Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 536 жазбалар52 тіркелуші

Всяко-разно

"Тойы көп үй"

Бұл қойылым еліміздің еңбек сіңірген әртісі, белгілі актер, театр және кино режиссері Мұрат АХМАНОВТЫҢ театрішіндегі шығармашылық апталығының аясында  кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар,  апталықты "Тойы көп үй" спектаклі ашқан болатын.  

көпшілікке белгілі Б.Мұқайдың  жақында ғана тұсауы кесілген «Тойы көп үй» пьесасы да М.Ахмановтың шеберлігін танытқан кезекті туындылардың бірі болды.
Көрерменді күлдіре отырып жылатқан бұл қойылымда  қоғамдағы көптеген түйіткілдер көрсетіледі. Мұнда тағдыры қарама-қайшы кейіпкерлердің басы бір туындыда тоғысқанын көруге болады.  бір сәбидің иісіне зар болып жүрген отбасы мен баласын көшеге тастаған  ана, өз күйеуінен жерініп, өзгенің жарына ортақтасқысы келген  келіншек, баласы бақпағандықтан  жалғыз  қалған кейуана және көшеде қалған қарттың тағдырларының тоғысы жан-жақты қарастырылған.

Бұл спектакль  көрерменге үлкен ой салары анық. Шаңырағынан қонақ үзілмейтін Заңғардың  отбасының аясында өрбитін оқиғалар желісі келген көрерменін бей жай қалдырмасы сөзсіз. Ендеше, театрға асығыңыз, ағайын!

Дайындаған: НАЗИРА  БУРХАНОВА

Инстаграм: @burhanova.nazyra

0
0
874

Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті

Соның бір дәлелі  - жақында Алматыда алғаш рет  өткен Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі. 

Көрсетілім белгілі дизайнер Сәния Ілиясованың "87.7" коллекциясымен ашылды.  

Көрсетілім үшін  Алатаудың бөктеріндегі  SADU Hotel  мекен жайы таңдалған екен. 

Бұл көрсетілім тек қана отандық топтамалармен шектелген жоқ. Сонымен қатар,  шетелден де атақты дизайнерлер өз коллекцияларын ұсынған болатын. Көрсетілім барысында, шоу бағдарламасы да өз деңгейінде өтті десек болады. 

Көрсетілімнің арнайы қонағы ретінде  эстрада бағытындағы әнші Айри шақырылған болатын. Айри  қызымыз құлақ құрышын қандыратын  әуезді үнімен келген қонақтарды елітіп әкетті. Жанды және интерактивті музыканың арқасында көрсетілім әсерлі өтті.

Айта кетерлік жайт,  кәсіби  модельдер әдемі жүрістерімен бұл көрсетілімді одан сайын әрледі. Модельдер өз жұмыстарын жақсы атқарып шықты.

Көрсетілім соңында, "Asia SPA" орталығы ұтыс ойын жасады. Фуршет, профессионалды фотограф, видеографтардың арқасында бұл көрсетілім керемет деңгейде өтті. Келген көрермендердің қуанышында шек жоқ болды десек артық айтқандық болмас. 

SFW ұйымдастырушысы Айгүл Зайнуллина

Жобаның келесі маусымы жергілікті маркалармен толтырылады деген үміттеміз. Қазақстанда тігуді біледі, бізде назар аударуға және дамытуға лайықты, керемет, дарынды дизайнерлер бар. Тұтынушы дайын, демек нарықтық ұсыныс болады.

Дайындаған: НАЗИРА  БУРХАНОВА

Инстаграм: @burhanova.nazyra

#SistersFashionWeekend

#SistersFashionWeekendАлматы

0
0
440

За родину! Отан үшін!

Именно с этими словами боец по фамилии Торунсабаев повел в атаку свой взвод,сражаясь с немцами на берегу Дона. Во время атаки на новый рубеж был убит его командир, и в минуту замешательства он не дрогнул, а проявил храбрость, подав пример другим солдатам. После того, как кончился бой, Торунсабаев просто сказал: «Мое дело маленькое – бить немца. А мы все вместе — большая сила».

