейтойын атап өтті.

Компанияның «pret-a-porter» және «haute couture» топтамаларының көрсетілімі халықаралық подиумдарда жылына екі мәрте өткізіліп тұрады. Бренд пайда болғалы бері оның сән үлгілерінің саны 150 000-нан асты. Сән үйі жыл сайын өз киім үлгілерін Қазақстанда 20-ға жуық, ал шетелдерде 10-ға тарта көрсетілімдері арқылы көпшілікке ұсынып келеді.

Қазақстандағы ірі шетел фирмалары үшін арнайы киім дизайнын жасап шығаратын алғашқы және жалғыз компания болып саналады. Мәселен, «Must industries» (АҚШ, Нью-Йорк) секілді танымал компаниялар үшін аты әлемге әйгілі «Chico’s», «White and black», «Victoria secrets» атты сауда маркаларымен киім үлгілерінің айрықша дизайнін жасап шығарады.

2003 жылы Мәскеуде өткен кәсіби fashion – сән апталығында (Moscow fashion week) үздік киім топтамаларын ұсынды. Ресейден басқа да Дубайдағы (DIFW), 2007 жылы Вашингтондағы (DC Fashion week) және Сібірдегі сән апталықтарына (SFW) қатысып, елге үлкен сыймен оралып отырды.

«Сымбат» тек Қазақстанның және КСРО-ның үкімет мүшелері үшін ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Корей мемлекеттерінің бірқатар үкімет басшылары үшін де сыйлықтық бұйымдар дайындады. 2006 жылы әйгілі голливудтық актер және продюсер Стивен Сигал Академиядағы арнайы «Сымбат» VIP салонында» ұсынылған 2007 жылғы көктем-жаз топтамасынан өзінің өмірлік серігі үшін бұйымдар алған болатын.

0
0
1032

Қазақстанға сән әлемінің келуі

Б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. "Аң стилі" өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.

«Аң стилі» өнері дәстүрмен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға "өммір ағашы" дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты. Ендеше, VII-VIII ғасырларда қалыптасқан «аң стилі» сақ өнеріне тән туындылардың шоғырын қалыптастырды. Олар: жыртқыш аң, мүйізі шиыршықталған арқар, төрт тұяғымен тіреп тұратын тұяқты жануарлар, жыртқыш құс, гриф немесе құлағы ұзын грифон, мүйізі ағаш бұтақтар түріндегі бұғылар және мүйізі арқасына дейін жайылған қырынан жатқан тау ешкілер бейнелері еді. Демек, ағаш пен сүйекті ою арқылы «аң стиліне» тән кескіндемелерді жасағаны белгілі болды. Кейбір мәліметтерге назар аударсақ, аң стиліне тән зергерлік бұйымдардың бірсыпырасы Шілікті қорымынан табылғаны баршаға аян. Бұл тоналған қорған болса да, осы жерден табылған кейбір алтын әшекейлер зергерлік техниканың әртүрлілігімен таң қалдырады дейді ғалымдар. Деректерге назар аударсақ, күн символы мен тірі және өлі табиғат туралы дүниетанымдық түсінік барша сақ әлеміне тән дүние екендігі белгілі болды. Ендеше, бұғының мүйізін өмір ағашымен байланыстырса, шеңбер тәрізді шиыршықталған мүйізді арқарды өсіп өну культімен өрбіткен.

1969-70 жылдары Есік қорғанынан тоналмай табылған сақ ханзадасының қабірінен төрт мыңнан астам алтын тоғалар мен жапсырмалардың басым көпшілігі аңдық стильде жасалғандығын ғалымдар мен археологтар өз еңбектерінде көрсетіп жүр. Демек, алтынды өндеу мен аң стиліндегі тоғаларды жасаудағы сақ өнерінің өзіндік ерекше туындыларын әлемге паш етуге үлкен мүмкіндік туды десек қателеспейміз. Тек бас киімінің өзінде жүз елуге жуық алтын тоғалар болса олардың басым бөлігі аңдық стильде жасалған. Мәселен, бас киімдегі қос жебе түріндегі әшекей, геометриялық пішіндегі тіліктер, тік қарғыған аттың жарты бөлігі түріндегі тіліктер, тау шыңдары бейнесіндегі тіліктер, арыстанның бет-әлпеті түріндегі қапсырма, таутеке мүйізді қанатты аттардың мүсіндері, тау шыңындағы барыс түріндегі қапсырмалар, таутеке бейнелі әшекейлер, барыс бейнесіндегі қапсырмалар, құстың кіші қанаты түріндегі тіліктер, тік тақтайшалар арасындағы жолбарыстың басы түріндегі қапсырмаларды айта кеткен жөн.

