Аутизм мәселесін зерттейтін болашақ мамандар біздің университетте
Қазірге кезде әлемдік деңгейде алдыңғы қатарда тұрған мәселелердің бірі - балалардағы аутистік спектр бұзылыстар. Себептерін зерттеуші ғалымдардың ортақ бір шешімге келмеуі, көптеген болжамдарды алға тартады. Кейбір болуы мүмкін факторлар, олар негізінен гендік ықтималдылық, баланың өсу кезеңдеріндегі ми дамуының бұзылыстары, әр түрлі сыртқы факторлардың әсері болуы мүмкін деген болжамдар ұсынылады. Сондықтан, бұл бағыттағы зерттелінетін өзекті мәселелер болашақ психологтардың, оның ішінде клиникалық бағытта жұмыс жасайтын психолог мамандардың еншісінде. Осы орайда бакалавр студенттерінде және «7М03117 - Клиникалық психология» бағытындағы магистратурада әл-Фараби атындағы Ұлттық Университеттің, Философия және саясаттану факультетіндегі, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының тәжірбиелі ұстаздарымен «Аутизм және жүріс – тұрысты талдау», «Аномальды даму», «Нейропсихология» сияқты пәндер оқытылып, арнайы өндіріс орындарында арнайы жабдықталған кабинеттерде практикалық сабақтармен тәжірбиелік дағдыларын арттыруда. Бұл болашақта осы бағыттағы психологиялық зерттеу, диагностикалау, түзету жұмыстарын жүргізе алатын кәсіби мамандардың қатарын арттыруға мүмкіндік береді.
# ҚазҰУ
# психология_ҚазҰУ