Этот и другие примеры доблести казахских солдат были запечатлены в газете «Краснаязвезда» 18 октября 1942 года. Из мгновенных решений, личных подвигов и отдельных историй каждого солдата сложилась победа СССР над нацистской Германией 9 мая 1945 года. Многие из свидетелей эпохи уже ушли в мир иной. Однако у нас остаются такие новостные сводки, как эта – краткие, но полные огня и всеобщего стремления к победе. У нас остается историческая память, почтение к подвигу наших предков.

«Трижды сильной стала на огне войны наша родина, Советский Союз, Россия. Казахи сражаются рядом с русскими. Мы вместе горюем, вместе деремся, вместе мы будем радоваться первому утру победы». Этими словами заканчивается статья Ильи Эренбургав «Красной звезде». Безусловно, так оно и есть – это победа всех солдат, всех воинов Красной армии, тех, что пали на полях сражений, и тех, что дошли до победного конца.

Как бы ни старались предвзятые журналистыубедить жителей бывших советских республик в том, что 9 мая – это праздник современной России, чье наследие якобы нужно уничтожить, а культуру отменить, но нельзязабывать, что победа 1945 года – это победа СССР. Это – победа многонационального народа, победа наших дедов и прадедов. Моральная задача, которая стоит перед каждым из нас – не дать стереть нашу общую советскую историю, наше общее прошлое, за которое умирали наши предки.

0
0
454

Турлубеков Касен Нұртазаұлы

Турлубеков Касен родом из аула Айтуар Пресновского района. Окончив 7 классов, стал работать в колхозе. В 1943 году его призвали в армию, он попадает на Забайкальский фронт в 271, стрелковую дивизию, которая дислоцировалась в 50 км от границы с Японией, в г. Чайбалсане. Служил Касен-ата пулеметчиком. В победном, 45-ом году, их дивизия находилась уже в 25 км от границы.

    7 августа 1945 года был первый прорыв обороны Квантунской армий. За мужество и отвагу, проявленные в этих боях, Касен Турлубекович награждается медалью «За отвагу», в боях за Кинганские горы второй наградой-«За боевые заслуги». После победы их дивизию переформировывают в отдельный 426-й истребительный батальон и отправляют на Курильские острова для очистки от остатков японской армий.

    И только осенью 1949 года Касен-ата пришел домой. После возвращения с войны он устраивается работать в Мамлютскую автобазу шофером. Сколько дорог он исколесил на своей машине по области в дальних рейсах, и не сосчитать. В одном из таких рейсов он встретил свою единственную - Базар, которая жила в Николаевке.

    В 1952 году они поженились, первое время жили вместе с родителями Базар. Получив от совхоза квартиру, стали обживать свое собственное гнездо. Вырастили 6 дочерей (Балапан, Маржан, Айман, Баян, Кулимжан, Шамшинар) и 4 сыновей (Есим, Семби, Асен, Жанат).

    В 1976 году после 34 лет совеместной жизни умерла от болезни жена Касена-ата. Он больше не женился, сам поставил на ноги своих детей. А для этого пересел на ГАЗ-51 - «хозяйка», как называют ее в народе. Без малого 33 года, до самой пенсий, он проработал водителем в Николаевке (Северо-казахстанской области).

    Касен-ата дожил до 2014 года вместе с семьей младшего сына Жаната, радовали дедушку озорные шесть внуков и правнучка, и в своих молитвах он просил одного у Всевышнего: чтобы его потомки не видели всего того, что пришлось увидеть и пережить ему, чтобы над ними было только мирное, без облачное, голубое небо.

МЫ ЛЮБИМ И ПОМНИМ НАШЕГО ДЕДУШКУ!!!

Касенова Тамирис (Внучка Касен-ата)

1
1
1655

Неке бұзуды азайтудың жолдары

        Бірнеше жылға созылған жаһандық індеттен кейін Алматыда қайтадан той-томалақ көбейе бастағанын байқауға болады. Дегенмен ресми деректер аймақта ажырасудың да азаймай тұрғанын көрсетіп отыр. 

