Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында...

«Jas Otan» ЖҚ «Nur Otan» партиясының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңеспен» бірлесіп, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясын өткізді. 📌Акция негізгі мақсаты - балалар ойнайтын алаңның қауіпсіздігі. Жалпы айтқанда ашық люктердің болмауын, аулаларды жарықтандыру, қозғалыс қауіпсіздігі бойыша рейд жүргізуді қарастырады. 📌Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер тиісті мекемелерге жіберілетін болады.

0
0
139

Әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.

Панфилов ауданы «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.

______________

Алғашқы отырыста кеңес мүшелері таныстырылып, қоғамдық кеңестің құрылу мақсаты мен алдағы уақытқа жұмыс жоспары бекітілді.

_______________

Қоғамдық кеңестің төрағасы болып аудандық мәслихат депутаты, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры Баекеева Раушан Бердібекқызы бекітілді, қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары болып аудандық мәслихат депутаты Иманханов Қуат Маметаевич бекітілді.

0
0
162

"Депутатқа сауал қой"

"Депутатқа сауал қой"

Nur Otan партиясының Панфилов аудандық мәслихат депутаты Кудерова Алтынай Алтаевна 2021 жылдың 20 мамыр күні жоспарға сәйкес әлеуметтік желіде «Депутатқа сауал қой» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Панфилов ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру Жол картасы, «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы жанындағы консультативтік-кеңесші органдары жөнінде ақпарат беріп, аудан тұрғындар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып қанағаттанарлық жауап алды.

0
0
157

ДҮЙСЕНҒАЛИ ЕРАСЫЛ 58кг күміс, КАЙЫРБЕК МИРАС 68 кг қола медальдарын иеленіп қайты.

«Ұлттық мұра» жобасы бойынша 2021 жылдың мамыр айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында

2006-2008 ж.т жасөспірімдер арасында Грек-Рим күресінен

Саматов Аманбек Фазылұлын еске алуға арналған Республикалық турнирде, Панфилов ауданы Жаркент қаласының тумалары

ДҮЙСЕНҒАЛИ ЕРАСЫЛ 58кг күміс, КАЙЫРБЕК МИРАС 68 кг қола медальдарын иеленіп қайты.

0
0
301

«Бақытты отбасы»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында "Үлкенағаш ауылдық округінің аппараты" ММ-ің Жастар ісі жөніндегі маманы және ауыл жастарының қолдауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған "Қайырымды 30 игі іс" 7-отбасыға азық-түлік 2-отбасына 90мың (тоқсан мың теңге) ақшалай берілді.

0
0
132

«Ұлттық мұра»

«Ұлттық мұра» жобасы бойынша 2021 жылдың мамыр айында Ғұмырдария балалар мен жасөспірімдер орталығы ұйымдастыруымен "Гулденген дала" атты XIII Халықаралық өнер байқауына қатысушылар арасынан аспапта ойнаудан, бас жүлде иеленген Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылының Үлкеншыған орта мектебінің оқушылары Ахмади Нұрай, 1орын алған Аубакир Камшат, ұстазы Үлкеншыған ауылдық мәдениет үйі әдіскері Ахметова Жанар Нүсипханқызын ауыл әкімі Оспанбеков Мақсат Оралұлы қабылдап ыстық ықыласын білдіріп марапаттарға табыс етті.

0
0
120

«Ұлттық мұра»

«Ұлттық мұра» жобасы бойынша 2021 жылдың мамыр айында Қазақтан шыққан тұңғыш олимпияда және әлем чемпионы Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған жастар арасында грек-рим күресінен халықаралық турнир де Панфилов ауданы Жаркент қаласының тумасы Жүніс Расул 77 салмақ дәрежесінде 3 ші орын иеленіп қайты.

0
0
158

"Аграрлық сектордың" қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалында "Аграрлық сектордың" қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиында сөз алған "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досмаилов Қанат Нүркешұлы: "Nur Otan" әрдайым халық жанынан табылатын партия. Бізге халық зор сенім артуда. Осыған орай республикамызда әр саланың жұмысын қадағалайтын қоғамдық кеңестер құрылған болатын. Соның бірі осы ""Аграрлық секторды" қадағалайтын қоғамдық кеңес. Аграрлық кеңестің басты міндеті – ауыл шаруашылығы саласындағы сайлауалды уәделердің іске асырылуын бақылау. Жайылымдық жерлердің, ауыл шаруашылығына қажет судың жетіспеушілігі, маман тапшылығы, тұқымдардың қымбаттығы мен тозығы жеткен техника. Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және өзге де шешімін таппаған түйіткілді…

0
0
149

Аудандық мәслихат депутаты Қуаныш Серікұлының қабылдауы

17 - ші мамыр күні "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалына Аудандық мәслихат депутаты Қудайбергенов Қуаныш Серікұлы қабылдау ұйымдастырып,жағдайы төмен отбасыларға көмек беру мәселесін талқылады. «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіріп келген 5 отбасының мәселесі қарастырылды.Үйсіз жүрген үш балалы анамызға ақысыз тұратын пәтер ұсынылып, тағы бір азаматшамыз азық-түлікпен қамтамассыз етілді.Қабылдауға жазылған қалған 3 азаматымызға түсіндірме жұмыста жүргізілді. Нәтижесінде барлық қарастырылған мәселелер оңтайлы шешілді.

Отбасылар өз тарапынан шексіз алғыстарын білдірді.

0
0
131

"Кедергісіз келешек" жобасы аясында мониторинг жұмысы жүргізілді

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері аудандық аурухана, білім мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

#kedergisizkeleshek

#Кедергісізкелешек

#кедергісізкелешекқарасайауданы

0
0
191