Аудандық мәслихат депутаты Қуаныш Серікұлының қабылдауы
17 - ші мамыр күні "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалына Аудандық мәслихат депутаты Қудайбергенов Қуаныш Серікұлы қабылдау ұйымдастырып,жағдайы төмен отбасыларға көмек беру мәселесін талқылады. «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіріп келген 5 отбасының мәселесі қарастырылды.Үйсіз жүрген үш балалы анамызға ақысыз тұратын пәтер ұсынылып, тағы бір азаматшамыз азық-түлікпен қамтамассыз етілді.Қабылдауға жазылған қалған 3 азаматымызға түсіндірме жұмыста жүргізілді. Нәтижесінде барлық қарастырылған мәселелер оңтайлы шешілді.
Отбасылар өз тарапынан шексіз алғыстарын білдірді.
