Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 536 жазбалар52 тіркелуші

Всяко-разно

Африкаға кетем бір күні!

Африкаға кетем бір күні!

Когда бесконечно смотришь одни и те же фильмы, иногда хочется хотя бы совершить виртуальное путешествие за "три девять земель". Так изучив страны нашего региона,  мой взор теперь нацелен на далекую Африку. Африка большая, но если в будущем посещу Черный континент, то первым делом поехал бы на остров Занзибар. Очень интересный остров, когда-то наши соседы по Каспийскому морю персы переплыли по восточному побережью Африки и доплыли до этого острова, где ими был создан султанат, позже власть захватили арабы. Остров стал крупным перевалочным пунктом по продаже рабов. А в пятидесятые годы, местное негроидное население полностью вырезали арабов. Видимо,  они не могли забыть насилие работорговцев.  Сейчас Занзибар не только туристский рай,  здесь еще и выращивают какие-то монокультуры,  которые пополняют местный бюджет. Также сохранились здания арабского и европейского колониального периода. Вторая страна- это Эфиопия, одна из немногих стран, которая наравне с Либерией во время колонизации европейцами, сохранила свою независимость. Эфиопия древняя страна, которая имела свою государственность с незапамятных времен, кстати, Эфиопия - родина кофе. Третья страна-Руанда, где когда-то произошли этнические чистки, два родственных народа- тутси и хути убивали друг друга с особой жестокостью. Сейчас страна получила урок из истории и стал Африканским  "Сингапуром". Четвертая страна - это Тунис,  это самая европеизированная арабская страна в Африке, где сохранились много объектов мусульманской архитектуры,  здесь же берет начало "Арабская весна". Пятая страна-Мавритания,  которая находится на севере Африки, монархическая страна, для меня интересен тем,  что здесь существует симбиоз арабской и берберской культуры, и архитектура также очень интересная. Шестая страна - Мали, она одна из самых бедных стран мира, но мне интересен конкретный объект - это Тимбукту. Тимбукту расположен на перекрестке Транссахельской торговой зоны, сейчас это север государства Мали и в этой части страны в основном проживают туареги, которые борются за независимость своего государства - Азавада. Тумбукту - это когда-то центр симбиоза арабской и кочевнической культуры,  где местные интеллектуалы переиздавали многие мусульманские трактаты,  к сожалению эта традиция потеряла связь, но старинные здания из глины (как в Центральной Азии) напоминают о былом величии этого города, кстати, чем-то он похож на наш Туркестан!  Армандауға болмай ма?!

Өзге жұрт қарғап кетеді, ал, біздің жұрт қайырлы болсын дейді

Біздің халқымыздың басынан өткен кешегі отарлық саясаты өз "жемісін" бергені сондай, бірдеңе болса, "казах без понтов не казах", "қазақпай", "қазақский ремонт" (нашар атқарылған жұмыс туралы), ең ақыр аяғы "қазақ десең өзіңе тиеді" деп күстәналай жөнелеміз. Бірақ, тарихшы ретінде талай материалға талдау жасаған кезде біздің халқымыздың батырлығына, адалдығына, тазалығына таң қаламын. Осы жай туралы көптен бері ойласып жүрген едім, оған тағы түрткі болғаны өзімнің жақсы көретін жерлес апай, қаламы ұшқыр, ниеттес, пікірлес жан - Анар апайдың "Тосын" атты мақаласы себеп болды. Заманында Асан Қайғы желмаясымен желіп жүріп Торғайдың Тосынын көріп "Ақшабағы май татыған, қара суы бал татыған Тосын мен Торғай-ай! Әттең, ат сауырына сыймайсыңдар-ау, сыйсаң бөктеріп алып кетер едім" деген екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын Торғайда (Көкалат ауылы) тусам да Тосынға алғаш рет жол түсіп еді (ондай да болады екен), кейін "Тосынқұм" атты материал да жазғанмын. Сарытосын Торғайдың киелі, ғажап өлкелерінің бірі, дегенмен менің айтпағым Анар апайдың мақаласындағы мына бір ой еді. Кезінде жаугершілік заманда Шақшақұлы Жәнібек тархан Торғай бойындағы торғауыттардан біздің мекенімізді азат еткенде, кетіп бара жатқан қалмақтар, Торғай өзенінің қарсы бетінде тұрып,  алақандарын жайып: «Көк майсасы белден келетін, балығы тайдай тулаған, ұшқан құсы жыртылып айырылған қайран сахарам-ай, сақау қазаққа қалып барасың-ау», деп теріс бата беріпті.