         Жалпы азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) ісі туралы айта келе, Алматыда отбасын құру мәселесі оң жағына ойысқанын мәлімдеді.                 

          Бірақ ажырасу азаймай отыр,  атап айтсақ Алматы қаласы Жетісу аудандық сотпен  2022 жылы   жыл  жалпы  1015 неке бұзу туралы арыз түскен,  оның  ішінде кері  қайтарылғандардың саны- 215.  Жалпы аудандық судьялармен  2022 жылы неке бұзу туралы туралы 754 азаматтық іс қаралған, оның ішінде шешім шығарумен аяқталғандардың саны-550, қысқартылғандар-6,  қараусыз қалдырылғандың саны-186  құрайды.

         2023 жылдың 1 тоқсанында  жалпы  220  неке бұзу туралы арыз түскен,  оның  ішінде кері  қайтарылғандардың саны- 27.  Жалпы аудандық судьялармен  2023жылдың 1 тоқсанында   неке бұзу туралы туралы 209 азаматтық іс қаралған, оның ішінде  шешім шығарумен аяқталғандардың саны-153,  қараусыз қалдырылғандың саны-56  құрайды.

          Алматы қалалық Жетісу ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәлеметінше  ауданында  370 ажырасу тіркеліп, бұл тек ортақ балалары жоқ және өзара келісім бойынша АХАТ органдарына өтініш берген азаматтарды ғана есепке алады. 

         Сотқа түскен ажырасу туралы  арыздарда  Біздің судьялар  отбасыларды сақтау қалу үшін үлкен жұмыс жүргізеді.  Мысалы,  2023 жылдың 1 тоқсаны бойынша  татуластырушы судьяның көмегімен  12 некені сақталып, арыздар кері қайтарылған. 

          Әдетте сот судьялары  ажыраспас бұрын ойлануға уақыт береді. Алайда барлық отбасыларды сақтап қалу мүмкін емес екені түсінікті.  Талдау көрсеткендей, ажырасудың негізгі себептеріне – балаларының,  баспанасының болмауы, тұрақты жұмысының жоқтығы, ерлі-зайып¬тылардың бірінің ішімдікке, есірткіге тәуелділігі, көзге шөп салу, татулық таба алмау жатады. Оның үстіне, ажырасулардың 70 пайызына әйелдер бастамашы болады екен.

        2022 жылы неке жасының төмендеу жағдайларының саны төмендегенін атап өтті.  Бүгінгі таңда некелескендердің жастары ересек болғанымен, ажырасатын ерлі-зайыптылардың жасы әртүрлі болып отыр.

         Сонымен қатар, азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері автоматтандыруға байланысты алынып тасталғанын да айта кеткен жөн. Сонымен қатар сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу тәртібі де автоматтандырылды. Бұл ақпарат Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде енгізіліп, неке қию туралы жазбаға оның бұзылғаны туралы белгі қойылады.

         Азаматтардың тіркеуші орган мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ала алатын құжаттарды (сот шешімі, медициналық анықтама, Қазақстан Республикасында тіркелген акт жазбалары туралы мәліметтер және т.б.) ұсыну қажеттілігі жойылды.

          Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жасалған Ұлт жоспарында заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында, әсіресе сот саласына үлкен мән берілді. Оның ішінде сот рәсімдерін оңайлату жағы айтылып, бірқатар тапсырма берілген болатын. Осы бағытта бүгінде еліміздің соттарында медиация әдісі жиі қолданылуда. Әсіресе медиация жүйесінің ажырасудың алдын алуда, некені бұзу туралы талаптарды азайтуда өзінің оң әсерін тигізуде. 

         Атап өтер жайт, бүгінде елімізде ажырасушылар қатары жыл өткен сайын артып барады.  Әсіресе пандемиялық жағдай, карантин, қымбатшылық, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі жалпы ел ішінде қалыптасқан ахуал ажырасушылар қатарын арттырып, тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының көбеюіне өз әсерін тигізді. Сондықтан шағын мемлекет саналатын отбасылардың шаңырағының ортасына түскеніне жайдан жай қарап отыру мүмкін болмағандықтан, сот жүйесінде медиацияның рөлін арттырып, заңнамамамызға да өзгерістер мен толықтырулар енгізу уақыт талабы болып отыр.  Осы орайда сот жандарынан ашылған медиациялық кабинеттердің маңызын арттыру арқылы, екі тарапты келісімге шақыру жолдары жетілдіруде.