Бертін келе сән өнері  қазақ жерінде кейбір деректерге сүйенсек, қазақ басылымдары «сән», «мода» және «подиум» деген сөздерді 1913 жыл­дар­дың өзінде пайдалана бастаған. Бірақ бұл кезеңде қазақ жеріне нық орнай қоймаған «сән әлемі» қазірде ресми түрде 1947 жылы келген делінеді. Ал, жалпы, ата-бабаларымыздың ежелден келістіре киген қазақы өрнегі бар сәнді киімдері мен әшекей бұйымдарының өзі нағыз «сәндіктің» өзі емес пе?! Тек Коко Шанельдің ойлап тапқан «барлық қыздың гардеробында болуы тиіс кішкентай қара көйлегін» шығарып, жержаһанға жария қылмадық демесек, серілер мен сылқым сұлулардың сол кезгі сәндену салтына айтар сын да, мін де жоқ. Алайда ресми дерекке сүйенсек, бүгінде «Сымбат» деп аталатын академия отандық сән әлемінің дүниеге келуіне сеп болыпты деседі. Тұңғыш рет 1972 жылы қазақстандық сән өнерін шетелге паш еткен компанияның «Сымбат» деп аталған тұңғыш журналы – 1958 жылы, ал тұңғыш мода театры 1987 жылы ашылды. Қазақстан 1972 жылы – Болгарияда, 1974 жылы  Лейпцигте, 1975 жы­лы Италияда өткен халықаралық фестивальдарға да қатысты. Ал 1988 жылы Чехословакияның Брносында ұйымдастырылған жарыста бас жүлдені иемдендік.

Осылайша fashion – индустрия Қазақстанға да жеткен. Қазірде елімізді әлемге танытып жүрген атақты дизайнерлеріміз де жетерлік. Олардың ішінде Aida KaumeNOVA, Kuralai (Құралай Нұрқаділова), Айгүл Қасымова, LaRiya (Лария Жақамбаева), Salta (Салтанат Баймұхамедова) мен ZhaZira-ны ерекше атап өтуге болады.

0
0
502

Ең алғашқы сән журналдарының қалыптасуы және дамуы.

Әйелдер басылымдары, әсіресе 19-20 ғасырдың басында, дәстүрлі құндылықтар мен көзқарастардың сақталуына ғана емес, сонымен бірге олардың қалыптасуына да ықпал етті. Әйелдерге арналған арнайы баспасөз жасауға қызығушылық 18 ғасырда пайда болды.

Қазіргі әлемде әйелдер басылымдары кеңінен әрі тереңнен қалыптасқан: сән журналдары мен үй шаруасындағы әйелдерге арналған журналдардан бастап іскер әйелдер мен жас аналарға арналған басылымдарға дейін. Дегенмен, сұлулыққа деген құштарлық әйел табиғатының ең күшті қасиетітерінің бірі болып қала береді. Әйелдер әрқашан сәнге қызығушылық танытады осыған байланысты әйелдер баспасөзінің пайда болуына ықпал етті.

Сән журналдары пайда болғанға дейін француздар әртүрлі киімдерді адамға емес Pandora қуыршақтарға арнап тігіп жүрді. Яғни оларды манекендердер ретінде қолданып, Париж дүкендерінде көрмелерге қойды. Сән трендтерінің таралуы әйелдер баспасөзінің құрылуына негіз болды. Д.М.Раева өз зерттеуінде былай деп жазады: «Сән материалдық әлемге де (мысалы, киімге, жиһазға сән) және рухани (белгілі бір ойларға, идеяларға, мәлімдемелерге арналған сән) жатады. Ол белгілі бір дәуірдің идеалдарын білдіреді және қалыптастырады».