Біріншісі – «Өзің білме, білгеннің тілін алма», екіншісі – «Ешкімге айта алмай­тын, сыртқа шығара алмайтын қара сасырға күн­­де жолық», онысы – ұл-қызым жаман, келі­­нім мен күйеу балам, алған жарым немесе ота­ғасым жаман деп кімге айтасың. Қор­лық­ты үй ішінен көріп, күнде бүгіл және оны сыртқа шығара алмай қинал, дегені екен. Үшіншісі – «Бұрынғы қайғыңды соңғы қайғың ұмыттырып отырсын» дегені көрі­неді.

Ал, енді, қилы-қилы заманда "Еділдің бойы ен тоғайды" амалсыз тастап бара жатқан дала жұрты Қарға бойлы Қазтуған жыраудың аузымен:

"Қайырлы болсын сіздерге,

Бізден бір қалған Еділ жұрт,

Қайран да менің Еділім...

Қайран да менің Еділім..." деп қимастықпен қоштасады!

Міне, өзге жұрт қарғап кетеді, ал, біздің жұрт "қайырлы болсын" дейді!

#Қазақ керемет халық!#

0
0
608

Айт күні Наурыз “Zaman”-да заманауи үлгіде тойланды

Шығыс халықтарының бар болмысын айшықтайтын Наурыз мерекесі – тіршіліктің жаңарып, табиғаттың жасаратын, адамзаттың жаңашылдыққа ұмтылатын мерейлі мезгілі. Тарихы тереңде жатқан бұл мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.

Наурыз мейрамы – ерте заманнан түркі тілдес халықтары арасында кеңінен тойланып, заманына сай жаңарып, жаңғырып келе жатқан ұлттық мереке.

Атадан балаға мирас болған ұлттық мейрамды насихаттау мен дәріптеу мақсатында “Zaman” мектебінің оқуышларына арнайы 4киіз үй тігіліп, алтыбақандар мен қолөнер шеберлерінің сәндік қолданбалы өнер бұйымдарынан   көрме ұйымдастырылды.

Салтанатты мерекелік іс-шара ел ағалары мен ел аналарының ақ тілегімен бастау алды.

Мереке барысында қыз балалар үшін бауырсақ пісіру, құрақ құрау, кесте тігу шеберліктері өткізілсе, ал ер балалар үшін асық ату, арқан тарту, гір көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылып, тақырыптық сахналық көріністер мен концерт қойылды.

Меркелік жиынға қатысқан қонақтар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде жаңа жылдың берекелі болуын тілеп тарқасты.

Дайындаған: НАЗИРА  БУРХАНОВА

Инстаграм: @burhanova.nazyra

0
0
719

Департамент басшысы Қобылан Манап жұмыс сапарымен Ақсу ауданына барды

Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында Департамент басшысы Қобылан Манап және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерлету кабинетінің меңгерушісі Альфия Калханова Ақсу ауданына іссапармен барды.

