
Шымырлық пен шеберлік күні
14 наурыз көрісу күні
Жамбыл Жабаевтың 175 жыл
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығының қарсаңында ұйымдастырылған челлендж бастау алды. Пенжім ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Бексенбекова Майра Көпжасарқызы орындауында "Балаларым аманбысың шырақтарым" өлеңін тарту етті.
30 игі іс
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты 30 игі іс-шара ұйымдастырылуына орай Қаратал ауданында «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен "Ел тірегі – Елбасы" қайырымдылық акциясы ұйымдастарылды.
Республикалық «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында игі істер жалғасуда. Осы тұста, "Jas Otan" жастар қанаты және ауданымыздың еріктілерінің қолдауымен 40 әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, 120 азық-түлік қораптары таратылды. Әрбір қораптың салмағы 50 кг құрайды.#30ИГІІС-ШАРА
#КЕДЕРГІСІЗКЕЛЕШЕК
#БАҚЫТТЫОТБАСЫ
30 игі іс
Наурыз мейрамы қарсаңында Қаратал ауданы әкімшілігі мен "Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен, Жолбарыс батыр ауылдық округі "Егемендік" ШҚ басшысы Тезекбаев Жұмаш ағамыздың қолдауымен, аудан көлеміндегі I,II,III топ мүгедек жандар мен балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетілді.
Аудандағы 20 отбасына "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" жобасы аясында 1 ірі қара малы сойылып таратылып, қайырымдылық шарасы жасалды.
Жалпы, жақсылық жасау – азаматтарға көрсетілген ізгіліктің ізеттің көрінісі, адамның асыл қасиеті. Мейірімділік – жүректен дейді. Кез келген жанға демеушілік танытып, оның қуанышты жүзін көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейтіні рас.
Жақсылық жасауға асығайық.#КЕДЕРГІСІЗКЕЛЕШЕК
#БАҚЫТТЫОТБАСЫ
#30ИГІІСШАРА
Қарты бар елдің, қазынасы бар
КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУҚарты бар елдің, қазынасы барБүгін, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Райымбек аудандық мәслихат депутаты Жұмаканов Ербол Еркінбекұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы және " 30 игі іс" акциясы аясында Сүмбе ауылының тұрғыны бүгінде 100 жасқа толып 1 ғасырдан астам өмір сүріп, өзінің өмір жолында жастарға өнеге болып, ауданның дамуына ықпал еткен ақ сақалды қариямыз Тебериков Құмарқожа атамызды мерекемен құттықтады!Сізді, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Наурыз-бірліктің, татулықтың ізгіліктің бақыттың мерекесі, Наурыз мерекесінде елімізге-береке, халқымызға ізгілік, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін! Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт береке алып…
"Нұрлы жер" жобасы және "Құтты мекен" партиялық жобалары аясында 83 коммуналдық тұрғын үй құрылысы
Бүгін "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Нарынқол ауылынан салынып жатқан "Нұрлы жер" жобасы және "Құтты мекен" партиялық жобалары аясында 83 коммуналдық тұрғын үй құрылысының 3-4-кезеңі (50-үй) құрлысын тексеріп өтті.
06.06.2020 жылы құрылыс жұмыстары басталып 2021 жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары аяқталады. Келісім шарт құны (968,6 млн) теңге. Құрылыс салушы мердігер «Гунн Строй Сервис» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 80 % ға орындалып 730,10 млн теңге игерілді.
Бұл үйлер әр санатттағы отбасыларға берілетін болады.
#Құттымекен
#қабылдау2021
Бүгін аудандық мәслихат депутаты А.Балғалиев филиалды азаматтарды қабылдады. Қабылдауда болған көп балалы тұлға несие алып, мал шаруашылығымен айналысқысы келетіндігін жеткізді. Несиелік бағдарламалар жөнінде толық кеңес берілді. Талдау нәтижесінде азаматқа "АШҚҚҚ" АҚ-ның "Игілік" бағдарламасы бойынша несие алып, жұмыстану ұсынылды. Құжаттарын жинақтап, сүйемелдеу үшін " Атамекен" ҰКП Сырым аудандық филиалына жолданды.
Қоғамдық қабылдау
В общественную приемную партии "Nur Otan" Уланского районного филиала в ходе приема граждан к юристу Мартқызы Назерке обратился житель п.К.Кайсенова Кенжегулов Алишер Ерғазыұлы с просьбой оказать консультативную помощь в вопросе по кредиту в МКО. Помощь была оказана, даны подробные разьяснения пошагового алгоритма действий. Вопрос решён положительно.