        Яғни, сот қарауына жіберілген кейбір істер сотқа жетпей, екі тараптың бітімгершілікке келуінен жабылады. Мұндай әдістің сот ісіне үлкен көмек екені қазіргі уақытта дәлелденіп отыр. Бізде медиацияны пайдаланудың алғашқы талпынысы отбасылық қатынастар саласындағы дауларды шешу барысында жасалды. Кейіннен медиация отбасылық даулардан бастап коммерциялық және жария саладағы көп тарапты күрделі дауларды шешуде де табыспен қолданылып, мойындалды. Қазіргі кезде Қазақстанда әрбір  үшінші  неке ерлі-зайыпталардың  ажырасуымен аяқталады екен. 

        Британдық «Economisrt» басылымының 2015 жылғы статистика  мәліметтеріне сүйенсек,  ажырасу  саны жағынан  көрші Қырғыз елі әлем бойынша  48-ші орында, 1 миллиардтан астам халқы бар Қытайда мың адамға шаққанда  ажырасу көрсеткіші 1,8 болса, ал  17  миллион ғана  халқы бар Қазақстан  бірінші  ондыққа кірген (1000 адамға шаққанда  ажырасу көрсеткіші – 2.8). Қазіргі таңда қоғам болып, осы бір көрсеткішті жақсарту жолдары қарастырылуда. Отбасы институттарын жетілдіру жолдары қамтылуда.

         Елімізде  неке бұзуды азайтудың жолы ретінде келесіні енгізіуге болады. 

        Сот тәжірбиесіне жүгінсек, ажырасудың  негізгі себептері –  ерлі-зайыптылардың  тұрмыста бірін-бірін түсінбеуі, олардың біреуінің  араққа салынуы немесе опасыздық жасауы, зорлық-зомбылық көрсетуі,   отбасындағы  материалдық  қиыншылықтар екен. Ажырасу шешімін шығару көбіне соттарға қатысты болғандықтан, мүмкіндігінше ажырасудың алдын алу жұмыстары жасалуда. Соның бірі сот мамандарының ұсынысымен ажырасу кезіндегі БАЖ салығының мөлшерін көбейту, оны ерлі зайыптыларды бөліп төлеуге міндеттеу секілді материалдық әрекеттер жасалуда. Осыдан біршама уақыт бұрын сот мамандарының елімізде ажырасу кезінде төленетін БАЖ салығының басқа елдермен салыстырғанда өте төмен болып отырғаны айтылған болатын. Сондықтан қазір осы салық мөлшерлемесін көбейтіп қана қоймай, оны төлеуді ерлі зайыптыларға теңдей бөлу арқылы олардың жауапкершілігін арттыру көлделуде. Қазір ажырасқысы келетін ерлі зайыптылар елімізде бұл салықты бөліп төлеуде. 

      Әрине,   заң  тұрғысынан алғанда  неке қию (ерлі-зайыпты болу)   еркек пен әйелдің, ал осы некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату ерлі-зайыптылардың өз еріктері. Алайда,  қоғамдағы мінез-құлық ережелері бекітілген әдептілік  қағидалары,  дін  уағыздары, кез-келген  мемлекеттің  саясаты   ажырасуға қарсы. Кейде "ашу дұшпан" ерік бермей, ерлі зайыптылардың ажырасып алып, ашуы басылған соң қайтадан қосылып жататын оқиғалары да кездесіп жатады. Сондықтан мүмкіндігінше ажырасудың алдын алу жұмыстары жетілдіре бермек. 