Іссапар барысында жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізіп, департамент басшысы тарапынан мемлекеттік қызмет саласында орын алып жатқан өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Өз кезегінде, А. Калханова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу шарттарын түсіндірді, сонымен қатар 2023 жылғы қабылдау ережелеріндегі өзгерістеріне тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар іссапар шегінде Халыққа қызмет көрсету сапасына және қолжетімділігіне бақылау жүргізу мақсатында Қ. Манап аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы мен жергілікті Сервистік әкімдігінің жұмысымен танысып онда азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында азаматтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Департамент басшылығымен осы бағыттағы кездесулер легі жалғасады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі / Агентство РК по делам госслужбы

0
0
663

Кәсіпкерге жер учаскесіне актіні беруге негізсіз бас тартылған


Жергілікті атқарушы орган тарапынан әкімшілік кедергіге тап болған кәсіпкер Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінді.
Кәсіпкер Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Талғар аудандық тіркеу бөліміне және жер кадастрына қатысты «жер учаскесіне акт дайындау және беру» мемлекеттік қызметін алу кезінде негізсіз бас тарту мәселесі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағыммен жүгінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмыс кеңесін өткізді, оның нәтижелері бойынша кәсіпкердің дәлелдері расталғаны және бөліммен негізсіз бас тарту ұсынылғаны анықталды.
Осыған байланысты кәсіпкердің бұзушылықтарын жою және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде нұсқама берілді.
Кәсіпкердің құқықтары толығымен қалпына келтірілді.

0
0
481

Кәсіпкер 2 жыл бойына мемлекеттік актіні ала алмай жүрген

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 2 жыл бойы жер учаскесіне мемлекеттік актіні ала алмай жүрген кәсіпкер жүгінді.
Азап шегудің себебі Кеңес заманында берілген құжаттарды (ҚазКСР Халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің шешімдері мен ХАТТАМАСЫ және ҚазКСР жер учаскесіне мемлекеттік актінің болмауы) талап ету болды.
Осыған ұқсас себеппен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімі ұзақ уақыт бойы ПКК төрағасына жер учаскесіне мемлекеттік актіні беруден бас тартты.
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жер кадастры филиалында уәкілетті органдармен көшпелі кеңес өткізді. Нәтижесінде, талап етілген құжаттар мемлекеттік актіні дайындау үшін негіз болып табылмайтыны белгілі болды.
Кәсіпкерге МЖК ААЖ деректер базасының мұрағаттық жазбасы негізінде жер учаскесіне мемлекеттік акт дайындалды.
Кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

0
0
504

Аутизм мәселесін зерттейтін болашақ мамандар біздің университетте

Қазірге кезде әлемдік деңгейде алдыңғы қатарда тұрған мәселелердің бірі - балалардағы аутистік спектр бұзылыстар. Себептерін зерттеуші ғалымдардың ортақ бір шешімге келмеуі, көптеген болжамдарды алға тартады. Кейбір болуы мүмкін факторлар, олар негізінен гендік ықтималдылық, баланың өсу кезеңдеріндегі ми дамуының бұзылыстары, әр түрлі сыртқы факторлардың әсері болуы мүмкін деген болжамдар ұсынылады. Сондықтан, бұл бағыттағы зерттелінетін өзекті мәселелер болашақ психологтардың, оның ішінде клиникалық бағытта жұмыс жасайтын психолог мамандардың еншісінде. Осы орайда бакалавр студенттерінде және  «7М03117 - Клиникалық психология» бағытындағы магистратурада әл-Фараби атындағы Ұлттық Университеттің, Философия және саясаттану факультетіндегі, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының тәжірбиелі ұстаздарымен «Аутизм және жүріс – тұрысты талдау», «Аномальды даму», «Нейропсихология» сияқты пәндер оқытылып, арнайы өндіріс орындарында арнайы жабдықталған кабинеттерде практикалық сабақтармен тәжірбиелік дағдыларын арттыруда. Бұл болашақта осы бағыттағы психологиялық зерттеу, диагностикалау, түзету жұмыстарын жүргізе алатын кәсіби мамандардың қатарын арттыруға мүмкіндік береді.

# ҚазҰУ

# психология_ҚазҰУ

0
0
484

Ардагердерді ардақтайық - С заботой о старшем поколении

📌 21 апреля 2023 года Председатель Житикаринского районного филиала партии "AMANAT" Нурлан Уразалинов, в рамках реализации  партийного проекта «Ардагердерді ардақтайық» (С заботой о старшем поколении) совместно с акимом района, заместителем акима и Председателем районного совета ветеранов посетили почетного гражданина Житикаринского района Калинину Марию Ивановну и поздравили с 85-летием. пожелали крепкого здоровья, ясного неба над головой. 

