Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 536 жазбалар52 тіркелуші

Всяко-разно

ToylaFest-тің қызықтары

Жақында Алматыда Toyla Music Festival өтті. Күн жаңбырлы болып тұрғанымен қарамастан қала тұрғындары мен қонақтары мұнда заманауи музыка тыңдап, шығыс базарын аралап, тағамдардан дәм татқан болатын. 

Фестивальдің басты демеушісі Jusan банкі шараға ерекше серпін берген ойын ұйымдастырды. Әсіресе, балалар үшін қызықты ойындар ұйымдасырылғаны мені қуантты.

Мен фестивальге қызым Айлинамен бардым. Балама карта ашып беруді ойымда жүрген еді. Қазір өзіміз де  күнделікті ақшаны қолма-қолдан гөрі картаны пайдаланамыз ғой.  Бала қолма-қол берілген  аұқшаны жоғалтып алуы немесе дұрыс қолданбауы мүмкін. Ал, карта болған кезде қызымның ақшаны қайда жұмсағанын бақылап отырамын, бұл өте ыңғайлы. Мен үшін ғана емес баланың өзіне де қаржылық сауаттылығын арттыруға көмекші құрал дер едім.  Фесивальдің арқасында өзіме де, қызыма да карта ашып алғаныма қатты қуандым. ЖАсы 8-де ғана болса да алғашқы банктік картасын қалай ашқаны қызымның да есінде мәңгілік сақталып қалады.

Осы жерде ойын ойнап, тапсырмалар орындағанымыздың өзі қызық болды. Барлық тапсырмадан ынта-жігермен өтіп, соңына келіп, өз сыйлығымызды алдық. Мынадай салқын ауа-райында қызым өзі суретін таңдап, Jusan картасы мен футболкасын жасатып алды. Ал мен термос ұтып алдым, енді жылы шәй ішетін болдық. 

Жусан банкінің картасын ашу арқылы қонақтар тек сыйлықтар ұтып қана қоймай, балмұздақ пен тәтті ватаны бар болғаны 1 теңгеге алу мүмкіндігіне ие болды. Сондықтан, Jusan алаңындағы қонақтар саны да әлдеқайда көп болды. Олар тәтті тағамдарды алып, арнайы шатырларға жайғасты.

Nivea бренді шара қонақтарына сыйлықтар таратумен қатар, әдемі макияж жасап шараның көркін қыздарды. 


Toyla Music Festival отандық өнімдердің ірі жәрмеңкесіне ұласып, музыкалық кешпен аяқталды. Шараға заманауи қазақстандық әншілер Dequine, Rusha, Kilemger, Ayau, Lili-мен қатар, британдық Hurts тобы да қатысты. Олар өздерінің хит туындыларын орындады. Фестивальдің көңілді өтуіне Алматыдағы толассыз жауын мен дауыл да кедергі бола алмады.

Ескерер бір жайт, Jusan Family картасын үйде отырып-ақ, қосымшаның көмегімен ашуға болады. Бір мезетте ата-аналар балалары үшін 3 карта аша алады екен. Балалар картасы қауіпсіз және  толығымен ата-ана бақылауында болады.

0
0
472

Шамал менің көзіммен

SHAMAL фестивалінің жарнамасын көргенде бірден бару керек еп шештім. Сонымен,  Шарыннан бір-ақ шықтық. Кегеннің тас жолынан бұрылып, ұлпа топыраққа белшеден борп еткенде таңғалғанымыз рас. Таудың баурайында жап-жасыл жайлау тұрғанда тақыр жерде нелері бар екен деген ой келгені рас. Ары қарай жүргенде байқағанымыз, “Айлы шатқалдың” ортасындағы жазықты жағалай түрлі-түсті мыңдаған шатыр мен киіз үйлерді жыпырлатып тігіп тастапты. 

Жақындай бере байқағанымыз,  дала қарақұрым адамнан көз сүрінеді. Біреулер биік жартастың басына шығып алыпты. Бір төбеде Қазақстанның туы желбіреп тұрғаны қуантты. Шатырларда біреулер медитация жасап жатыр, біреулер бизнес-ойын ойнап отыр, қолөнер шеберлері тұскиіз, шапан, сувенир, картина сатып отыр, үлкен шатырдың астында кәсіпкерлер тренинг өткізіп жатыр. Біз де бір төбеге шығып, айналаға биіктен көз салдық. Керемет көрініс. Нағыз көшпелілер ауылы дерсің.  Көгорай шалғыннан тақыр жерге көшудің өз сыры бар екен, сөйтсек.