Алғашқы сән журналы 1672 жылы Францияның Лион қаласында «Галатный Меркурий» («Mercure galant») деген атпен шықты. Журналдың директоры Жан Донно де Визе болды. Негізгі журналдың бағыты әдеби-сыни журнал ретіне шыға бастады. Ең алғашқы мақаласы Испания королі Карл II мен Орлеан ханшайымы Мари-Луизаның үйлену тойының сипатында болды. Мақалада жаңадан үйленгендердің киімін егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіп сипаттап мақала жариялады. Келесі жылдан бастап журналдың келесі сандары Париж қаласында жаңа дүниемен яғни сән әлеміне арналған иллюстрациялармен басыла бастады. «Gallant Mercury» халық арасында тез танымал болды. Себебі журналда сәнді суреттер мен адамды қызықтыратын мақалалар көп басылды. Бірінші мақаласы жарияланғаннан кейін сән журналының оқырмандары бірнеше есе өсті. Мұндай басылымдарға қызығушылық Еуропа елдеріне де тез тарала бастады. 1693 жылдары Лондонда тікелей әйелдерге арналған бірінші басылым пайда бола бастады. Мысалы: «Ханымдар Меркурий» («Ladies Mercury»). Оның негізін ағылшын баспагері және журналисі Джон Делтон қалыптастырды. Дәл осы басылымда алғаш рет сұрақтар мен жауаптар айдары пайда болды, онда редакцияға жолдаған хаттардың басым бөлігі күнделікті сәнге қатысты сұрақтар болса, кейбір сұрақтар арсында махаббатқа байланысты мәселелер жайлы кеңестер де сұрап жолдаған. Осындай  сұрақтарға қарамастан редакция басылымдары оқырмандардың жолдаған махаббат пен неке туралы және содан кейін ғана сән туралы әртүрлі сұрақтарға жауап беріп отырған. «Ханымдар Меркурийі» бай және аухатты ханымдарға арналған.  «Lady's Mercury» толығымен дерлік сән үрдістеріне арналған және косметика, киім және аксессуарлар жайында да жаңалықтармен бөлісіп отырған.

18 ғасырдың басынан бастап сән журналдарының жазылушалары актрисалар, әншілер мен зайырлы ханымдар болды. XVIII ғасырдың екінші жартысында толығымен сәнге арналған алғашқы мамандандырылған басылымдар пайда болды. 1776 жылы Париж журналы «Galerie des modes et costumes francais» («Сән галереясы және француз костюмдері»), 1785 ж. ̶ француздық «Cabinet des modes ou les modes nouvelles» («Суреттер мен соңғы сәндерді басқару»), 1779 жылы немістің «Bertuch'sche Journal des Luxus und der Moden» («Сән және сән журналы»), 1786 - «Италиялық журнал des dames et des modes en France» («Әйелдер журналы және Франция сәні»), 1794 жылы – ағылшынның «Сән галереясы» («Сән галереясы») Эккерманн, 1797 жылы – француздық «Journal des Dames et des Modes» («Әйелдер сән журналы») және т.б. журналдар жарық көре бастады.

0
0
501

100 жыл халықпен бірге: Halyk Bank-ке 100 жыл

Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы институтының негізі қаланған алғашқы жинақ кассасы ашылды. Дәл осы күн Қазақстанның бүкіл банк жүйесінің туған күні болып саналады.

Банктің тарихы еліміздің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты деп айту артық болмас. Өз Отаны мен халқының игілігі үшін жұмыс істей отырып, Halyk жергілікті сақтандыру банкінен аймақтық көшбасшыға дейін өсті. Бүгінгі таңда банк ел өмірінде маңызды рөл атқаратын республиканың ірі қаржы тобының өзегі болып табылады. Halyk Қазақстан экономикасының нақты секторының негізгі кредиторы болып табылады, сол арқылы гүлденген қоғам орнатуға өз үлесін қосып келеді деп айту жеткілікті.

Өзінің жүз жылдық мерейтойын Halyk Bank Қазақстан халқымен бірге атап өту дәстүрін жалғастыра отырып, «100 игі іс» іс-шарасын іске қосты. 2023 жыл бойы банк Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыратын болады.