✅Вся трудовая деятельность Марии Ивановны Калининой связана с совхозом Шевченковка, в который она приехала в 1955 году по комсомольской путевке из Украины. Работала токарем МТМ, 9 лет руководила сельским Советом, заочно окончила библиотечный техникум и работала заведующей библиотекой. Избиралась депутатом Верховного Совета Казахской ССР. Она, единственная из женщин региона, награждена орденом Октябрьской Революции. Орден вручал Д.А.Кунаев.

⚡ Мария Ивановна активно работала в клубе ветеранов "Как молоды мы были", регулярно публиковала в газете "Авангард" корреспонденции, зарисовки о человеческих судьбах, их жизни, делах. Особое место в своих статьях Мария Ивановна уделяет труженикам села.

✅В данное время Калинина М.И. проживает в городе Житикара, неравнодушна к проблемам людей, также активно занимается благоустройством своего двора 11 мкр. 9 дом.

#AMANAT

0
0
390

«Клиникалық психология» бағытында теория мен практиканы ұштастырған Университет

Қазіргі өндіріс талаптарына сәйкес психология саласында да  өзекті бағыттардың саны артып келеді, соның ішінде «7М03117 - Клиникалық психология» бағытта мамандар даярлауда әл-Фараби атындағы Ұлттық Университеттің, Философия және саясаттану факультетіндегі, жалпы және тәжірбиелік психология кафедрасының еңбегі зор. Теориялық білімдер мен тәжірбиелік білімдерді ұштастыруды негізге ала отырып, білім алушы студенттер, магистрлерге өндірістік жағдайда тәжірбиеден өтуге мүмкіндік жасалған. Кәсіби практик психолог мамандармен бірлесе отырып, клиникалық талдаулар, психодиагностикалық зерттеулер жүргізу дағдыларын игере алады.   Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Ұлттық Университет пен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталықтың бірлесіп жасалған меморандумы негізінде, аталған орталықта болашақ психолог мамандар «7М03117 - Клиникалық психология» бағыты пәндері бойынша ұдайы дәрістер және практикалық-лабораториялық сабақтарда білімдерін арттыруда.

# КазНУ

# клиникалық_психология_ҚазҰҮ

0
0
364

Назарбаеву: "Ақ жолға шығайық..." Из эпоса: "Параллельная история Казахстана".

Уақытты жеңген адам болмайды

Ұрлықты жойған патша болмайды

Бірақ адамның сыйлы сөздері

Ұрлықтын жолын жауып тастайды

Патшаға ақыл айтып керегі жоқ

Бірақ ол өзiн-өзi  сыйлау үшiн

Елдің жағдайына қарау керек

Өмiрде барлығы бiр-бiрiн түсiнедi 

Қара су құйылса өзендi бүлдiредi 

Қара сай жолымен жүрген патшаға

Халықтың тiлегi:

"Ақ жолға шығайық

Балаларға қалдырған қарыз салмақты

Қайтарып үлгеру - Өмiрдiң жалғасы

Тәңipдiң қолында, халықтын алдында

Таза бол, өлсең, өмiрдiң жағасында

Қайтармай кетсеңде, тығып түгел сен

Жыламайды бiздiң ел

Тұқымдары қайтарады

Шешiмге өзiн кел, тыныштық тiлесең

Туған жерде тұрған қазақтың елiне".

Айтқан сөз жазылды...

Ораза кезiнде

Ақ жолдын тiлегi

Аспанга жетедi

Еститiн естідi 

Ер болса тыңдайды

Өлердiң алдында

Құл сияқты болма сен.

Өмiрдiң жалғасын

Пайдасыз қалдырмай,

Өмiрге келген соң

Таза боп кеткен жөн.

Арттағы ұрпаққа

Жұлдызын ашып бер.

0
0
1958