Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 554 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

#АрдагерлердіАрдақтайық

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Райымбек ауданыдық филиалы Қайнар БПҰ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында ауылдағы ҰОС ардагерлерінің ескерткіштерінің аумағын тазартып абаттандыру жұмыстарын жүргізілді.

#АрдагерлердіАрдақтайық

0
0
125

Нағыз ұстаз

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаз болу. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, э…

0
0
442

Адамның бойында жаксы касиет болмаса оган бакта бакытта қонбайды

Адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілігі мол адам деп қиналғанда, басыңызға қиын жағдай туғанда қасыңыздан табыла білетін, өзгелерден өзін жоғары санамайтын, үлкенмен де, кішімен де жақсы қарым-қатынас жасай алатын адамды айтамыз. Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді. Сайып келгенде адамгершіліктің өзі мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ойдан бастау алады. Тазалықтың екі жағы бар, бірі – тән тазалығы, екіншісі – жан тазалығы. Тән тазалығын былай қойғанда, жаны таза адам деп ешкімге жамандық ойламайтын, бөтен ойы жоқ, ниеті ақ, пейілі кең, әр нәрсеге адалдықтың көзімен қарайтын, қиянатсыз адамды танимыз. Бұл тазалықтың ар жағында да мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жатады. Қарапайымдылықтың белгісі адамның өзін өзгелерден…

0
0
668

Жетім көрсең жебей жүр

21 ғасырдың ең ауыр ахуалдарының, тақырыптарының бірі- жетім қалған балалар мен жетімдер үйі. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, бүгінгі күні Қазақстанда 80 мыңға жуық жетім бала бар. Бірақ бұл-тек Қазақстандағы саны. Қазақстан 1999 жылдан бастап шетелдік азаматтарға қазақ балаларын асырап алуға рұқсат берді. Сәйкесінше 1999 жылдан бері 8169 қазақтың қара көз перзенті шетелдіктердің шаңырағынан пана тапты. Балаларды жанұясыз қалдырмай бауырға басқан, әрине, жақсы. Алайда, ежелгі сұлтан Бейбарыс секілді туған жерін аңсап қалған балалардың саны қаншама?! Асырап алушы елдердің көшін Америка бастап тұр. Америкадан өзге әлемдегі 30-ға жуық мемлекет қандастарымызды асырап алған. Сонымен қоса, Испания және Бельгия қазақстандық балаларды асырап алушылардың қатарында болып саналады. Қазақс…

0
0
370

Қаламгер Софы Сматаевтың Бауыржан Момышұлына арналған эссесінен алар ғибрат

Софы Сматаев- қазақтың қарагер қаһарманы Бауыржан Момышұлымен жүзбе-жүз тілдесіп, батыр жайында көптеген естеліктерді өз аузынан жазып алған қаламгерлердің бірі. Бауыржан Момышұлымен бетпе-бет жүздесіп, онымен әңгіме-сұхбат құру кез келген журналистің қолынан келе беретін іс деп айта алмаймын. Мысалы, Әзілхан Нұршайықов батырмен сұхбат құрып, «Ақиқат пен аңыз» атты құнды еңбекті жарыққа шығарды. Әзілхан мен Софы жазушылардың туындыларын оқу арқылы ұлы батырдың сипатын танып-білгендей күй кешесің. Софы Сматаев та редакцияның бұйрығымен Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасады. Оның сұхбат кезінде іштей қалай толқып, не айтарын білмей қобалжыған сәттерінде өзің де сол жерде отырғандай сезімде болады екенсің. Оның кішкене еңбегінің өзінде Бауыржан Момышұлының қаншама қадір-қасиеті мен қайсар мінезі…

0
0
627

Жылдам оқудың кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?