Halyk банктің директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов: «Жүз жыл бұрын шағын жинақ кассасының ашылуымен халықпен жұмыс істеуге бағытталған заманауи банк жүйесінің іргесі қаланды. Бүгін күні сол бірінші Ақтөбе жинақ кассасының мұрагері Halyk – еліміздің барлық өңірлерінде ғана емес, Өзбекстанда, Грузияда, Қырғызстанда да жұмыс істейді. Банк халық салымдарының едәуір үлесін – 5,14 триллион теңгені шоғырландыра отырып, қоғамның жоғары сеніміне ие болып отыр, оның белсенді клиенттері– жеке тұлғалар саны 9 млн адамнан асып, Қазақстанның ірі компанияларының 80%-ына қызмет етіп келеді. Еліміздегі барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын біздің банк қаржыландырады. Бұл банктің жүз жылда жүріп өткен жолының айқын дәлелі», – деп атап өтті.

Halyk банктің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова да: «Ежелден Көктем жаңару уақыты, жаңа өмірдің бастауы іспетті. Сондықтан біз Halyk банктің жүз жылдық туған күнін қалай атап өтетінімізді осы көктем мезгілінде жариялауды жөн көрдік. Біз үшін әрбір қазақстандықтың әсем әрі бейбіт елдің мәдениеті мен дәстүрлері үйлесімділігінің бір бөлшегі екенін сезінуі өте маңызды. Іс-шара «100 жыл халықпен бірге» ұранымен өтеді. Бұл біздің халықпен ынтымақты бірлікте болуға деген ұмтылысымызды толық көрсетеді, әрі қарай дамуға күш беріп, жігерлендіреді. Біз өз тарихымызда ешқашан сырттай бақылаушы болған емеспіз және оны мақтан тұтамыз. Біз қиын сәттерде көмек қолын созып, жеңістеріміз мен жетістіктерімізді қуана бөлісіп келеміз. Halyk банк – елімізбен бірге дамып, халықтың сенімді серігіне айналды. Halyk банк халық үшін қызмет етеді», – деп өз ойын білдірді.

0
0
420

Көне дәуірлерде киімнің (сән үлгілерінің) пайда болу тарихы

Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық, не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын қабыршық рөлін атқарған. Неолит дәуірінде ең қызығы сол – әлі күнге дейін өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікткі белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді. Дегенмен біле білсек, сәндік, сәндену деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйізтұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен – теріден, кейін матадан тігілген белдемшелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер – алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге айналдырады. Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда 1350 жылдары, Франция мен Италияның суретшілері сәндік іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге сән әлемі келген. Франция, Италия, Англия, Испания, Америка сынды елдерде уақыт оздырмай, жылдам дамып отырған мода 1900 жылдары болашақ Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары жарық көрген. Ал Коко Шанельдің кішкентай қара көйлек ұғымы 1926 жылы пайда болған. Әрине, айта берсек, Бруно Банани, Викторияс Сикреттің дәуірі басталғалы біраз болды.

Орта ғасырларда өмірге келген ең алғашқы сән үлгілерінің пайда болуы

Орта ғасырларда тігу техникасы жетіле түсті. Бұл дәуірдің костюмінде тұңғыш рет қосылып тігілген жең және бүрме пайда болды. Тар иықты, белі жоғары, өзі ұзын көйлек және тар ұзын белдемше, биік баскиім әйелдер костюміне ұзарған силэтті әсер берді. Ал ерлеркиімі туниканың бұрынғы сипатын сақтап, өте тар болды. Ортағасырлық даму кезіңінің киім силуэтіне тән кескін – созылған үшкір пропорциялар. Конус сипатты бас киімі ұзын биік мұнараны еске салады. ХVII ғасырда біртұтас әлемдік көркем мәдиенеттің контурлары жоспарланады. Өнерде екі жаңа стиль – Барокко және классицизм туындайды. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.

0
0
465

Сән әлемінің қалыптасуы және дамуы.