“Кәсіпкерлік, бизнес деген үнемі тәуекелге бел буу, сынаққа даяр болу, қиындықтан қаймықпай алға ұмтылу. Сондықтан фестиваль осындай тосын форматта өтіп жатыр” деп түсіндірді танымал бизнесмен Еркін Тәтішев.

Екі жыл Ыстықкөлде өткен Шамал биыл және келесі жылы Қазақстанда, сосын Өзбекстанда өтеді екен. Туыс әрі көрші халықтардың мәдени-іскерлік коллаборациясы 

Бес күн бойы 20-ға жуық спикер сөзі жоспарланған. Ақыры біз күткен Хакамада ханым келіп жетті. Әлемдегі ең танымал әрі ақылды әйелдің бірі сөйлегенде бес мың адам тым-тырыс боп қалды. Бір сөзін қалт жібермеуге тырысып, құлағын тіккен ел. Хакамаданың харизмасы ғажап :) Эмоциялық интеллект туралы жақсы жеткізді. Жапондарды мысалға келтіруінен біздің қоғамды жақсы білетіні байқалды. Бір сағат дәрісі бір кітап оқығандай әсер етті. (Жапондар туралы айтқанын сосын жазам)  деп интрига жасап қояйық.

Айтпақшы, сенбі күні түстен кейін алай-түлей жел соғып, борпылдаған топырақты ұшырғанда айнала көрінбей қалды. Әйтсе де сәлден кейін жел басылып, аспан ашылды  Ирина Хакамада келгенде даланың ерекше әдемі болып кеткенін көрсеңізер ғой. 

“Бізге уақыт беріңдер. Қазақстанның әлемге танымал брендтері болады” дейді бизнестегі номадтар.

‘Шамал - "қырғызша, самал жел" екенін бірі білсе бәлкім, бірі білмес. Қысқасы, алдағы уақытта тағы да болса, міндетті түрде барыңыздар.

#SHAMAL

#Шамал

#SHAMALlife

0
0
463

Экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған бірнеше стартап жобаның таныстырылымы туралы

Экологиялық ахуалды жақсарту қашан да актуалды. Біздің еліміз ғана емес бұл ғаламдық мәсвеле болғандықтан адамзат баласын толғандырары анық. Соңғы кездері елімізде экологиялық мәселелердің шешімін табуға қатысты жақсы жобалар жүзеге асып келеді. Осы ретте, EFES компаниясы және MOST Start Path Entrepreneurship Program өздерінің инкубациялық бағдарламасы үшін greentech&climate стартаптарын таңдап, олардың идеяларын жұмыс істейтін өнімге айналдыруға көмектескен болатын.  2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 14 маусымы аралығында 10 ай ішінде стартаптарға арналған тәлімгерлік бағдарламалардан өткен 133 өтінімнің ішінен 20 жоба таңдалды. Финалға 8 команда шықты дейді ұйымдастырушылар. 

Жақында Алматыда  экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған бірнеше стартап жобаның таныстырылымы өтті. Таныстырылым барысында кейбір жобалар сәтті және керек деп танылып, ұтысқа ие болды.

Efes Kazakhstan Маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Еркан Алп:

«Бұл инкубациялық бағдарлама Қазақстандағы стартап экожүйесінің жасыл технологиялар саласындағы әсерін арттыруға көмектеседі. Efes компаниясы бұл бастамадан Қазақстанның үлкен болашағын көреді. Біз мемлекет пен бизнеске пайда әкеліп қана қоймай, аймақтың экологиясын сақтауға нақты үлес қоса алатын айналмалы экономикаға сүйенеміз. Жобаны жалғастыру және greentech&climate стартаптар саласындағы қатысушылардың санын кеңейту бойынша алға қойған жоспарларымыз бар».

