"Аграрлық сектордың" қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Бүгін "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалында "Аграрлық сектордың" қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиында сөз алған "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досмаилов Қанат Нүркешұлы: "Nur Otan" әрдайым халық жанынан табылатын партия. Бізге халық зор сенім артуда. Осыған орай республикамызда әр саланың жұмысын қадағалайтын қоғамдық кеңестер құрылған болатын. Соның бірі осы ""Аграрлық секторды" қадағалайтын қоғамдық кеңес. Аграрлық кеңестің басты міндеті – ауыл шаруашылығы саласындағы сайлауалды уәделердің іске асырылуын бақылау. Жайылымдық жерлердің, ауыл шаруашылығына қажет судың жетіспеушілігі, маман тапшылығы, тұқымдардың қымбаттығы мен тозығы жеткен техника. Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және өзге де шешімін таппаған түйіткілді мәселелер «Аграрлық сектор» бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің отырысында талқыланатын болады. Кеңес ережесіне сәйкес отырыстар тоқсанына бір рет ұйымдастырылады. Керек жағдайда кезектен тыс отырыстар ұйымдастыру қарастырылған.
Кеңес құрамдарына ауылшаруашылық саласының өкілдері, мәслихат депутаттары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкілдері еңді. Алдағы уақытта әр тоқсан сайын осы салаға жауапты мекемелерден атқарып жатқан жұмыстары жайында есеп алатын боламыз. Осылайша біз сайлауалды бағдарламада айтылған уәдемізді толықтай атқаруды қолға аламыз",-деп сөзін қорытындылап, қоғамдық кеңес мүшелерін бекітіп, таныстырып өтті.