. Бұл сөз орыстарда Петр I кезінде пайда болды. Францияның Париж қаласын сәннің бастауы, сонда пайда болған жер деп саналады. Сән – адамдардың ойларының дамуы, шығармашылық қиялы десек болады. Бірақ аяқ киімнің үлкен мұрындары, биік платформалар, көйлектердің ұзын пойыздары, корсеттер және аман қалу немесе мәртебеге баса назар аудару үшін қажет емес басқа элементтер - сән тарихының бастамасы. Әр адам өзінің қалаған киімін кие алады. Ал сән әлемі қазіргі деңгейге жету үшін қандай жолдардан өтті?

Археологиялық зерттерулерге қарасақ киіну мәдениеті полеолит дәуірінен бастау алған. Себебі сол дәуірде адамдар әулет жерлерін жабу үшін аңның терілерінен киім жасап кие бастаған. Бірақ бұл уақытта әйелдер киетін, ерлер деп киетін жыныстық жағынан бөлінбеген еді. Әр дәуірге өткен сайын киімдері де өзгеріп, біртіндеп жиде, шалбар деген киімдер шыға бастады. Сән әлемі дами келе қолданысқа «стиль» сөзі ене бастады.

Сәнде маңызды ұғымдардың бірі– стиль. Стиль – (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.

Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.

Классикалық стиль: • Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы; • Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата; • Түстері қатты ашық емес және нәзік; • Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды; • Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ - киімдер.

Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.

Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.

Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.

0
0
612

Kazakhstan Fashion Week жобасы несімен есте қалды?

Жақында  Алматыда Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығы өтті. Онда отандық  және шет елдік 17 дизайнер өз топтамаларын ұсынды. 

Сән апталығының басты мақсаты отандық өнімді қолдау және дизайнерлердің топтамасын көпшілікке таныстыру. Сәнгерлердің барлығы таза табиғи өнімдерге басымдық берген. Осылай қоршаған ортаны қорғауға шақырады. Сән апталығының бас продюсері Саят Досыбаевтың айтуынша, биылғы топталарда табиғатпен үндестік айқын сезіледі. Себебі, барлығы табиғи. Яғни киімдер таза жүн мен мақта талшықтарынан жасалған маталардан тігілген.

Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығының прет-а-портесі 2004 жылдан бастап өткізіліп келеді. Еліміздің басты подиумы республиканы және шет елді мойындатқан қазақстандық дизайнерлердің жұлдызын жарқыратты десек болады. 

Жиырмадан астам дизайнер жыл сайын KFW арнайы жобасына, яғни New Generation жас дизайнерлер байқауына қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара сән индустриясымен қатар жеңіл өнеркәсіптің дамуына үлесін қосады.

Kazakhstan Fashion Week ұйымдастырушылары Алматы қаласының әкімдігімен және Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының креативті индустрияларды дамыту бөлімімен бірге белсенді түрде жұмыс жасайды. 

Қазақстанда сән саласы дамып жатқаны қуантады. Бәсекенің арқасында даму болатыны рас. Біздің елде стилистер, косметологтар, дизайнерлер мен визажистердің қатары өсіп келеді. Бәсеке сапа тудырады. Марафонда секілді мұнда адамдар өте көп. Олардың қайсысы мәре сызығына жететінін әрине, уақыт көрсетеді.

Жалпы, әр шығармашыл тұлға өзінің әлемін басқаша көреді. Мейлі ол сән әлемі болсын, басқасы болсын. Мен үшін сән әлемі ешқандай сатыларға бөлінбейді. Сән әлемі әр дизайнер үшін жалпы осы салада жүрген кез келген адам үшін өзінің талантының, өзінің шығармашылығының ерекшелігін көрсету үшін тамаша мүмкіндік береді.

32 маусымның бас серіктесі BI Group компаниясы болды. 

BI Group компаниясы маркетинг жөніндегі  директоры Элина Сүлейменова:

Бұл KFW үшін алғаш қолдау көрсетілген креативті жобалардың бірі. «Біз Орта Азиядағы ең басты мәдениеи және сән шарасы болып саналатын Kazakhstan Fashion Week жобасына екінші жыл қолдау көрсетіп жатырмыз. Қазақстан азаматтары үшін жасайтын бақыттың құндылықтары – құндылықтары бізбен тығыз үндесетін өте әдемі іс-шара. Шамамен үш жыл бойы біздің ұранымыз «бақытпен өмір сүріңіз» деп айтылады және біздің басты міндетіміз – тұрғындарымызды мүмкіндігінше бақытты сезіну, үйлерімізде жақсы және жайлы өмір сүру үшін бәрін жасау. 

