ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Алғыс айту күні

Ирина КИМ, аудандық құрылыс бөлімінің инспекторы, кәріс ұлтының өкілі:

— Қазақстан – киелі шаңырақ. Осынау қасиетті жерде жүздеген этнос өкілдері өмір сүріп жатыр. Өйткені, қиын-қыстау кезеңде қазақтар барша ұлт өкілдерін қанатының астына алып паналатты. Президент Жарлығымен Алғыс айту күні жарияланғанын білеміз. Бұл күні әркім мәпелеп өсірген әке-шешесіне, ағайын-туысқа алғыс айтып жатады. Біз Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқаннан соң әуелі қазақ халқына алғыс айтуымыз керек деп ойлаймын. Қай ұлттың өкілі болмасын қиын-қыстау кезеңде қол ұшын берген ақкөңіл, жаны жомарт қазақ халқына ризашылығымды білдіреміз. Соның айқын белгісі – қазақ-кәріс ұлтының достығының символы ретінде 2012 жылы Бастөбе тауына «Қазақ халқына мың алғыс» атты монумент орнатылды. Бұл өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Бүгінде Қазақстанда, оның ішінде Қаратал ауданында әртүрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – біздің ауызбіршілігіміздің, дархан достығымыздың арқасы