Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Клиникалық психология» бағытында теория мен практиканы ұштастырған Университет

Қазіргі өндіріс талаптарына сәйкес психология саласында да өзекті бағыттардың саны артып келеді, соның ішінде «7М03117 - Клиникалық психология» бағытта мамандар даярлауда әл-Фараби атындағы Ұлттық Университеттің, Философия және саясаттану факультетіндегі, жалпы және тәжірбиелік психология кафедрасының еңбегі зор. Теориялық білімдер мен тәжірбиелік білімдерді ұштастыруды негізге ала отырып, білім алушы студенттер, магистрлерге өндірістік жағдайда тәжірбиеден өтуге мүмкіндік жасалған. Кәсіби практик психолог мамандармен бірлесе отырып, клиникалық талдаулар, психодиагностикалық зерттеулер жүргізу дағдыларын игере алады. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Ұлттық Университет пен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталықтың бірлесіп жасалған меморандумы негізінде, аталған орталықта болашақ психолог мамандар «7М03117 - Клиникалық психология» бағыты пәндері бойынша ұдайы дәрістер және практикалық-лабораториялық сабақтарда білімдерін арттыруда.

# КазНУ

# клиникалық_психология_ҚазҰҮ

0
0
293

Осы тақырып бойынша