Сонымен қатар шараға қолдау көрсеткен қазақстандық бизнес өкілдері де бар: SARA MILAN компаниясы, Gentle Health, SHYMBULAK таулы ауыз суы, Prosto Cosmetics.

 Кеуде обыры әйелдер арасында кең таралған онкологиялық ауру. Тіпті әлем бойынша аты жаман аурулар ішінде сүт безі қатерлігі ісігі бірінші орында тұр. Сала мамандары осылай дейді. Себебі бұл дерт жасырын дендейді. Яғни, кеудедегі ауруды әйел сезбеуі мүмкін. Сүт безіндегі өзгеріс тек маммологтың тексеруінен кейін анақтыланады. Осы ретте, AVON кеуде обырының алдын алуға байланысты қоғамдық жоба жасауда. Бұл, әрине  сауапты, әрі жауапты іс. 

Kazakhstan Fashion Week-тің құрылу тарихы 2004 жылдан бастау алады. Бірінші жоба Almaty Fashion Week деп аталды, осы атаумен ол бір жылға созылған. Жобаның негізін қалаушылар, KFW продюсері Саят Досыбаев және Kazakhstan Fashion Week дизайнер, стилист, арт-директоры Алексей Чжен бұл жобаны тек бір қала үшін емес, түгел еліміз бойынша ұйымдастырсақ деген шешіммен Kazakhstan Fashion Week деп атауын өзгерткен. Олардың басты мақсаты – өңірлерде дизайнерлердің шығармашылығын дамытып, отандық өнімдерді әлемге таныстыру.

Бір байқағаным, көпшілігінің  мата түстері де табиғаттағы ашық түстерден алынған. Талғаммен таңдалған киім адамның сымбатын арттырары хақ. Тағы бір байқағаным, халық сән апталығын сағынып қалған. Сәнді киінуге жанықұмар жандардың бәрі  жиналған шара өте жоғары деңгейде өткеніне куә болдым.

Kazakhstan Fashion Week – көптеген дизайнерлер үшін негізгі әрі бастапқы алаң. Дәл осы жерде қазақстандық сән әлемінде жаңа есімдер ашылуда. Сондықтан, еліміздегі сән әлемі дами берсін дегім келеді.

Fashion-индустрияның ортасында жүрген кез-келген адам үшін, кез келген дизайнер және осы салада өзін сынағысы келетін шығармашыл тұлғалар үшін KFW алаңы жаңа, жеке нәрсе жасауға және өз талантын көрсетуге таптырмас мүмкіндік береді.

#Fashionиндустрия

#KazakhstanFashionWeek

#KazakhstanFashionWeek2023

#KazakhstanFashionWeek23

#KFW23

0
0
844

Бір жылдан кейінгі базына

Осыдан тура бір жыл және бір күн бұрын, яғни 2022 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында өткен Торғай облысын ашуға қатысты ресми рұқсат етілген митингке қатысқан едім. Өткен шара туралы жазылды, қайталау артық болар, тек өз тарапымнан жалпы, мұндай шараға алғаш рет еркін қатысқан едім және мінберге шығып, жол, газ, ішкі туризм мәселелері бойынша сөз сөйлеген болатынмын. 

Өз ойымды тағы бөлісуді жөн көрдім:

"Ассалаумағалейкум ағайын!

Жаңадан ашылған Ұлытау облысының картасы шықты, аймақ бар болғаны екі аудан мен екі қаладан және бір қалашықтан тұрады екен. Сонда, 10 ауданнан және үш қаладан тұратын бұрынғы Торғай облысының облыс болуға мүмкіндігі жоғары деген сөз ғой.

Ал, енді, тақырып бойынша айтсам.

Миллиард пұт астық тапсырып отырған және кезінде әр совхозында 85 мың қойы болған Торғай облысы қазба байлықтарына да бай, дегенмен, өңірді дамыту үшін туризмнің де маңызы зор. АҚШ зерттеушілерінің мәлімдеуінше Әлемде теңдесі жоқ Торғай геоглифтері арқылы ғана миллиард доллар табыс табуға болады екен. Өкінішке орай, аймақтың туризміне мән берілмей отыр.

