Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

"Nur Otan" партиясы Алатау аудандық филиалында аналарды 8 наурыз мерекесімен құттықтау рәсімі өтті

#Repost @aldambergenova.zharkyn 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай "Nur Otan" партиясы Алатау аудандық филиалында аналарды құттықтау рәсімі өтті. Рәсімге аудандағы «Алатау аналары» қоғамдық қоры, «Зейн» даму орталығы және басқа да аналар қатыстырылды. Мерекелік құттықтаудан кейін филиал төрағасының бірінші орынбасары және мәслихат депутаттары Қ.Сәрсенбай, Р.Шимашева, Г.Бекеновалар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларын қолдау мақсатында қажетті азық-түлік себеттерін табыстады. Жалғыз басты, мүгедек бала асыраушы ана Агагусейнова.Г жалпы аналар атынан ризашылығын айтып, жылы лебізін білдірді. @aldambergenova.zharkyn @nur_otan_almaty @sagintayev.b @nur_otan

0
0
193

«Бирлик» бастауыш партия ұйымының жастарымен кездесу өтті.

«Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ж.Алдамбергенова және белсенді партия мүшесі, жастар координаторы Р.Нұрлыбаев «Бирлик» бастауыш партия ұйымының жастарымен кездесу өтті. Жастарды рухтандыратын жақсы ой пікірлері мен тілектерін ортаға салды. @nur_otan_almaty @sagintayev.b @nur_otan

0
0
106

"Сыбайлас жемқорлық және оның қоғамдық қауіптілігі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

"Nur Otan" партиясы Алатау аудандық филиалында Алатау аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша "Сыбайлас жемқорлық және оның қоғамдық қауіптілігі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

0
0
116

«Нұрлы жастар» бастауыш партия ұйымында жастар өкілдерімен кездесу

04.03.2021ж «Нұрлы жастар» бастауыш партия ұйымында жастар өкілдерімен «Бүгінгі жастардың көзқарасымен он жылдан кейінгі Қазақстан» бағытындағы кездесу өтті. Кездесуде бастауыш партия мүшелерімен – жастармен еліміздің болашағы мен ауданымыздың дамуына өздерінің қосатын жаңа идеялары мен ұсыныстары бойынша мәселелер қарастырылды. Аталмыш кездесуде филиал төрағасының бірінші орынбасары Ж.Алдамбергенова және белсенді партия мүшесі, партиялық бақылау тобының мүшесі, жастар координаторы Р.Нұрлыбаев жастарды рухтандыратын жақсы ой пікірлері мен тілектерін ортаға салды. @nur_otan_almaty @sagintayev.b @nur_otan

0
0
204

8 наурыз Халақаралық әйелдер күні қарсаңында "Алатау аналары" қоғамдық қорының мерекелік іс-шарасы.

#Repost @aldambergenova.zharkyn Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халақаралық әйелдер күні қарсаңында ауданымыздағы "Алатау аналары" қоғамдық қорында өткізілген керемет мерекелік іс шараның куәсі болдым. Іс шара барысында әдемі әндер, күмбірлеген күйлер, мың бұралған билер орындалып, тақпақтар айтқан және актерлік шеберлік көрсеткен балалардың өнерін тамашаладым. Өзімнің балалық шағыма ойша оралдым. Керемет көрініс! Сонымен қатар, осы қоғамдық қордың аясындағы әртүрлі өнер тігін, кесте, қазақи бұйымдар жасау үйірмелерінің жемісті еңбегімен танысып, тәнті болдым. Қор жетекшісі Марта ханымға және ұжымына осындай ұйымдастырушылық еңбектері үшін алғысымды білдіремін. Істеріңізге сәттілік тілеймін! @nur_otan_almaty @nur_otan

0
0
212

Алғыс айту күнімен тұспа - тұс келген партияның құрылған күні.

Алғыс айту күнімен тұспа - тұс келген партияның құрылған күні. Көктем басында“Nur Otan” партиясы Алатау аудандық филиалы Қазақстандағы Дүнген бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып, қауымдастық өкілі И.Масановтың ұсынысымен аудан Ардагерлеріне Алғыс хат пен кішігірім кәде сыйлар табыс етілді! «Баталы сөз - балаға азық» болады демекші ақсақалдар баталарын беріп, ыстық лебіздерін білдірді. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Баршамызға бақытты, өскелең және бейбіт болашақ тілейміз!

0
0
154

1 Наурыз - Партия күні мерекесіне орай «Nur Otan» партиясыАлатауаудандық филиалындажастарды қабылдау

Бүгін Партияның жаңа өкілдерінің қатары - сайлау науқаны кезінде белсенділік танытқан жастармен тағы да толықтырылды. 1 Наурыз - Партия күні мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалында жастарды партия қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті . Рәсімді аудан әкімі, филиал төрағасы А.Қалдыбеков өткізді. Партияның жаңа мүшелеріне - жастарға болашақта атқарар істеріне сәттіліктер тілеп, ыстық лебіздер айтылды. @nur_otan_almaty @sagintayev.b @nur_otan

0
0
219

Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбеков тұрғындарымен онлайн қабылдауы

«Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалында аудан әкімі А. Қалдыбеков тұрғындарымен онлайн форматта қабылдау өткізді. Тұрғындар тарапынан әр түрлі бағыттағы сұрақтар қарастырылды. Мәселен, жол құрылысы, жұмысқа тұру, тұрғын үй, жер және азық—түлікке көмек сұрау т.б. сұрақтар болды. Қарастырылған мәселелері мен сұрақтары бойынша аудан тұрғындары қанағаттанарлық ақпараттарын алды. Сонымен қатар қатысулар тарапынан ұсыныстар да айтылды.

0
0
240

Алатау ауданы Байбесік ықшам ауданына тұрғындарға уәде бойынша мәселелердің шешімін талқылауда

#Repost @nurym_tau (@get_repost) ・・・ Бүгін, Алатау ауданы Байбесік ықшам ауданына тұрғындарға уәде бойынша бір апта бұрын көтерілген мәселелердің шешімін талқылауға, Мәслихаттың Көлік және коммуналдық инфрақұрылым комиссиясы төрағасы @esen_talbidin Есенкелді мырза, комиссия мүшелері @bopeshkin Ақбөпе ханым және мен ``қайталап`` кездесу өткіздік. Кездесуге депутаттардың шақыруымен қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы бөлім басшысы Ермек мырза және Алатау ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері қатысты. Өткен жиында өзекті мәселелер ретінде кәріз жүйесі, жаңа ауыз су құбыры, көшені жарықтандыру, балалар алаңы сияқты сұрақтар көтерілген еді. Шешімі: 1. Кәріз жүйесі – Оң шешілді. Алматы Су мекемесіне қосу құнын (9000тг шамасы деді) төлеп, акт алып қосыла беруіне болат…

0
0
290