«Эфес Қазақстан» компаниясы Қазақстан нарығында 25 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Қарағанды, Алматы қалаларында екі зауыты жұмысы істейді. Компанияда 1000-ға жуық қызметкер бар. Компания «Anadolu Efes» сусын компанияларының көпұлтты тобының бөлігі болып, өз кезегінде AB InBev сияқты жаһандық сыра нарығындағы ірі ойыншылармен бірігіп, қуатты жаһандық сыра қайнату концернін жасайды. Anadolu Efes Түркияда, Шығыс Еуропада және ТМД елдерінде сыра мен алкогольсіз сусындарды өндіруге және сатуға маманданған. «Анадолу Эфес» Түркиядағы сыра нарығында көшбасшы болып табылады, сонымен қатар Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде өзінің сыра қайнату зауыттары бар.

Most Ventures басқарушы серіктесі Әлім Хамитов:

«Бұл жәй ғана акселератор емес. Efes компаниясымен бірлескен жоба бір жылға жуық уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде біз әр түрлі іс-шаралар өткіздік. Жас жігіттер мен қыздар идеялармен келіп, дайын MVP-лерді иеленіп кетті. Мен оны Impact акселераторы деп атаймын, өйткені барлық қатысушы стартаптар greentech&climate саладан болды. Бұл саланың өзі өте күрделі, әсіресе экомәдениет әлі қалыптасып келе жатқан біздің нарықта енді дамып келеді. Алғашқы стартаптар тобына сәттілік тілейміз. Олар жасыл технология бизнесін монетизациялау жолындағы алғашқы қадамды жасап үлгерді»

 #EFESкомпаниясы 

#MOSTStartPath

0
0
578

Жемқорлықты жеңуге болады

Жемқорлық пен сыбайластық ата-аналар арқылы балабақшадан басталып, мектепте жанданып,  жас маманның жұмысқа орналасуында өркен жаяды. Оны жеңу үшін алдымен балабақшадан бастап тәртіпке үйрету керек ата-ананы. Әйтпесе балабақшадан қоштасу кезінде тәрбиешіге, меңгерушіге, балабақшаға, мектеп бітіру кезінде сынып жетекшіге, директорға, мектепке сыйлық жасаймыз деп алаөкпе болатындар жойылмайды.

0
0
494

«Жазушымен сұқбат»: бенефис

Поэзия – сөз өнерінің алтын тәжі. Поэзия - көңіл-күйдің жемісі. Поэзия адамның алай-түлей болған ішкі дүиесін бір сәтте жарқыраған күнге айдыруға қабілетті. Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің 1 курс студенттеріне жергілікті ақын Светлана Витальевна Маншинаның өлеңдерін тыңдап, көңіл-күйді көтеруге мүмкіндік туды. Ол өзінің шығармашылығы туралы айтты. Сондай-ақ, олар өлең оқыды. Өлеңдердің тақырыбы сезімтал әйел жанына арналған. Кездесу жылы достық жағдайда өтті, студенттер көптеген жағымды эмоциялар алды.

https://www.instagram.com/y.altynsarin.obzhk.qst/

0
0
443

Мәдениет – ұлттың мәйегі. Өнер – халықтың қазынасы, ұлттың құндылығы

Міне осы орайда Аудандық мәдениет үйінде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «МӘДЕНИЕТ - РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Аталған шараға аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы және мәдениет және өнер қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Артур Шергалиев облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Алғыс хатымен, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы төрағасының Алғыс хатымен Талгат Даргужиев бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
«AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының төрайымы Аккумис Мурадимова “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын өнер саласындағы әріптестерін мерекемен құттықтап, салтанатты түрде табыс етті.
Шара соңы аудан көркемөнерпаздарына арналған мерекелік концертке ұласты.

#AMANAT


0
0
493

«Жер аманаты» комиссиясы жұмысы тоқтамайды

Аудандық филиалы жанындағы  «Жер аманаты» комиссиясы  жергілікті жауапты мекемелермен бірлесе отырып, өткен 2022 жылы жер учаскелерін мақсатсыз пайдаланған 27 шаруа қожалығынан барлығы 17110 гектар жер учаскесін (жайылымдық – 12117 гектар, шабындық – 1800.0 гектар, егістік– 3155.0) анықтап,  мемлекет меншігіне қайтарып отыр. Сонымен қатар 8 жер пайдаланушыға қатысты 5125 га ауылшаруашылығы жерлерін пайлаланудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізу үшін облыстық  жер ресурстарын басқару департаментіне жолдап отыр.

