Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Kazakhstan Fashion Week жобасы несімен есте қалды?

Жақында Алматыда Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығы өтті. Онда отандық және шет елдік 17 дизайнер өз топтамаларын ұсынды.

Сән апталығының басты мақсаты отандық өнімді қолдау және дизайнерлердің топтамасын көпшілікке таныстыру. Сәнгерлердің барлығы таза табиғи өнімдерге басымдық берген. Осылай қоршаған ортаны қорғауға шақырады. Сән апталығының бас продюсері Саят Досыбаевтың айтуынша, биылғы топталарда табиғатпен үндестік айқын сезіледі. Себебі, барлығы табиғи. Яғни киімдер таза жүн мен мақта талшықтарынан жасалған маталардан тігілген.

Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығының прет-а-портесі 2004 жылдан бастап өткізіліп келеді. Еліміздің басты подиумы республиканы және шет елді мойындатқан қазақстандық дизайнерлердің жұлдызын жарқыратты десек болады.

Жиырмадан астам дизайнер жыл сайын KFW арнайы жобасына, яғни New Generation жас дизайнерлер байқауына қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара сән индустриясымен қатар жеңіл өнеркәсіптің дамуына үлесін қосады.

Kazakhstan Fashion Week ұйымдастырушылары Алматы қаласының әкімдігімен және Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының креативті индустрияларды дамыту бөлімімен бірге белсенді түрде жұмыс жасайды.

Қазақстанда сән саласы дамып жатқаны қуантады. Бәсекенің арқасында даму болатыны рас. Біздің елде стилистер, косметологтар, дизайнерлер мен визажистердің қатары өсіп келеді. Бәсеке сапа тудырады. Марафонда секілді мұнда адамдар өте көп. Олардың қайсысы мәре сызығына жететінін әрине, уақыт көрсетеді.

Жалпы, әр шығармашыл тұлға өзінің әлемін басқаша көреді. Мейлі ол сән әлемі болсын, басқасы болсын. Мен үшін сән әлемі ешқандай сатыларға бөлінбейді. Сән әлемі әр дизайнер үшін жалпы осы салада жүрген кез келген адам үшін өзінің талантының, өзінің шығармашылығының ерекшелігін көрсету үшін тамаша мүмкіндік береді.

32 маусымның бас серіктесі BI Group компаниясы болды.

BI Group компаниясы маркетинг жөніндегі директоры Элина Сүлейменова:

Бұл KFW үшін алғаш қолдау көрсетілген креативті жобалардың бірі. «Біз Орта Азиядағы ең басты мәдениеи және сән шарасы болып саналатын Kazakhstan Fashion Week жобасына екінші жыл қолдау көрсетіп жатырмыз. Қазақстан азаматтары үшін жасайтын бақыттың құндылықтары – құндылықтары бізбен тығыз үндесетін өте әдемі іс-шара. Шамамен үш жыл бойы біздің ұранымыз «бақытпен өмір сүріңіз» деп айтылады және біздің басты міндетіміз – тұрғындарымызды мүмкіндігінше бақытты сезіну, үйлерімізде жақсы және жайлы өмір сүру үшін бәрін жасау.

Сонымен қатар шараға қолдау көрсеткен қазақстандық бизнес өкілдері де бар: SARA MILAN компаниясы, Gentle Health, SHYMBULAK таулы ауыз суы, Prosto Cosmetics.

Кеуде обыры әйелдер арасында кең таралған онкологиялық ауру. Тіпті әлем бойынша аты жаман аурулар ішінде сүт безі қатерлігі ісігі бірінші орында тұр. Сала мамандары осылай дейді. Себебі бұл дерт жасырын дендейді. Яғни, кеудедегі ауруды әйел сезбеуі мүмкін. Сүт безіндегі өзгеріс тек маммологтың тексеруінен кейін анақтыланады. Осы ретте, AVON кеуде обырының алдын алуға байланысты қоғамдық жоба жасауда. Бұл, әрине сауапты, әрі жауапты іс.

Kazakhstan Fashion Week-тің құрылу тарихы 2004 жылдан бастау алады. Бірінші жоба Almaty Fashion Week деп аталды, осы атаумен ол бір жылға созылған. Жобаның негізін қалаушылар, KFW продюсері Саят Досыбаев және Kazakhstan Fashion Week дизайнер, стилист, арт-директоры Алексей Чжен бұл жобаны тек бір қала үшін емес, түгел еліміз бойынша ұйымдастырсақ деген шешіммен Kazakhstan Fashion Week деп атауын өзгерткен. Олардың басты мақсаты – өңірлерде дизайнерлердің шығармашылығын дамытып, отандық өнімдерді әлемге таныстыру.

Бір байқағаным, көпшілігінің мата түстері де табиғаттағы ашық түстерден алынған. Талғаммен таңдалған киім адамның сымбатын арттырары хақ. Тағы бір байқағаным, халық сән апталығын сағынып қалған. Сәнді киінуге жанықұмар жандардың бәрі жиналған шара өте жоғары деңгейде өткеніне куә болдым.

Kazakhstan Fashion Week – көптеген дизайнерлер үшін негізгі әрі бастапқы алаң. Дәл осы жерде қазақстандық сән әлемінде жаңа есімдер ашылуда. Сондықтан, еліміздегі сән әлемі дами берсін дегім келеді.

Fashion-индустрияның ортасында жүрген кез-келген адам үшін, кез келген дизайнер және осы салада өзін сынағысы келетін шығармашыл тұлғалар үшін KFW алаңы жаңа, жеке нәрсе жасауға және өз талантын көрсетуге таптырмас мүмкіндік береді.

#Fashionиндустрия

#KazakhstanFashionWeek

#KazakhstanFashionWeek2023

#KazakhstanFashionWeek23

#KFW23

0
0
768

Осы тақырып бойынша

Kazakhstan Fashion Week жобасы несімен есте қалды? - Yvision.kz