Қазіргі таңда жылдам оқу жеке пән секілді қалыптасып келе жатыр десек артық етпейді. Бұл дәйекке бүгінгі жасөспірімдердің, тіпті орта буын өкілдерінің жылдам оқуға деген қызығушылықтары мен ұмтылыстары дәлел бола алады. Тіпті жылдам оқуды меңгеру үшін 400-500 мыңға жуық ақшаларын жұмсайтын зерек жандар да бар. Осындай қазақ-орыс тіліндегі жылдам оқу курстарына қатысып, бүгінде алған білімін өзгелерге үйретіп жүрген оқытушылардың бірі – Кәусария Сағадатқызы. Ол өз тәжірибесіне сүйене отырып, жылдам оқудың жақсы, жаман тұстарын атап өтті. Оның айтуынша, жылдам оқи білу адам үшін артық емес, бұл саланы адам таланттарының бірі деп қарасақ та болады. Ол жылдам оқи білудің артықшылығы- есте сақтау қабілетінің жақсарып, ми қызметінің қалыпты болуына әсер ететіндігінде деп түсіндірді. Сонымен қос…

0
0
457

Мәдениет және оның адамның өмірі мен әрекетінде алатын орны.

Мәдениет-адам әрекетінен туындайтын өзгерістер. Адамның жеке мәдениеті мен қоғам заңдары тығыз байланысты болып келеді. Мәдениет-материалдық және рухани болып ажыратылады. Дегенмен, материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайтыны бәрімізге мәлім. Біздің ежелгі тарихымыздың өзінде өзіндік бір мәдениет жатыр. Дәл сол сияқты әр елдің өзіне тән дәстүрі болады, міне, оның өзі үлкен мәдениет емес пе?! Адам өмірінде мәдениет ойып тұрып ерекше орын алады. Біздің жүріп-тұруымыз,сөйлеген сөз саптауымыз, күлгеніміз, яғни бәрі-мәдениетке келіп тіреледі. Осы жерден оның көп деңгейлі жүйе екенін аңғарамыз. Мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам-мәдениеттің бір бөлігі. Себебі елдің мәдениеті: театр, радио,теледидар, мұражайлар. Оны іске асырушы-адам. Сондықтан, мәдениет адаммен тікелей қа…

0
0
1989

«Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының қоғамдық кеңестері

Аудандық партиялық бақылау комиссиясының құрамы: Мұхтар Малик Қабдыұлы, Уразова Светлана Кушановна, Гилманова Гульнара Гилмановна, Орынов Али Абуович, Хамзина Гульфайруз Армановна. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңестің» құрамы: Дошанова Самал Нигметовна, Бисегалиев Курман Жанзакович, Даутов Избасар Ерболатович, Мухангалиева Асель Бауыржановна, Есбулатов Нурлан Муханбетович. Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің» құрамы: Қаржауов Темирболат Дуйсенбаевич, Ержанова Бакитгул Гилмановна, Сейткереева Ляззат Муратовна, Дуйсенбаева Алия Сериковна, Акмышев Санат Даулеткеревич, Мамбешова М…

0
0
445

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Отырыс барысында екі мәселе қаралды: «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының конференциясын шақыру» және «Партия сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша партияның облыстық филиалы төрағаларын, қоғамдық кеңестердің құрамдарын бекіту туралы».Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Бюро мүшелерімен 13 мамырда партия облыстық филиалының XXVII есеп-беру сайлау партиялық конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды.Іс-шараға қатысушылар күн тәртібіндегі екінші мәселеге ерекше назар аударды. Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan» партиясының 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленді. Жылдарға және нақты іс-шаралар…

0
0
198

Қоғамдық қабылдау

“Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,аудандық мәслихат депутаты Байтенова Светлана санитарлық режимді сақтай отырып онлайн форматта азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрақты жұмысқа орналастыру, жалғызбасты анаға материалдық көмек тағайындау бойынша сұрақтар қойылды. Барлық мәселелер бойынша заң аясында түсіндірме жұмысын жүргізіп, жұмысқа орналастыру мәселелері оң шешімін тапты.

0
0
212