Ал, 2023 жылға 7 мың гектар жайылымдық жерлер қайтарылуы болжанса, соның өткен бірінші тоқсанда - 300 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.. Яғни жоспарланған меженің әзірге тек 4%-ы. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Жалпы партия филиалы жанындағы комиссияның басты мақсаты пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару процесін қоғамға ашық ету немесе ел игілігі үшін тиімді де мақсатты пайдалануды  жүзеге асыру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.

«Жер аманаты» комиссиясының жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.

#AMANAT

0
0
399

Бір жылда үш машина алдым

"Жас кәсіпкер" жобасының кезекті қонағы алматылық кәсіпкер - Нәби Елдос Өмірсерікұлы. Тендер кәсібімен айналысатын кейіпкеріміз сұхбат барысында кәсіп ашу, оны дамыту қаншалықты қиын екендігімен бөлісті. Ол табысты бизнес көзінің кілті  жұмысқа деген адалдық пен тұтынушыға деген сенім деп біледі.

-Елдос алғашқы сұрақты өмірбаяныңыздан бастасақ. 

Есімім Елдос Өмірсерікұлы. Жасым 22-де. 2001 жылдың 16 наурыз айында Шымкент қаласында дүниеге келдім. Балалық шағым 17 жасыма дейін Шымқалада өтті. 17 жасымда Алматы қаласы КазНАУға оқуға түстім. Соңғы 5 жыл ішінде Алматы қаласында тұрып жатырмын. 2022 жылы үйлендім.

-Бала Елдостың арманы қандай еді? Мамандығыңыз қандай? 

Бала Елдостың арманы кәсіпкер болу. Себебі, кішкентай кезімнен кинолардың өзінен-ақ кәсіпкер емін-еркін өмір сүре алатынын көріп өстім. Кәсіпкер сөзін еркін деп білемін. Білемін кез-келген адам кәсіпкер бола алмайды. Себебі, кәсіп тәуекелділікті жақсы көреді. Ал, көп адам тәуекелге барғысы келмейді. Менің кәсіпкер болуға себеп болған ұстанымым:  "Не тәуекел етесің, не  болмаса тәуекел еткен адамға жұмыс істейсің!" Мамандығым - агроном. Бірақ, бұл мамандыққа армандап келдім деп айта алмаймын. Ең басты ойым Алматы қаласына оқуға түсу, психологтардың тілімен айтқанда  зона комфортадан шығу болды. 

-Кәсіпкерлікке келуіңізге не себеп болды? 

 Мені бала күнгі арманым кәсіпкерлікке алып келді. Мамандықпен істеп белгілі бір мөлшерге жетуге болады. Бірақ, қаржылай еркін болып кетпейсің. Ертең ата-анама, бала-шағаға емін-еркін, кез-келген қалаған затын алып бере алатындай болу үшін кәсіпкер боламын деп шештім. Менде үлкен мотивация болды. Көбісі  мотивацияны көшеден іздеп жүреді ғой. Мен мотивацияны өзімнен тапқан адаммын. Маған біреудің берген мотивациясынан гөрі өзімнің алға қойған мақсаттарым құнды. Мақсатың биік болса ешқандай кедергіні көрмейсің дейді ғой. Дәл солай мақсат биік болғандық болар қиындықтар маған тосқауыл болған жоқ. 

 Кәсібіңіз жайлы тарқатып айта аласыз ба? Мемлекетке сіздерден пайда ма әлде , сіздер бюджеттің ақшасынан алғанды табыс деп есептейсіз бе?

Қазіргі кезде тендер саласы ең сенімді сала деп есептеймін . Себебі, басқа маркетплейстер сияқты ақшаңыз қайтпай қалу деген жоқ. Барлығы заң жүзінде келісімшарттар негізінде  жүзеге асады. Біз бюджетті экономдауға үлес қосамыз. Мысалы, бір затты алу үшін мемлекет 10 млн тг бөлді деп алайық. Оған поставщиктер қатысып бағасын 4 млнға ұтып алады. Сонда мемлекетке біз қайта 6 млн тг үнемдеп жатырмыз.

-Сіздің өмірлік қағидаңыз қандай?  Қандай ұстанымдарды өзіңізге серік етесіз?

