ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Алғыс айту күні

Руслан ХАСХАНОВ, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы:

ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ҰМЫТУҒА БОЛМАЙДЫ

— Қазіргі таңда Қаратал ауданында 600-ден астам шешен ұлтының өкілдері тұрады. Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, әртүрлі салада еңбек етуде. Олардың қатарында дәрігерлер, ұстаздар, мемлекеттік қызметкерлер бар. Шешен ұлтының өкілдері Үштөбе қаласында, Ескелді, Қайнар, Ортатөбе, Кәлпе, Үшкөмей ауылдарында тұрады. Шешен ұлтының өкілдері қазақтарға алғыс айту күнінде ғана емес, күн сайын құрмет көрсетіп, бауырмалдылық танытып жатады. Өйткені, сонау депортация кезінде қазақтар өздері жұпыны тұрса да біздің әке-шешелерімізді құшақ жая қарсы алып, бір үзім нанымен бөлісті. Үйінің екі бөлмесінін бірін беріп, паналатты. Мұндай жақсылықты қалай ұмытуға болады? Бұл біздер үшін достықтың дәнекері болды. Сондықтан алғыс айту мерекесі жалпыхалықтық мереке болып саналады.