Алғыс айту күні
Гульханум АСЛАН-ОГЛЫ, Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, күрді халқының өкілі:
— Тәуелсіз Қазақстанның ең басты байлығы – ауызбірлігі мықты халқы. Біз үшін Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпалықты көтеріп, президенттің бастамасымен Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру жолында тер төккен ел азаматтарының бір-біріне деген құрметі. Әрине, тарихты ұмытуға болмайды. Бабалардың әр кезеңдегі еңбегіне құрметпен қарауымыз керек. Қазақ халқы тағдырдың жазуымен қазақ жеріне келген өзге этнос өкілдеріне құшақ жайып, бауырмалдық танытты. Әр этнос үйлі болды. Бауыр тапты. Сол бауырмалдығымыз арта түспесе еш кеміген жоқ. Бұл мерекенің басты мақсаты – жас ұрпақты достыққа, ауызбіршілікке шақыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әсіресе, жастар бұл күнді жақсы білуі тиіс.