Менің өмірлік қағидам - үнемі алда болу, даму. Себебі, кішкентай кезден жарыстарда тек 1 орын алып үйреніп, кез келген ортада бірінші болып жүретінмін. Идея келсе бірінші болып Сен істейсің болмаса біреу істейді! Мен көп тәуекел ететінмін. Алла Тағала тәуекел еткен құлдарын жақсы көреді дейді ғой. Аллаға аманат етіп, тәуекел қылып, сол ісімді қолымнан келгенше орындайтынмын. 

- Бала кезіңізде ата-анаңыздан естіген қандай сөздер жігерлендірді немесе жігеріңізді құм етті? 

Бала кезімнен ата-анам  маған көп үміт артып , сенім білдірді. Әрқашан қолдау көрсетіп, ақылдарын айтып отырды. Әлі күнге дейін кез-келген іс бастарда ата-анамның батасын алмай бастамаймын. Себебі, ата анамның қолдауы мен үшін қатты маңызды. 

- Аталмыш салада қандай жетістіктермен мақтана аласыз? 

 Тендер арқылы арман мақсаттарымды жүзеге асырып келе жатырмын. 1 жылда 3 машина алдым. 2022 жылы 250 млн оборот жасадым. 2022 жылы отау құрдым. Кез келген жақыныма қиналмай қымбат сыйлық ала алатын болдым. Осындай мүмкіндік берген Аллаға сансыз ШҮКІР.

- Сіздей маманның болуы бізге және елге қандай игілік әкелуі мүмкін? 

 Бұл сала арқылы қазір жұмыссыз жүрген жастар өздерінің бизнестерин 0-ден бастай алады. Мысалы, кез-келген бизнес бастау үшін қаржы талап етеді. Ең бастысы риск жоғары. Ал, біз тендерде қалай қай кезде тәуекелге бару керек екенін үйретеміз. Мемлекетпен сауда жасап үйренеді. Қарапайым Қытайдан уақытылы товор алу деген сияқты. Негізі, біздің Қазақстан басқа мемлекеттерге қарағанда жеке кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік беріп қойған. Мысалы, қарапайым  салықтың  өзі 3% ғана. Көп адамдар ИП ашудан қорқады. Бірақ, қарап отырсаңыз оның  беріп тұрған мүмкіндігі өте көп. Мысалы, ИП арқылы декретке 1.8 млнмен шығуға болады. ИПмен 5 млн мемлекеттік қайтарымсыз гранттарға қатыса алады. Мен сол мемлекет беріп отырған мүмкіндікті халыққа көрсеткім келеді.

- Негізі көздегеніңіз не? Қандай бағытта жұмыс жасағыңыз келеді? Болашақтағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз…

 Негізгі көздегенім - өзіме мықты тендермен айналысатын кәсіпкерлер жинап бір команда қалыптастыру. Болашақтағы жоспарым 2023 жылы 1000 табысты миллионер шығару 😊 Қазір осы бағыт бойынша нақты қадамдар жасаудамын. 

-  Жұмысыңызға қатысты есіңізде қалған қызықты оқиғаңызбен бөліссеңіз. 

Небір қызықты кездер өтті ғой :)   Соның бірін айтар болсам. 2018 жылы оқуға түскен кезде көп жұмыстар оқумен қатар істеп көріп жүрдім. Бір кезде екі  жұмыс қатар жасайтынмын. Бір күні курьер болсам, бір күн аспаз болып жұмыс істеген кездерім де болды. Бірде жұрттың бәрі жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр, ал мен болсам дәл 31 желтоқсан күні барлығы мерекелік күшті көңіл күймен жүрсе түнгі 1-де мен әлі пицца тасып жүрмін. Осы оқиға өзіме қатты  әсер етті. Үйге барып ойландым. Мен осылай жүрсем қашан көтерілемін деп. Сол күннен  кейін ол жұмысқа шыққан жоқпын. Өзімнің жинаған ақшама тағы ақша қосып барахолкадағы Алатау базарынан музыкалық  аспаптар сататын дүкен  аштым. Алғашқы бизнесім болғандықтан,  басында қызық болды. Кейін менде тұрақты тұтынушылар пайда бола бастады. Байқасам,  келушілер менен тауарды тендерге деп алатын. Сонымен сол кездерде карантин басталып, базарларды екі  аптаға жауып тастағандықтан,  ол кәсіпті жабуыма тура келді.  Не істесем болады деп көп  ойландым. Менен алып тауарды тендерге өткізсе яғни пайда көріп жатыр ғой деген ой келді. Сонымен базардағы точкамды жауып, тендер саласымен айналысамын деген шешімге келдім.