Торғай жерінің табиғаты, яғни, көлі де шөлі де, шоқты ормандары мен таулары да туристер үшін қызық болары сөзсіз. Ауыл, яғни этнотуризм де туристердің қызығушылығын арттырады, оған өзіміз де ат салысып жүрміз.

Әрине, соңғы жылдары еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындары үшін Торғай жері туризм аймағына айнала бастады. Мысалы, алдыңғы жылы тек, Қаратұзды көруге 5000 адам келген. Ал, қазақтың талай талантты ұл-қызын дүниеге әкелген туған жерімізді танығысы келетіндер көп, ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілетін (дұрысы, аталып өткен) Ахаң мерейтойы бойынша ұлылардың ізімен жүруге қызығушылық артып отырғаны белгілі.

Дегенмен, аймақтың дамуы үшін үш нәрсені айта кетейін, бірінші – ол газдың жоқтығы, жолдың жоқтығы және инфрақұрылымның жоқтығы.

Мысалы, Ақтөбе облысының Торғайдан 70-100 шақырым қашықтықтағы Ырғыз ауданына, Қостанай облысының бізбен іргелес Науырзым, Әулиекөл аудандарына газ келіп тұр, сол газдың Торғай жерін айналып кететінін түсінбеймін. Жалпы, осы біз тоқалдан тудық па деген сұрақ туындайды?!

Жол мәселесіне қатысты айтатын болсақ Торғай аймағының Ұлытау облысымен, Ақтөбе облысымен және Ақмола облысымен шекаралас жерлеріндегі жолдарға қарасаңыз, соғыстан кейінгі бомба түскендей, жол емес, жол деген аты ғана. Сондықтан, осы учаскелерге мән беру керек, ал, жалпы, жол туралы айтқанда 2018 жылы басталуы тиіс республикалық (халықаралық) Орталық-Батыс жолына айрықша мән беру қажет. Өйткені, бұл біріншіден, аймақтың дамуына серпін берер еді және екіншіден, Қазақстанның солтүстігін еліміздің батысымен және орталығымен байланыстыратын тіке жол. Яғни, аймақтың көліктік дәліз ретіндегі мүмкіндігін ұмыта береміз. Егер, жол салынса Астана мен Арқалық арасындағы қашықтық 395 шақырымды құрар еді. Айтқандай, ол жолдың салынуына қарсылар бар, оның бастысы Қазақстанның АСБК, яғни Биоәртүрлілікті сақтаудың қазақстандық қауымдастығы, олардың айтуынша Орталық-Батыс жолы киіктердің жолы екен-мыс. Осы күнге дейінгі жасымда аталған жолдан киіктің өткенін көрмеппін. Адам тұрмысы, өмірінен гөрі киіктің артықтығы деген осы. Айтқандай, ата-бабамыздың жерін босатып Ұлы Жыланшық, Тосын және Сарыторғай учаскелерін құрайтын жарты миллион га тұратын "Алтын Дала" резерватына бердік. Жалпы, болашақта аталған резерваттың бір бөлігін жергілікті халыққа қайтару керек және резерваттың жұмыс істеуіне жергілікті халықтың мүдделілігі қажет. Ал, аталған ұйымның (АСБК) тек сурет салып, бәрін қатырып жатырмыз дегені бос сөз.

Және, соңғы, Арқалықтың тағдырына қатысты, егер, болашақта аймақтың орталығы Арқалық қаласын дамытамыз десек, жалғыз институтты қалдырмай, Арқалықты білім хабына айналдыру қажет. Мысалы, Меруерт Махмутова апайымыз айтқандай Арқалықта ірі университеттердің филиалдарын ашып, Ыбырай ашқан алғашқы білім ошағы ретіндегі рөлін арттыру керек. Және, Арқалықтан 450 шақырымдағы кей ауылдар үшін Торғайда жергілікті мамандарды даярлау мақсатында колледж ашса тіпті керемет болар еді. Және, шағын авиацияны қалпына келтіру маңызды, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіреміз деген кейбіреулердің уәдесі де өтірік болып шықты.