        Тек,  белгілі-бір жағдайларда ғана  – некедегі ерлі-зайыптылардың біреуі зорлық-зомбылық көрсетсе немесе онымен бірге тұру  жұбайының, балаларының  және  өзге де  отбасы мүшелерінің,   өміріне, денсаулығына қауіп төндірсе,  қандайда бір психологиялық  қысым көрсетілсе  ажырасу  абзал ғана емес, міндетті. Ондай  некені дер кезінде бұзбаса, арты қандайда бір қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін. Ажырасу туралы арыз ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен қаралып, олардың  өзара қатынастарын, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мәселенің себептерін, ерлі-зайыптылардың арасындағы алауыздықтың нақты себептерін жан-жақты анықтап,  мүмкіндігінше екі жақты  татуластыру қажет. Ал, татуласпаған жағдайда ғана ерлі-зайыптылар сотқа талап арыз  беру құқығын пайдалануы керек. Сондай-ақ заңнамамызда да ажырасудың, тұрмыстық зорлық зомбылықты азайту бағытында өзгерістер жасалуда.      

          Мәселен жақында ғана "тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғалары бірнеше рет қайталаған жағдайда оны медиациялық жолмен татуластырмау" мәселесі көтерілді. 

       Жалпы ажырасудың алдын алу бағытында сот жүйесінде көптеген жұмыстар жүзеге асуда. Осындай тәртіппен ажырасудың санын азайтуға болады деп күтілуде.  Себебі, ерлі-зайыптылардың  ажырасу  көп жағдайларда   бала тәрбиесіне  кері әсер етеді. Сондықтан сот саласында ажырасудың алдын алу бағытында жасалып жатқан тағы бір шара Жоғарғы сот бас¬тамасымен елімізде «Отбасылық сот»  жобасы іске асырылып, әрбір сотта «Отбасы орталықтары» ашылып жатыр. Онда ажырасу талабымен келген ерлі-зайып¬ты¬лармен психолог мамандар, татуластыру¬шы судья, медиаторлар сөйлеседі, ақыл-кеңес береді. Шағымданған жандардың от¬ба¬сылық мәселелерін анықтап, қиындықты некені бұзбай-ақ шешуге болатын оңтайлы жол, бағыт-бағдар көрсетеді. Осындай орталықтардың көмегімен ажырасудан аман қалған отбасы саны көбейіп келе жатқаны қуантады. 

        Әрбір ата-ана   баласының жақсы тәрбиеленуіне, міндетті орта білім алуына,  дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. Ал, ата-аналарының арасындағы некенің бұзылуы  ең алдымен   балаларына  моральды жағынан ауыр тиетіні сөзсіз. Қазақстандағы әрбір баланың отбасында тәрбиеленуі және өмір сүруі, ата-ана қамқорлығына бөленуі  және олармен бірге тұруы  заңды құқығының бұзылуына жол бермеу керек.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты судьясы 

Н.Баймаханова 

0
0
566

«AMANAT» партиялық Фракциясының кезектен тыс отырысы өтті.

даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарлары, аудандағы проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды.  Сонымен қатар, «AMANAT»   партиясы Ақсу ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы көрсеткіштерінің орындалуы сөз болды.  Жиынға аудан әкімі  Тынышбаев Берік Тынышбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы, Жетісу облыстық мәслихат депутаты Ахмолдаев Данияр Тұрғанбекұлы және детутаттық фракция мүшелері мен мекеме басшылары қатысты. Сондай-ақ, жетекшілік ететін салалары бойынша аудан әкімінің орынбасары Сабырбаев Амандос Ақышұлы баяндама жасады. Ол кезегінде  2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы мәселелердің шешу механизимдеріне, халықтың әл-ауқатын жақсартумен,

0
0
306

AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында Партиялық бақылау посты құрылды.

құрылды.  Бақылау посттың төрағасы болып аудандық мәслихат депутаты, «Көкиірім» ШҚ төрағасы  Әбдрахманов Қайрат Сәкенұлы  тағайындалды.  Партиялық бақылау постың ашылуына   аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты К.Дәулетбекова, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғ.Мұсабаланов, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Рамазанов, Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп директоры Ә.Сыздықбаев партиялық бақылау посттың мүшелері З.Шарипова, Ө.Досымбеков, құрылыс нысанының  жұмыс барысымен танысты.Бүгінгі күнге құрылыстың 10 пайызы жүргізілген, мердігер «СМУ ШЫҒЫС»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бөлінген қаржы  783 573 272 т. Құрылыстың аяқталу мерзімі  01 қазан 2023 жыл.Ж.Сыдықов атындағы орта мектептің жөндеу жұмыстарына аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығын арқылы 7 адам жұмыспен қамтылып, тағыда 18 адам жұмысқа қабылданады. Жұмыссыз аудан тұрғындарын жұмысқа қабылдайды.

