«Нұрлы жастар» бастауыш партия ұйымында жастар өкілдерімен кездесу
04.03.2021ж «Нұрлы жастар» бастауыш партия ұйымында жастар өкілдерімен «Бүгінгі жастардың көзқарасымен он жылдан кейінгі Қазақстан» бағытындағы кездесу өтті. Кездесуде бастауыш партия мүшелерімен – жастармен еліміздің болашағы мен ауданымыздың дамуына өздерінің қосатын жаңа идеялары мен ұсыныстары бойынша мәселелер қарастырылды. Аталмыш кездесуде филиал төрағасының бірінші орынбасары Ж.Алдамбергенова және белсенді партия мүшесі, партиялық бақылау тобының мүшесі, жастар координаторы Р.Нұрлыбаев жастарды рухтандыратын жақсы ой пікірлері мен тілектерін ортаға салды. @nur_otan_almaty @sagintayev.b @nur_otan