Қысқаша айтқанда, соңғы жиырма жылда Қостанай облысынан сайланған депутаттарымыздың бірлі-жарымдысынан өзгесі Торғай жеріне із салмады, бірде бір Премьер-Министріміз 300 мың халқы бар Торғай аймағының тағдырына тіптен мән бермеді. Бұлай ұзаққа созыла бермейді. Шыдамның да шегі бар, Үкімет ұлт ұясы Торғайға мән беруі қажет, олай болмаған күнде, Астана іргесінде Қазақстандағы ең протестті аймақтың пайда болуы мүмкін. Ал, ол билікке керек пе, жоқ әрине, ендеше аймақ проблемасын шешу үшін оның кешенді бағдарламасы жасалып, ертеңнен бастап іске кірісуіміз қажет!

Айтқандай, митингке келіп өз пікірін білдіруге шақырылған Қостанай облысының біздің аймақтан сайланған депутаттары келген жоқ және Парламент депутаттарының да аяқ астынан жете алмай қалуы көп жайттан мән берер еді?!".

0
0
471

Катынь қырғыны

1-сурет. Катынь қырғынына ұшырағандар құрметіне қойылған ескерткіш, Польша

1939 жылғы 23 тамызда фашистік Германия мен КСРО Молотов-Риббентроп пактіне қол қойып, Шығыс Еуропаны бөліске салды. Соның нәтижесінде, Кеңес Одағы Бессарабияны (Румыния жері), Балтық жағалауы елдерін (Эстония, Литва және Латвия), Польшаның және Финляндияның бір бөлігін басып алды. Әрине, аталған мемлекеттер ішінде қатты қарсылық көрсеткендер поляктар мен финдер болды. Алайда, финдер КСРО-ға қарсы соғыста 12 процент жерінен айырылса, поляктар екі майданда қос авторитарлық режимге қарсы соғысуға мәжбүр болды. Соғыс барысында поляк әскерлері қолға түсіп, КСРО билігі олардың, яғни, шетел азаматтарының көзін жою туралы шешім қабылдайды.

2-сурет, Лаврентий Берияның Иосиф Сталинге Польша азаматтарын ату туралы жазған хаты

Сөйтіп, халықаралық және адами қасиеттерден ада, өз азаматтары түгіл, шетелдіктерді аямайтын Кеңес Одағы қолға түскен 21 857 поляк азаматын, яғни, поляк офицерлері мен сарбаздарын атып тастайды. Және, олардың отбасыларын, Қазақстанға жер аударады. Лагерлердегілердің (атылғандардан өзге) және жер аударылғандардың бір бөлігі еліне тек 1954 жылы қайтарылады.

Бұл жан түршігерлік оқиғаны КСРО көп уақыт мойындамай келді, оның шындығы тек 1990 жылдары ашылды.

3-сурет, КСРО Саяси бюросының шешімінің бірінші данасы

Ал, 2010 жылы Катынь шейіттерінің құрметіне ұшып келе жатқан Польша Президенті делегациясының 96 мүшесі әуе апатынан қайтыс болып, Польша бір күнде саяси элитасы мен әскери басшылығынан айырылды. Бұл қолдан жасалған диверсия ма емес пе деген ой келеді?! Смоленск аспанында қайтыс болғандардың бұл оқиғасының шындығы әлі ашылған жоқ.

📌 Тіл саясатын сақтаудың қоғамдық мониторингі

✅Жітіқара аудандық мәслихатындағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Дилда Хайрат "Қазақ тілі қоғамы" қоғамының мүшелерімен бірлесіп "ҚР тіл туралы" қолданыстағы заңның сақталуына, атап айтқанда, орыс тілінен қазақ тіліне аударылған баға белгілері мен тауар белгілерінің дұрыс сәйкестігіне мониторинг жүргізу үшін "FIX price" және "Светофор" дүкендеріне барды. 

⚡ Сауда нүктелерінде жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тіл саясатының сақталуы бойынша бұзушылықтар анықталды, жекелеген тауар түрлерін мемлекеттік тілге аударуда сәйкессіздіктер анықталды.

✔️ Мониторингтік топ мүшелері әкімшілікті анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етті және барлық анықталған ескертулерді сәйкестікке келтіруді ұсынды.

#AMANAT

0
0
423