- Сұқбатыңызға көп рахмет! Жас болсаңыз да білгеніңізбен бөліскеніңізге ризамыз. Оқырмандарға тілегіңіз болса. 

 Не нәрсе бастасаңыз да, қорықпаңыз. Қолыңыздан келетіннің бәрін жасап көріңіз. Бәлкім қателесерсіз. Құларсыз. Ең бастысы, қайта тұрып ары қарай жүріп кетуге  талпыныңыз дегім келеді. еліміздің әрбір тұрғыны бай да, бақуатты бола берсін!

- Рахмет!

Сұқбаттасқан: НАЗИРА  БУРХАНОВА

Инстаграм: @burhanova.nazyra

#НәбиЕлдосӨмірсерікұлы

#НәбиЕлдос

#ЕлдосКӘСІПКЕР

#КӘСІПКЕР

#ТЕНДЕРАЛМАТЫ

#Алматытендермаманы

#жаскәсіпкер

0
0
1702

Жеңісті жақындатқандар

Жеңіс күні киелі мейрамдар сапында. Әрбір отбасына қайғы-қасірет әкелген Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің оңайшылықпен келмегені аян. Толарсақтан саз кешіп, ұрпақ келешегі үшін жан алысып, жан беріскен шайқаста қаншама есіл ерлердің рухы жат топырақта жай тапты. Дегенмен өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміздің арасынан кейінгі буынға үлгі-өнеге болып бүгінгі күнге аман жеткендер бар. Сондай ардагерлердің бірі – Ақсу ауданындағы Қапал ауылының тұрғыны, 101 жастағы Гаврил Моисеев.

Гаврил Степанович 1941 жылы соғыс басталғанда Тамбов қаласындағы жаяу әскерлер оқу орнында әскери салаға машықтанып, білім алып жүрген болатын. 19 жастағы жасөспірім Батыс Ресей майданында қиян-кескі шайқастарға қатысып, Отан алдындағы борышын жанқиярлықпен өтеді. 1943 жылы қиян-кескі шайқаста көзінен жарақат алған майдангер Алматы госпиталінде емделіп, еңбек майданына атсалысты.

1945 жылы отбасын құрып, соғыстан кейінгі уақыттағы бейбіт өмірдің кірпішін қалауға өз үлесін қосты. Әуелгі уақытта мектепте, кейіннен «Пламя революций» ұжымшарда еңбек етіп, демалысқа да шықты. Бүгінде ғасыр жастан асқан ардагер қажырлы еңбектің өтеуіндей ауданның «Құрметті азаматы» атанып, ұрпақтарының ортасында шат-шадыман ғұмыр кешуде.

Жеңіс күнін жақындатуға өзіндік үлестерін қосқан, жылдан-жылға қатарлары сиреп бара жатқан ардагерлерімізді ардақтау, аға буынның ерлігін ұлық тұту – басты парызымыз.

Атамызға тек жақсылық тілей отыра, денсаулығы мықты болып, бала шағаның ортасында аман есен болсын деп тілек білдеремін.

#Qaharman

#Жеңісесімдері

0
0
366

Гаврил Степановичті Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміздің арасынан кейінгі буынға үлгі-өнеге болып бүгінгі күнге аман жеткендер бар. Сондай ардагерлердің бірі – Ақсу ауданындағы Қапал ауылының тұрғыны, 101 жастағы Моисеев Гаврил Степанович.                                             “AMANAT” Қапал бастауыш партиясының төрайымы, Қапал кәсіптік -техникалық колледжінің директоры Жунисова Рысалды Шаймуратовна мен Ақсу аудандық маслихатының депутаты Баянова Сандуғаш Есенкелдіқызы Ұлы Отан соғысының  ардагері 

Жеңіс күнін жақындатуға өзіндік үлестерін қосқан, жылдан-жылға қатарлары сиреп бара жатқан ардагерлерімізді ардақтау, аға буынның ерлігін ұлық тұту – басты парызымыз.

Атамызға тек жақсылық тілей отыра, денсаулығы мықты болып, бала шағаның ортасында аман есен болсын деп тілек білдереміз.

#Qaharman

0
0
360