Жанарбек Әшімжанов: «Райымбек батыр кесенесіндегі жұмыстар неге аяқталмай жатыр?»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан көптеген жобалармен қатар, әлі де атқарылуы тиіс жұмыстар баршылық. Мәдениет пен өнер, руханият пен ұлттық спорт салаларының да шешімін таппаған тұстары жоқ емес. «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесі аталған салалардың көкейкесті мәселелерін айтып, талқылап қана қоймай, оны әрі қарай жүзеге асыру жолдарын қарастырады.Ол үшін руханият саласындағы елдің көкейінде жүрген көптеген мәселелер бойынша нақты тақырыптарды белгілей отырып, сайлауалды бағдарламаларда көрсетілген міндеттерді жүзеге асырудың нақты тетіктері қарастырылады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен партия жанынан құрылған 14 республикалық қоғамдық кеңестің жаңа тағайындалған төрағаларымен өткен онлайн кездесуде Мә…
