Міне, еліміз аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, гүлденіп, дамып келеді. Азаттықты армандаған қазақ даласы қайта жаңғыру үстінде келе жатыр. «Қазақ» десе көз алдымызға бірден күмбірлеген домбыра үні, қазақы оюы, дархан даласы, қонақжай халқы, сонымен қатар қырмызыдай жайылған қызғалдақтары әп-сәтте көзімізге елестейтіні рас. Оңтүстігімнің шырайын келтіріп тұрған бұл өлке өзінің ғажап табиғатымен, терең тарихымен, солардың ішінде қырмызыдай қызғалдағымен ерекшеленіп тұрады. Кең байтақ далаға көз салып қарасаң, қазақтың аңқыған жұпар иісін, бейбіт елдің көрінісін тамашалағандай боласың. Тарих қойнауына үңіліп қарасақ, кезінде мұнда теңдесі жоқ Шұбайқызыл шоқысы болған деседі. Қарашекпенділер қаптап, соның арқасында дала қызғалдақтарының да атауы өзгеріп кеткен. Иә, айтылар әңгімемнің арқау…