Саяси Кеңесі Бюросы отырысы өткізілді
Бүгін, "Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросы отырысы өткізілді. Күн тәртібінде "Nur Otan" партиясының Қаратөбе ауданы бойынша «Jas Otan» жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасын» бекіту мәселесі қаралды. Бюро отырысына бюро мүшелері, аудандық жас мәслихат депутаттары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселеге ішінара өзгерістер енгізіліп, бекітілді.