0
0
301

«Арманыма асығамын»

Журналистика - мен үшін теңдесі жоқ мамандық. Менің журналистикаға құштарлығым шешендік өнер үйірмесінен бастау алды. Бала кезімнен теледидардағы журналистерді көріп, қатты сүйсінетінмін. Шешендік өнер үйірмесінің арқасында камера алдында сөйлеуді, жаңалық оқуды үйрендім. Шеберлік сағатын жүргізген өз ісінің үздігі Милина Вавулиди өзінің білімділігімен, тапқырлығымен, кәсіби сауаттылығымен маған ерекше әсер қалдырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Зарқымова  сабақ барысында табандылығымды және өз ойымды еркін білдіргенімді бағалап, журналист мамандығын таңдауыма кеңес беріп,  пән олимпиадасына қатысуды ұсынды.

Олипиаданың басты талабы - ұлттық құндылықтарға негізделген жоба дайындау. Төрешілер шығармашылық көзқарасымды ерекше атап өтіп, 2- орынға ие болдым. Жобаның мазмұнына сай ұлттық салт-дәстүрлерімізді  қазіргі кезеңдегі қолданыс аясымен салыстырып, оның тарихи маңыздылығын баяндадым.

Көгілдір экранның тарихына көз жүгіртсек, көпшіліктің көзайымына айналған танымал тележурналист Бейсен Құранбекті халыққа жақындатқан «Айтуға оңай» және «Қарекет» бағдарламалары екеніне көз жеткіземіз. Бейсен Құранбектің сөйлеу мәдениеті, адам факторын жоғары қойып, кез-келген адамның жан-дүниесіне үңіліп, басына түскен ауыртпашылықтарын экранда бөлісе білді. Өзінің жүргізген бағдарламаларының бірінде: «Біз араласпасақ, біз күреспесек, адам тағдыры не болады?» деп тебіренген еді. Еліміздің өркендеуі жастардың қолында десек, Бейсен Құранбек жас ұрпақты алға жетелеп, еліміздің өркенлеуінде зор үлес қосты. Сол үшін де  Бейсен Құранбек рухы биік, елінің ертеңгі қамын ойлаған  батыл журналистің бірі ретінде менің жүрек түкпірімнен орын алды.

Әлеуметтік желі - ақпарат көзі. Жұлдыз Әбділда мені  өзінің әлеуметтік желіде жарияланған сұхбаттарындағы даналығымен, қайсарлығымен тамсандырды.

“Жас Алаш “газетіндегі өткір мақалаларымен халықтың есінде қалған Жұлдыз Әбділда қазіргі таңда медиатренер, «Практикалық журналистика» оқу құралы авторларының бірі. Жұлдыз Әбділданың  «Қателік» бағдарламасына берген сұхбатындағы: “Қатыгездікті ақтау дұрыс емес, оның көбейіп, қалыпты жағдайға айналып кетуі мүмкін” деп айтқан сөзі  көкейімде сақталып қалды. Жұлдыз Әбділдаға ұқсап сұхбат алуды мақсат тұттым. Шешендік өнер үйірмесінің кешінде мен үшін алғаш рет сұхбат алудың сәті түсті. Бұл сұхбат болашақ мамандығыма жасаған алғашқы қадамым болды. Тележурналисттер секілді қолыма микрофонды алып, сұхбат алуға кірістім. Жасөспірімдермен сұхбат барысынды логикалық сұрақтар қойдым. Бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің пікірін тыңдап, журналистикаға деген қызығушылығымды арта түсті.

”Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды” деп Әлихан Бөкейханов айтқандай, журналистика саласында екінің бірі жеңіске жете бермейді, тек өзінің күшіне сене білетін журналист қана жеңіске қол жеткізеді.

“Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман” деп Міржақып Дулатұлы айтқандай, қазіргі таңда журналистер барлығынан хабардар, дүниетанымы кең, жан-жақты сауатты маман болуы тиіс.

Бір сөзбен айтқанда,  көреген, білгір журналист болу үшін көп оқып, көп ізденіп, әрбір дүниеңді жан-жақты зерттеп, зерделеп, ақ-қарасын ажыратып, дәлелдеп,  дәйектеп жазу қажет. Өйткені, айтылған сөз – атылған оқ.  Мейлі ол газет бетіндегі мақала болсын, мейлі ол көгілдір экрандағы сюжет болсын, немесе радиодағы хабар, я болмаса, сайттағы жарияланым болсын әрбір сөзі үшін автор жауап береді. Сондықтан да журналистің жұмысындағы жауапкершілік шаш етектен.

Иә, журналистің қызметі ешқашан бір айтқанын айтпайтындығымен, тікелей басы-қасында болатын оқиғалардың қайталанбайтындығымен қызық және әрдайым әлі не болатыны белгісіз құпия құбылыстарымен ғажап, әрі тылсым. Сол үшін де мен журналистика мамандығын жан-тәніммен жақсы көремін. Болашақта өз көрген-білгендерімді, көкейге түйгендерімді бөлісіп, халықтың жүрегінен жол табар журналистің бірі болғым келеді.

                                                    Жамбулова   Айым

                                                    Алматы қаласы

                                                       №40 ЖББМ.

                                              11"Ә"сынып оқушысы      Шығармашылық жетекшісі: әл-Фараби             атындағы ҚазҰУ доценті

Әбдіжәділқызы Жидегүл

0
0
516

Түрік асханасындағы өсімдіктер дәмді әрі пайдалы

  1. ТҮРКИЯНЫҢ БАҚЫТ ЖАҒАЛАУЫ ҚОНАҚТАРДЫ ТЫНЫШ ПЕЙЗАЖЫ МЕН АТМОСФЕРАСЫМЕН, ДӘМДІ ЗӘЙТҮН МАЙЫМЕН, ШАРАП ЖАСАУ ӨНЕРІНІҢ БАЙ МҰРАСЫМЕН ЖӘНЕ КӨКӨНІСТЕР ҚОСЫЛҒАН АСПАЗДЫҚ МӘДЕНИЕТІМЕН ҚАРСЫ АЛАДЫ. БҰЛ АСХАНАНЫҢ ЕҢ ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАРЫ ТҮРКИЯНЫҢ ҚҰНАРЛЫ ЖЕРЛЕРІНЕН АЛЫНҒАН ШӨПТЕРДЕН ЖАСАЛҒАН ЕРЕКШЕ РЕЦЕПТ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАДЫ. БҰЛ КЕРЕМЕТ ӨСІМДІКТЕР ДӘРУМЕНДЕР МЕН МИНЕРАЛДАРДЫҢ ЖОҒАРЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕМДЕУДІҢ БІРЕГЕЙ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ НАЗАР АУДАРАДЫ. ОСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕМДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ӨСІМДІК ФЕСТИВАЛІН ОСЫ АЙМАҚТА ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ.

Дәрілік шөптер: табиғаттан дастарханға дейін
Жасыл қымыздық, «Cibes» шөбі, берекелі ошаған, самфир, аскөк, асқабақ гүлі, одуванчика, қалақай және малла… Бұл шөптер, олардың көпшілігі ерекше атауларымен белгілі, Эгей жағалауындағы ең танымал шөптердің бірі.

Жасыл қымыздық (Kuzu Kulağı) түрік тілінде «қозы құлағы» деп аталды, себебі ол қозы құлағы сияқты. Қышқыл дәміне байланысты бұл емдік шөп әдетте салаттарда, сорпаларда және нан пісіруде қолданылады. Оны зәйтүн майында да пісіруге болады. А және С дәрумендері, сондай-ақ кальций, калий, магний және фосфорға бай өткір шөп – жасыл қымыздық денені нығайта отырып, көптеген ауруларды емдейді.

