Алматы облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру сайлау конференциясы өтті
Өткен жылдар сараланып, алдағы міндеттер айқындалдыБүгін, Салтанат сарайында облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру сайлау конференциясы өтіп, онлайн-офлайн форматындағы шарада Жетісу өңірінің барлық-аудан қалаларынан сайланған 268 делегаттар қатысты.Жиын барысында облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов облыстық Саяси Кеңестің 2 жылда атқарған жұмыстары жайында есебін беріп, негізгі нәтижелермен алдағы міндеттер жайында тоқталып өтті. Атап айтсақ, өңір басшысы өз сөзінде «Қоғамдық қабылдаулар – ол халықпен кері байланыстың негізгі құралы. 2019-2020 жылдары партияның қоғамдық қабылдауларында 26 892 өтініш тіркеліп, 14 314 (53,2%) өтініш оң шешімін тапты», - деп атап өтті.Сонымен қатар, Амандық Баталов нұротандықтарға алдағы мақсаттарды атап өтті. Олар, өңірде…