«Cibes» (Cibes otu) шөбі – қырыққабат пен гүлді қырыққабатты кесіп, жинағаннан кейін топырақта қалған тамырдан өсетін аймақтағы ең танымал шөптердің бірі. Көбінесе зәйтүн майы мен лимонмен пісірілген және қызмет ететін теңіз шөптері кез-келген балық үстелінде міндетті болып табылады. С дәруменінің жақсы көзі болып табылатын теңіз шөптері ас қорыту жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.


Берекелі ошаған (Шевкет-и Бостан) дәрумендер мен минералдарға бай, еті ақ түсті, жапырақтары мен тікенектері бар. Зәйтүн майына қуыруға болатын бұл шөп дәстүрлі түрде қой етімен және арнайы дәмдеуіштермен бірге беріледі. Шөптің атауы арабтың «тікен» дегенді білдіретін «шевкет» сөзінен шыққан деген болжам бар. Шөптің атауы түрік тілінен аударғанда – «бақша тікенегі».

Эгей теңізінде көп өсетін самфир (Deniz Börülcesi) ауызға тұзды және қышқыл дәм қалдырады. Теңіз суында өскендіктен атауын алған самфир Эгей дастархандарында салат ретінде беріледі. Шөпті ыстық суға қайнатқаннан кейін бірден салқын суға салып қойса, жақсы піседі және балғын болып қалады. Самфирге әдетте зәйтүн майы, сарымсақ және лимон қосылады.
Аскөк (Arapsaçı) қатты анис хош иісіне ие және оның бұталы және раста тәрізді көрінісіне байланысты түрік тілінде «шатасу» деген мағына береді.Римдіктер кеңінен пайдаланған аскөк дәмдеуіштер мен қой етінен жасалған тағамдардағы маңызды ингредиент болып табылады. Аскөк әдетте лимон мен зәйтүн майы қосылған салат ретінде жейді, бірақ оны жұмыртқамен де пісіруге болады. Жөтелді басу қабілетімен танымал аскөк жапырақтарын кептіріп, шайға қайнатуға болады.
Асқабақ гүлдерінің долмасы (Kabak Çiçeği Dolması) – түркі асханасына тән тағамдардың бірі. Тағамға атын берген асқабақ гүлдері таңертең ерте, толық ашылып, күнге күйіп кетпей жиналады. Оларды пісірердің алдында тазартып, үстелдерге қояды. Асқабақтың қызғылт сары-сары гүлдері А, С және В дәрумендеріне бай.

Шаян мен балықтан жасалған тағамға таптырмас дәм – бақбақтың орны бөлек. Бақбақ құрамында А және С дәрумендерінің, темірдің, кальцийдің және калийдің көп мөлшері бар және оны емшілер ежелден ішірткі ретінде қолданған. Бақбақ дәстүрлі түрде жапырақтарды қайнатып, лимон мен зәйтүн майымен бірге дайындайды. Оны қайнатып, йогуртпен араластырып беруге не жапырақтарын кептіріп, шөп шайын жасауға болады.

Қалақай (Isırgan Otu) Эгей теңізінде ең көп тұтынылатын шөптердің бірі және көптеген емдік қасиеттері бар. Бұл шөп түрік тілінде «қалақай» деген атпен белгілі, өйткені ол терінің тітіркенуін, қышынуын және қолын тигізгенде күйдіреді. Сондай-ақ, римдік сарбаздар денелерін қалақай жапырақтарымен ысқылап, суықтан аз зардап шеккені белгілі. Қалақай көбіне кондитерлік өнімдер мен сорпаларда тұтынғанды ​​жөн көреді.
Маллоу (Ebegümeci) – Эгей аймағында табиғи түрде өсетін әдеттегі көктемгі шөп. Ежелгі Грекия мен Рим дәуірінен бері тұтынылатын бұл пайдалы өсімдік қуырылған күйде жейді. С дәрумені мен антиоксиданттарға бай маллоу суық тиюді емдеу үшін шай ретінде де қолданылады.

0
0
511